1. Лекциялар кешені: лекция жоспары, тезистері 1-лекция. Синтаксис және оның зерттеу нысандары


-лекция. Сөз тіркестерінің байланысу түрлері



бет6/20
Дата27.11.2023
өлшемі106,03 Kb.
#128945
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
лекция жай сөйлем

4-лекция. Сөз тіркестерінің байланысу түрлері
1. Қабысу, қабыса байланысу ерекшеліктері
2. Меңгеру, меңгерілетін сөздердің тұлғалары
3. Есім сөздер мен етістіктердің меңгеру ерекшеліктері


Қабысу – сөздердің ешбір жалғаусыз тек іргелес тұрып байланысуы. Қабыса байланысқан сөз тіркесінің грамматикалық байланыс амалы сөздердің іргелес орын тәртібі болып табылады. Қабыса байланысатын есімді сөз тіркестерінің құрамы әр түрлі: оның бағыныңқы сыңары зат есім, сын есім, сан есім, сілтеу есімдігі, үстеу болады да, басыңқы сыңары зат есім, субстантивтенген сын есім, сан есімдер болады.
Қабыса байланысатын сөз тіркестерінің жиі қолданылатын бір түрі – зат есімнен құралатын тіркестер. Екі зат есім атау күйінде қабыса байланысып, сөз тіркесін құрау үшін алдыңғысы соңғысына бағынып тұрады. Мысалы: күміс қасық, ағаш күрек, жібек орамал.
Зат есімдерден құралған сөз тіркестері мынадай мағыналық қатынаста жұмсалады:
1) Заттың неден, қандай заттан жасалғанын білдіреді: темір пеш, қасқыр ішік,алтын сағат;
2) Салыстыру, теңеу мағынасында жұмсалады: қамыс құлақ, пісте мұрын;
3) Бір затты басқа затқа арнау мағынасында қолданылады: ат қора, кір сабын,мүйіз жіп;
4) Бір зат екінші затты мекеніне қарай анықтайды: тау теке, төс қалта, көл бақа;
5) заттың өлшемдік мағынасын білдіреді: бір қора қой, қап қап астық, бір уыс бидай, екі саба қымыз;
6) кәсіп, дәрежені білдіреді: шәкірт бала, суретші Әбілхан, бас инженер;
7) Адамның жынысын білдіреді: қыз бала, ұл бала, әйел адам;
8) даралау мағынасында жасалады: қайың ағаш, нар түйе т.б.
Сын есімдер мен зат есімдер қатар тұру арқылы өзара қабыса байланысқан есімді сөз тіркесі жасалады. Сын есімді және сан есімді тіркестер анықтауыштық қатынаста жұмсалады. Мысалы, анықтауыштық қатынаста жұмсалатын сын есімдер заттың түсін (ақ қар, боз ат, көк шөп, қызыл гүл), заттың көлемдік сапасын (тар жол, қысқа жіп, кең сарай, терең көл), заттың табиғи күйін (қалың қарағай, салқын жел), адамның, басқа заттың ішкі сырын (жақсы кісі, жаман жолдас, жуас ат, шаьан үйрек, сараң әйел), тамақтың дәмін (тәтті тамақ, қышқыл жидек, дәмді ас), заттың салмақтық мөлшерін (ауыр жүк, жеңіл шабадан) т.б.
Сан есімдердің зат есімдермен тіркесуі арқылы қабыса байланысқан есімді сөз тіркестері жасалады. Сан есімдер барлық зат есіммен бірдей тіркесе алмайды: олар санауға болатын заттардың атын білдіретін сөздермен тіркесе алады да, санауға болмайтын, абстракт ұғымды білдіретін зат есімдермен (тазалық, жастық, мінез, жүдеу және ғылым атаулары) тіркеспейді. Сан есім қатысқан сөз тіркесінің сыңарлары бір бірлерінің тұлғалануына әсер етпейді. Сан есімдер заттың көптігін білдіргенмен, басыңқы қызметтегі зат есімдер көптік жалғауда айтылмайды, мысалы: он ешкі, қырық саулық, мың қой, оныншы мектеп, алтыншы сынып, үш жүздей жылқы, төрт жүзге жуық қазақ баласы, үш түрлі өсиет, сегіз жүз пұттай қара мыс.
Есімшелі тіркестер де анықтауыштық қатынаста айтылады. Мысалы: айтатын арыз, от жағылған пеш, айтар сөз, қолдан келер жәрдем.
Есімдікті тіркестер де анықтауыштық қатынаста жұмсалады, мұндай сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары болып жиі кездесетіндері сілтеу (осы өзен, бұл сөз, сонау мүйіс), сұрау (қай қала? қанша саулық? неше мектеп?) және жалпылау (барлық жұрт, күллі ел, бүкіл дүние) есімдіктері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет