4.Сөздердің стилистикалық қызметіне қарай Тілшілер әдеби тіліміздің бес тармағы,яғни бес ресми стиль бар деп есептейді.Тілімізде осы стильдерді таңдаамай,талғамай қолдана беретін жалпы халыққа түсінікті елеулі сөздік қор бар.Олардың барлығы ауыспалы мағынада қолданылмайды,тура мағынасында пайдаланылады.Стиль таңдамай номинативті мағынасында ғана жұмсалатындықтан,мұндай сөздерді бейтарап мағыналы сөздер деп атайды. Бейтарап мағыналы сөздер стилистиканың қарауына түскенде әртүрлі өң,реңк алып,үстеме мағынаға ие болады.Кейіннен пайда болған коннотациялық үстеме мағыналарды стилистикалық бояма мағына,эмоциональды-экспрессивті мағына,терминдік мағына,поэтикалық мағына деп айырып ажыратуға болады. 19)Омонимдер және олардың жасалу жолдарын баяндаңыз. Дыбысталуы бірдей,ұғымы басқа-басқа сөздерді омонимдер деп атаймыз.Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің сыртқы формасынан ұқсастық бар.Бірақ олардың бір-бірінен айырмашылығы тұлғасында емес,мағынасында жатыр.Омонимдер біркелкі дыбысталып айтылатын,бірақ ұғымы бсқа-басқа сөздер тобын білдіреді.Бұлардың білдіретін ұғымы бір ғана сөз табына қатысты емес,әр сөз табына қатысты болып дараланып,бөлініп-жарылып тұрады. Мысалы:Ара 1.гүл шырынынан бал жинайтын,қанатты жәндік 2.екі орта,аралық 3.ағаш кесетін,жұқа темірден жасалған құрал. Қазақ тілінде омонимдердің жасалуының әлденеше амал-тәсілдері бар,олардың ішінде негізгі жолдары мыналар: 1.Тілдегі көп мағыналы сөздердің есебінен сөздің семантикалық жақтан дамуы арқылы келіп шыққан омонимдер. Мысалы:Көк 1.көк-көтерген түс 2.көк-аспан-әуе 3.көк-жерге шыққан шөп 2.Сөздердің фонетикалық өзгерістерге ұшырап,дыбыстық құрамы жағынан бірдейлесуі жасалған омонимдер. Қазақ тіліндегі атқа салатын ер сөзінің бастапқы дыбысталуы қалпы егер болған,онан кейінгі тілдің дамубарысында сөз ортасындағы г дыбысының сусып түсіп қалуы салдарынан,егер сөзі ер формасында ауысқан.Осылвйша,сөздік құрамда өмір сүріп келе жатқан еркек,батыл,күйеу ұғымында жұмсалатын ер деген сөзбен бірдей болып айтылып,омоним жасалғандығы белгілі.