1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз



бет30/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86
Байланысты:
лексикология

Астана-табалдырық
Жар-қабырға
Жедел-ерегес,жанжал
Көң-қыстау
Сым-шалбар
Таға-нағашы
5.Синонимдер фразалық тіркестерінің есебінен көбейген.
Атұстар-ұл,еркек,бала
Ауыз бастырық-пара
Қара халық-бұқара,еңбекші
Қара мал-сиыр
Отдүние-махшар
Туған жер-отан
Ұзын құлақ-сыбыс
6.Синонимдер табу мен эвфемизмдердердің есебінен молайған
Әулие-шешек
Жасыл-жай,найзағай
Қолды болу-ұрлану,жоғалу
Аяғы ауыр-жүкті,екі қабат
Жасы ұлғаю-қартаю
Дүние салды-өлді,қайтыс болды
Белгілі бір ұғымды білдіретін мағыналас,мәндес сөздердің тобын синонимдік қатар деп атайды.Тіліміздегі сөздерді белгілі бір ұяға жинақтаудан гөрі олардың әрқайсысына тән өзгешеліктері мен ерекшеліктерін айырып,ажыратып беру әлдеқайда қиын әрі күрделі.Мысалы, сабырлы-байсалды-салмақты-ұстамды сын есімдері адамның мінезіндегі жақсы қасиеттерді көрсететіндіктен бір қатарға шоғырланады.Синонимдерді зерттеуші ғалымдардың пікірінше синонимдер бір-бірінен үш түрлі:1)мағыналық 2)стильдік 3)валенттілік немесе өзге сөздермен қарым-қатынасқа түскенде пайда болатын қолдныстық тіркесімділік белгілері бойынша ажыратылады.
22 Сөздің формасы мен мазмұнына тоқталыңыз. Семаның қандай түрлері бар?
.Кез келген материалдық дүниенің формасы мен мазмұны болады. Дыбысталу-материалдық форманың бір көрінісі. Сөз дыбыстардан тұрады. Олай болса, сөз де өзіндік формаларымен тіл әлемінде өмір сүреді.
Тіліміздегі сөздер түр тұрпаты жағынан біркелкі емес, әртүрлі болып келеді. Сөздердің ішінде ас, ат, із, жап, жақ, айт (20 мысал)сияқты жалаң сөздер де (жалаң сөз деген негізгі түбір сөздер осыған 20 мысал), атақ, астық, ізде, жаппа, айтыс сияқты туынды сөздер де (бұған да 20 мысал), , бүгін, белбеу, алабота, әкел, сексен сияқты екі түбірден біріккен сөздер де, шыбын шіркей, бала шаға, көзбе көз, қалған құтқан сияқты екі түбірден қосарланып жасалған түбір де , темір жол, темір қазық, кемпі қосақ, ақ құба, он алты, ала кет, ала кел, қызмет ет сияқты бірнеше түбірдің тіркесуі арқылы жасалған құрама сөздер де, ҚРҒА (Қазақстан Республикасының Ғылым Академиясы), кәсіподақ (кәсіпшілер одағы), ҚазҰУ, КарЛАГ (Қарағанды еңбекпен түзету лагері),педсовет, студкеңес, облсовет, ҚазССР сияқты бірнеше түбірден қысқарып құралған сөздер де бар.
Сөздің түбірден басқа сөз жалғастыратын, сөз түрлендіретін, сөз тудыратын формалары да болады. Сөз формалары морфологиялық тәсіл арқылы да, синтаксистік тәсіл арқылы да, морфологиялық-синтаксистік аралас тәсіл арқылы да жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет