1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Қазақ тілінің сөздік құрамы жайлы баяндаңыз



бет59/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   86
43. Қазақ тілінің сөздік құрамы жайлы баяндаңыз
Тілдегі сөздердің тұтас жиынтығы сөздік құрам немесе лексика деп аталады. Сөздік құрам белгілі бір халықтың тұрмыс жағдайын, күнкөріс-тіршілігін, кәсібін түгел қамтып көрсетеді.Белгілі бір халықтың қоғамдық, шаруашылық, мәдени-тұрмысы неғұрлым күрделі болса, соғұрлым сол тілдің сөздік құрамы да бай болады деген сөз. Мәселен, 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігіне» 100.000-ға жуық лексикалық тура (фразеологизмдермен қоса) енген екен. Бұған енбей қалған қаншама сөз бар десенізші! Алайда, сөздікке енген сөздердің бәрі бірдей осы тілде сөйлейтіндерге түп-түгел таныс болмауы мұмкін. Кейбіреуі танымал болғанымен, енді біреулері мүлдем бейтаныс болуы ғажап емес. Өйткені қазақ тілінің лексикалық құрамына ғасырлар бойы сақталып келе жатқан байырғы сөздер де, кірме сөздер де, кейін пайда болған неологизмдер мен термин сөздер де, әдеби сөздер мен ауызекі тілге тән қарапайым сөздер де, диалектизмдер мен кәсіби сөздер де, қысқасы, тіліміздегі барлық сөздер кіреді. Мұның бәрін түгелдей жеке адамдардың білуі мүмкін емес. Осыншама мол сөздің қолданылу жиілігі, қалыптасу тарихы, атқаратын қызметі де бірдей емес. Соған байланысты сөздік құрам өз ішінен бірнеше топка бөлінеді.Сөздік құрамдағы сөздер қолдану жилігіне қарай актив сөздер және пассив сөздер деп, ең алдымен екі салаға бөлінеді. Актив сөздерге осы тілде сейлейтін адамдар тек түсініп қана қоймай, әрі жиі қолданатын сөздер жатады. Актив сөздер тіл дамуының белгілі бір кезеңінде осы тілде сейлейтін адамдардың бәріне ортақ болып келеді. Бұған күнделікті өмірде өзіміз айтып, қолданып жүрген таныс сөздердің бәрін жатқызуға болады. Пассив сөздерге түсінуін түсінгенмен, бірақ онша қолдана бермейтін сөздер кіреді. Бұған әр ғылымның өзіне тән тар көлемдегі терминдері, көнерген сөздер, тарихи сөздер, диалектизмдер, кітаби сөздер жатады. Сөздердің актив жене пассив қабаттарға бөлінуінде белгілі дәрежеде шарттылық бар. Бір заманда актив қолданған сөздердің бірқатары келесі бір заманда пассив қабатқа ауысуы ықтимал. Мысалы: жаугершілік заманда жиі қолданылған атой салу, қорамсақ, адырна, кіреуке, дулыға, сауыт, шерік, қол т. б. сөздер сол кездегі лексиканың актив қабатында болды. Әлеуметтік құрылысқа байланысты хан, ханзада, ақ сүйек, телеңгіт, жатақ болыс, майыр, онбасы, елубасы, жүзбасы, шаңырақ салығы, барымта, шабарман, малай т.б. создер XVIII-XIX ғасырлары лексикада жиі қолданылған сөздер. Бірақ бұлардың бәрі де қазіргі қазақ лексикасының пассив қабатындағы сөздер болып табылады. Бұл кезде халық тілінде актив қолданылған ай, жыл аттарын (наурыз, көкек, маусым, тышқан, қой, жылқы т.б.) кеңес өкіметі жылдарында (1930- 40 жылдардан бастап) халыктың көпшілігі (әсіресе жастар жағы) қолданбайтын болды. Кейін республиканың тәуелсіздік алуына байланысты бұл сияқты сөздер қайтадан лексиканың актив кабатынан орын ала бастады. Бұл мысалдардан лексиканың актив, пассив қабаттарындағы сөздердің құрамы үнемі бір қалыпты болмайтынын, оның жылжымалы екенін кереміз. Сөздік құрамдағы сөздер қолданылу сипатына қарай бірнеше топқа бөлінеді: 1) сөздің әдеби және әдеби еместігіне қарай: әдеби лексика мен диалектілік лексика болып, 2) әдеби тілдегі сөздердің халыққа таныс жене онша таныс еместігіне қарай жалпыхалыктық лексика мен арнаулы лексика болып, 3) тілдегі сөздің жұмсалу аясы мен көркемдік мәніне қарай бейтарап сөздер мен экспрессивті сөздер болып бөлінеді. Қоғам өміріндегі болып жатқан жаңалықтар мен өзгерістер тілге әсер етіп отырады. Әсіресе оның лексикасы өзгеріске неғұрлым бейім, неғұрлым сезімтал келеді. Тіл адамның барлық жұмыс саласындағы іс-әрекетімен түгелдей байланысты болғандыктан, сөздік құрам қоғам өмірінде не бар соны дереу және тікелей көрсетіп отырады. Мәселен, Кеңес өкіметі жылдарында қазақ тілінің сөздік құрамында мынадай басты өзгерістер болды: 1. Қазақ тілінің лексикасы қаншама жаңа сөздермен толығып байыды. Бұлар өндіріс, ауыл шаруашылығы, техника мен ғылым салаларындағы жаңалықтармен байланысты еді. Соның нәтижесінде қазақ лексикасында неологизмдер, терминология салалары пайда болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет