1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Қалың деген сөздің жуан, толық деген мағынаны білдіруі. Қалың денелі әйелде тұрақты сезім сирек кездеседі



бет32/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   86
Байланысты:
лексикология

1.Қалың деген сөздің жуан, толық деген мағынаны білдіруі. Қалың денелі әйелде тұрақты сезім сирек кездеседі.
2.Қалың деген сөздің көп, мол деген мағынада жұмсалуы. Қалың, елім, қазағым, қайран жұртым.
3. Қалың деген сөздің жиі, тығыз, бітік деген мағынада қолданылуы. Екеуі бір таса жерге, қалың шөптің арасына барып жатты.
Тұрақты метафора ойды естен кетпестей түсінікті етіп тыңдаушыға жеткізу үшін қадет. Ой неғұрлым көркем құрылса, соғұрлым тыңдаушыға түсінікті, әрі әсерлі болады. Тұрақты метафоралар көбіне халық ақындарының творчестваларында жиі ұшырасады. Ақындық өткір тілім, сын семсерім. Баладай екі өркеші- шөл кемесі- түйем де басқа малдан кем түспейді. Алтын дән аялаған кең алқапта, Жер кемесі- комбайн гүрілдейді.
Ақындар айтыс өнерінде өькір тілді-сын семсерге, түйені- шөл кемеге, комбайнды- жер кемеге балау арқылы өз ойын тыңдаушыға әрі түсінікті, әрі әсерлі жеткізе білген. Осындай метафоралар жалпы халықтық сипат алып, тілге әбден сіңісіп, халықтық мүлікке айналады.
Бір кезде мақтаны ақ алтынға, көмірді қара алтынға, астықты сары алтынға балап, жай қолданған болсақ, бүгінгі күнде біржола орнығып алды. Жеке қолданыстан гөрі, қазір жалпы халықтық қолданысқа актив болып ауысты. Міне, осындай өз шеңберін кеңейтіп, жұртшылықтың қажетіне жараған метафораларды тұрақты метафора дейміз. Тұрақты метафора барлық жанрда жалпылама кездесе бермейді, белгілі бір жанрға телінді болады. Әсіресе, поэзияда жиі кездеседі. Сондықтан тұрақты метафораны кейде поэтикалық метафора деп те атайды. Мәселен, халық ақындары қылыш, семсер дегендердің орнына поэзияда алмас, болат дегендерді жиі пайдаланылады.
Жеке қолданыстағы метафора мен тұрақты метафора өзара тығыз байланысты. Алғашқысы соңғысының үлгісімен жасалады да белгілі бір ақынның я жазушының белгілі бір туындысында өмір сүреді. Белгілі контексте ғана ұшырасатын сөздің келтірінді мағынасы қашанда әр автордың өзіндігін көрсетеді. Сондықтан да келтірінді мағына әрдайым құбылмалы болады. Мысалы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет