1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Фрейм, сценарий, гештальт ұғымдарына қысқаша анықтама беріңіз. «Махаббат» концептісінің семантикалық өрісін түзіңіз



бет21/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   86
14. Фрейм, сценарий, гештальт ұғымдарына қысқаша анықтама беріңіз. «Махаббат» концептісінің семантикалық өрісін түзіңіз.
Концептілік құрылымдардың санада бейнеленуі әртүрлі формада көрініс табады. Олар: 1) қарапайым форма (фрейм); 2) күрделі форма (скрипт); 3) сызбалы форма (схема); 4) оқиғалы форма (сценарий); 5) Бейнелі форма (ойсурет);
Адам санасында қалыптасатын бұл формалардың басты қызметі: - концептілік құрылымдардың санада берілуі; - құрылым элементтерді, ақпараттарды өңдеу;
Фрейм – бұл концептілік жүйенің құрылымдық элементтерін танытатын концепт типінің қарапайым формасы. Ол концептінің ең жақын семаларынан құралады ж\е ең жақын ассоциативтік, стереотиптік таңбалар арқылы көрініс табады. Мысалы, ӨМІР концептісінің фреймдік құрылымы М.Мақатаевтың поэтикалық мәтінінде «тіршілік», «күнелту», «өмір кешу», «тағдыр», «жан бағу», «таңның атып, кештің батуы» сияқты танымдық элементтерден құралады. (massaget)
Фрейм көбінесе заттың, құбылыстың лексикалық мағынасы, ол тілдік тұлғаның энциклопедиялық жəне этнолингвистикалық білімі негізінде санада көрініс табады. Демек адамдар санасында сақталған əрбір ақиқат фрейм бола алады. (Гүлдархан СМАҒҰЛОВА: «ҚАЗАҚ ФРАЗЕОЛОГИЯСЫ лингвистикалық парадигмаларда (монография)» 60 бет)
Мысалы, жыраулар тілінде «өмір, дүние» концептісінің керуен арқылы метафоралануы көшпелі өмір салтынан санада қалыптасып қалған стреотип таңба деуге болады.
Адамзат, сен бір бүтін серуенсің,
Кететін әлі-ақ көшіп керуенсің.
Саласың өз жаныңды отқа қақтап,
Оқ құрған өзіңе-өзің перуенсің.
Керуеннің дүниеге балама ретінде алынуына екі обьектіге де ортақ сипат «өткіншілік» ситуациясы негіз болып тұр. Ол «әлі-ақ көшіп кететін» фреймі арқылы образдық құрылымға салынған.


Жалпы, гештальт деген сөздің мағынасының өзі «бейне,құрылым, біртұтас форма» дегенді білдіреді. Оның атқаратын қызметі сан алуан, сан тарапты нәрсені біртұтас күйінде қабылдау. Аталған біртұтас деген нәрседе бөліктер болмайды. Ол- бір жүйе, құрылым. Оны санамен бөлшектеп көрсету мүмкін емес. Ол тосыннан жарқ етіп, ерекше күй арқылы келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет