1. Лекциялар кешені: лекция жоспары, тезистері 1-лекция. Синтаксис және оның зерттеу нысандары



бет4/20
Дата27.11.2023
өлшемі106,03 Kb.
#128945
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
лекция жай сөйлем

Сөздердің байланысу тәсілдері. Сөздер өзара синтаксистік топ құрау үшін әр түрлі грамматикалық тәсілдер арқылы байланысып, синтаксистік қатынасқа түседі. Сөздің синтаксистік байланысы белгілі бір дәнекерлер арқылы және белгілі бір байланысу формасы арқылы жүзеге асады. Қазіргі қазақ тілінде сөздер кейде өзара жалғаулар арқылы, кейде жалғаусыз байланысады. Осы белгісіне қарай сөйлемдегі сөздердің синтаксистік байланыс тәсілі бірнеше түрге бөлінеді: 1) аналитикалық; 2) синтетикалық; 3) аналитикалық-синтетикалық тәсілдер. Сөздердің қосымшалар арқылы байланысуы синтетикалық тәсілге жатады, ал қосымшасыз – орын тәртібі, шылау, интонация арқылы байланыс аналитикалық байланыс деп аталады.
Аналитикалық байланыс қазақ тіліндегі өнімді тіркесу тәсілі болып табылады. Аналитикалық тәсілдің түрлері:
1.Сөздердің орын тәртібі арқылы байланысу тәсілі. Сөздердің белгілі бір тәртіппен орналасуы арқылы, біріншіден, олардың синтаксистік байланысы белгіленеді, екіншіден, сөздердің синтаксистік қатынасы және мүшелік қызметі айқындалады. Қазақ тілінде есімді сөз тіркесінің едәуір бөлігі еш қосымшасыз бір-бірімен қатар тұрып байланысқан сөздер тобынан құралады. Мысалы: з.е.+з.е. (алтын сағат), сын е.+з.е. (ақылды бала), сан е.+з.е. (бес саусақ), есімдік+з.е. (барлық бала) есімше+з.е. (атылған оқ), үстеу+з.е. (бүгін келді), еліктеуіш+ет. (жалт бұрылды) болып келеді.
2. Сөздердің шылаулар арқылы байланысуы. Қазақ тілінде екі сөздің арасын байланыстырып, синтаксистік сөз тіркесін құрау қызметінде септеулік шылаулар қолданылады. Септеуліктер өзі қатысты сөзбен тіркес құрап, сол түйдегімен сөз тіркесінің бағыныңқы қызметінде жұмсалып, күрделі сөз тіркесін жасайды. Мысалы: оқу үшін келдік, апта сайын барамыз, радио арқылы хабарлады.
3. Аналитикалық тәсілдің бірі – интонация. Айтылатын ойдың түсінікті болуында әр сөйлемнің, жеке сөздің, сөз тіркесінің тиісті әуенмен, дауыс ырғағымен айтылуының мәні зор. Мысалы: Бұл – кітап. Ағам – инженер. Сонымен қатар сөйлемдегі кей сөздер өзара синтаксистік бірлігіне қарап тіркескенде, олар айтылу жағынан ритмикалық топ құрап, кей сөздерге ой екпіні түсіп, көтеріңкі дауыспен айтылып, сөйлемдер айтылу мақсатына қарай түрліше әуенделеді, Мысалы: Көрші үйдің ауласынан шыға келді. Бірінші сөзді дауыс ырғағымен //көрші// деп бөліп айтсақ, бастауыш болады, ал дауыс ырғағымен //көрші үйдің// деп бөліп айтсақ, анықтауыш болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет