1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Мәнерлі, бейнелі сөздерге мысал келтіріңіз. (Бағалауыштық лексика)



бет20/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86
Байланысты:
лексикология

13.Мәнерлі, бейнелі сөздерге мысал келтіріңіз. (Бағалауыштық лексика)
Тіліміздегі сөздер табиғатына қарай алуан түрлі болады. Белгілі бір сөздің тобы нені болса да жай атаса, екінші біреулерінің сондай қызметінің үстіне сан алуан стильдік мәні бейнелі мағынасы болады. Осындай сезімге түрлі-түрлі әсер ететін сөздердің тобын бейнелі сөздер немесе эмоционалды-экспрессивті сөздер деп айтады. Бейнелі сөздер экспрессивті сөздер және эмоционалды сөздер болып екі топқа бөлінеді.
Экспрессивті сөздер бір нәрсені жай атап қоймайды, сонымен бірге сезімге айқын әсер етеді. Мысалы: абажадай, абдырау, адыраңдау, шатпақ, шайнама, әңгүдік, итарқа, шошаңдау, маубас, жылпос, ілмию, тыраңдау, малғұн, сұмпайы, т.б.
Эмоционалды сөздер де экспрессивті сөздердің бір түр. Бұлардың арасына шек қойып ажырату кейде қиынға түседі. Эмоционалды сөздер адамның бір нәрсеге қатысын көрсетеді. Эмоция бар жерде экспрессивтік те болады. Эмоционалды сөздер білдіретін өздеріне тән ұғымның үстіне адамның көңіл-күй, көз-қарасын, жақсылы-жаманды қарым-қатынасын білдіреді. Мысалы: масаттанушылық, айыптаушылық, өшпенділік,сенімсіздік, есе көрсетушілік, еркелік, сенімділік, таңырқаушылық, мысқылшыл, сорлы, ғажап, үрейлендірушілік, сенімсіздік, қалжыңбас, есіркеушілік, т.б.


Белгілі бір зат я болмаса сол жөнінде ой-пікір пайымдау бағалауға тән қасиет болып табылады. Тілімізде бағалауыштық мәндегі тілдік құрылымдар жиі кездеседі. Бағалауыштық лексика белгілі бір адамның түр-түсін, мінез-құлқын, жүріс-тұрысын, сырт-келбетін сипаттап көрсетуде жиі қолданысқа түседі.
Қазақ тіл білімінде бағалауыштық лексика терминін ең алғаш тілші ғалымдар А.Алдашева, О.Бүркітов, Б.Момынова, т.б. газет тілінің ерекшелігіне қатысты қолданған.
Тіліміздегі бағалауыштық лексикаға жататын сөздерді үлкен екі топқа бөліп қарастырамыз:
1. Заттың абстрактілі бағасын білдіретін денотат бағалауыш сөздер;
2. Затты атап, оған бағасын беретін коннотат мағыналы бағалуыш сөздер, бұларды эмоционалды-бағалауыштық сөздер деп те айтайды.
Жағымсыз бағалауыштық лексиканың көбісі сын есімдерден жасалады. Зат есімдерден жасалған бағалауыштық сөздер негізінен ауыс мағынада, нақтырақ айтқанда эмоционалды-бағалауыштық мағынада көрініс табады. Кейбір мөлшер, сын-бейне, күшейту үстеулері бағалауыш мағынаны білдіруге бейімдірек келеді. Бұған олардың қимылдың, сынның теңдік немесе кемдік дәрежесін, алуан түрлі сапасын, тәсілін, бейнесін білдіруі, заттың сынын, қимылдың мөлшерін я аса күшейтіп, я аса солғындатып көрсетуі дәлел бола алады. Жағымсыз бағалауыштық мәнге ие болатын қимыл-әрекет атауларының көбісі етістіктен жасалады.
Бағалау мағынасы кейбір сөздердің, атап айтқанда, әдемі, көрікті, сүйкімді, күшті, тамаша, керемет және осыған қарама-қарсы көріксіз, сүйкімсіз, әлжуаз, нашар т.б. сияқты сөздердің негізгі лексикалық мазмұнын құраса, енді бір сөздер семантикалық құрылымның компонентін құрастырушы болып табылады. Оған адамға қарата айтылған ит, хайуан (адамдық қасиеті жоқ адам), қыран (асқақ, алғыр адам), арыстан (мықты, күшті, асыл адам), дүлдүл (текті адам) т.б. тектес сөздерді жатқызамыз.
Бағалауыштық мағына тілдегі бір ғана сөз табымен байланысты болмай, бірнеше сөз табына да қатысты. Бағалауыш мәнді сөздер бір шеті сын есімдерде жатса, енді бір шеті зат есім, етістік, т.б. сөздер бойынан көрініс табады.
Сын есімдерге жататын бағалауыш сөздер. Сын есімдер семантикасында абсолюттік бағаға ие сын есім сөздер қатары баршылық. Мысалы, жағымсыз мағынадағы олақ, озбыр, надан, сотқар, бұзақы, қырсық, меңіреу, мыстан, арам, қорқақ,т.б. сөздермен қатар, жағымды мағынадағы әдемі, көркем, сұлу, адал, көреген, жүйрік, кемеңгер, шешен, абзал, батыр,т.б.
Сан жағынан алғанда, бағалауыш сөздердің келесі бір көп кездесетін тобы – етістіктер. Жинаған материалдардың негізінде бағалауыштық мәнге ие болатын қимыл атауын, көсемше, есімшені көрсете аламыз. Айталық, Ой емесау, жанында бір әлденені алыстан сезіну бар... Есеней сол сезінуді белден белге ысырып тастағысы келеді (Ғ.Мүсірепов). – Сонысы бар... Сонысы бар...- деп Қаражан жағын таянып, амалсыздыққа шырмалып, жүдеп отырып қалды( М.Әуезов). Мәнікенің соңғы кезде үнемі шарпысқаны – Абай (М.Әуезов) деген сөйлемдердегі сезіну, сезінуді, таянып, шырмалып, жүдеп, шарпысқаны деген етістіктер, нақтырақ айтқанда, тұйық, есімше, көсемше етістіктері осы бағалауыштық мағынаға ие болып тұр деуге болады.
Зат есімдерге жататын бағалауыш сөздер. Сын есімді бағалауыш сөздер, етістікті бағалауыш сөздер сөздің денотат мағынасында да, коннотат мағынасында да көрініс тапса, зат есімдер негізінен ауыс мағынада, нақтырақ айтқанда эмоционалды-бағалауыштық мағынада көрініс табады. Бұл топтағы сөздерге: Бес ұлының бесеуі де қасқыр. Шетінен атқа мініп, елге ақыл айтатын азамат болып шықты (Т.Әбдікұлы). – Ағаны түсіну қиын, бір қарасаң бейшара секілді, енді бір қарасаң арыстан секілді, - деді Қазтайдың келіншегі (О.Бөкеев) деген сөйлемдердегі қасқыр, бейшара, арыстан сөздері ауыс мағынада қолданылып, яғни метафораланып адресатқа эмоционалды баға беріп тұр.
Келтірілген мысалдар бағалауыштық мағынаның түрлі сөз табына қатысты екенін көрсетеді. Бұл жағынан бағалауыш ұғымның тілде кең тараған құбылыс екенін көреміз. Ол тілдегі жағымды – жағымсыз мағынаның жалпылық қасиетін тілден кең орын алатын, бір сөз табының аясына сыймайтын, ауқымды құбылыс екенін көрсетеді. Сонымен бірге бағалауыштық мағынаның жасалу тәсілдері мен көрсеткіштері де тілдің түрлі деңгейіне де жататынына да назар аудару өте қажет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет