1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз



бет22/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86
Байланысты:
лексикология

1. Гештальт тұтас;
2. Оны белгілі бір көзқарас аясында жеке бөліктерге ажыратып тануға болады;
3. Гештальттың жеке бөліктері өзара ішкі байланыс құрайды;
4. Гештальт дегеніміз- тілдік, ойлау, перцептуалды, сезімдік процестерде қолданылатын құрылым.
Мысалы, «айналу» ұғымымен байланысты адам баласының ойлау жүйесінде қалыптасқан гешталь құрылымға талдау жасап қарайық. Айналу- «бір нәрсенің дөңгелене қозғалуы» немесе «бір нәрсенің сыртынан оралып жүріп шығу», «бастаған жеріне қайта келу». Айналу әрекетінің магиялық, тылсымдық әсерін қазақ халқының кейбір наным-сенімдері мен діни жоралғыларынан байқаймыз:
1. Үйді, отырған адамдарды айналып жүруге, жүгіруге болмайды;
2. Әулиенің басындағы тасты, ағашты үш рет айналып тілек тілеу сенімі бар;
3. Бір орында тұрып, шыр көбелек айналуды жаман ырымға балайды;
4. Адамды қаламаған ісіне еріксіз мәжбүр еткен жағдайда «басын айналдырып алды» деген ұғым қолданылады.
5. Қазақта жақсы көріп, жаны елжірегенде айтатын сөз-«айналайын».


«Махаббат» концептісінің негізгі логикалық моделі мынадай: сүю, жақсы көру, жан тәнімен шексіз сүю, махаббаты үшін барлығына да даяр болу.
Махаббат ұғымының сырлы әлемін жүрек пен көкейкөздің (интуицияның) үлесіне қалдырып, оның тылсым бейсаналық табиғатын мойындағанның өзінде, ғалам жаратылысының мәні, хақты тану мүмкіндігі, адам рухани ізденісінің түп мақсатына қатысты ақыл-ой деңгейіндегі толғаныстарды шешуде де махаббат философиялық категория қызметін атқарды. Бұл бойынша махаббат-ғаламның, адамзат жаралуының телеолоиялық себебі, оның рухани жетілуінің, эстетикалық ләззаттануының, этикалық ғибраттануының негізі. Махаббат әрбір адамды бейтарап қалдырмайтын, адам өмірінің мәні мен маңызы, сырлы әлемі. Сондықтан махаббат жайлы әрбір адамның жеке көзқарасы, өзіндік ойпікірі, түсінігі болуы және оның әр алуан болуы заңдылық. Махаббат әрбір адамның әлемдегі, қоғамдағы, отбасындағы өзінің орнын белгілеуге, өзін-өзі, ақиқат мәнді, жаратылыс сырын тануға мүмкіндік беретін маңызды таным-түйсігі. Сол себептен махаббаттың сипаты да түрліше. Мысалы: адам мен Құдай, ер мен әйел, ұстаз бен шәкірт, ата-ана мен бала, туыс араларындағы махаббат. Өз кезегінде адам мен Алла арасындағы махаббат-имандылықтың, ер мен әйел махаббаты отбасының, Отанның беріктігінің, ұстаз бен шәкірт махаббаты-білімнің, ата-ана мен бала, туысқандар арасындағы махаббатт елдіктің т.б. қастерлі құндылықтардың кепілі әрі бастауы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет