1) антоним сөздер табиғатында бір-біріне қарама-қарсы заттардың,құбылыстардың атауы болып келеді: туу-өлу; өлім-өмір; күн-түн; сөйлеу-үндемеу;
2) антоним сөздер заттар мен құбылыстардың белгілерінің ,сапасының атауы болып келеді:жақсы-жаман,үлкен-кіші;
Осы себепті объективті қарама-қарсылықты білдіретін антонимдер өз ішінен екі топқа бөлінеді:
1)Абсолютті қарама-қарсылықты білдіретін антонимдер. – Табиғат пен қоғамдағы қарама-қарсы оқиғалардың,сан алуан процестер мен іс-әрекет,қимыл-қозғалыстардың, т.б атауы болып табылатын антонимдік жұптар абсолютті,біздің санамызға тәуелсіз.Мысалы:күн мен түн табиғат заңы бойынша алмасады,өзендердің суы қатады-ериді. Мұндай сөздер сана сезім қатысынсыз,өздігінен жасалады.
2)Салыстырмалы қарама-қарсылықты білдіретін антонимдер. – объективті болғанымен ,жалпылаудан,салғастырудан пайда болады.Бұл ретте заттардың , құбылыстардың сапасы,сипаты,қасиеті,белгісі,күйі түб ерекшеліктері ескеріледі.Мысалы:кең-тар,биік-аласа,жуан-жіңішке,үлкен-кіші.т.б. Салыстырмалы деп аталу себебі,қарама-қарсылықты қатынасқа түскен жұптардың байланысы шартты,яғни салыстырмалы болып келеді.
39 Сөзге тән белгілерді сиппаттаңыз.
Сөзге тән белгілер: (сөздің бұл белгілері сөзді өзге тілдік бірліктермен салыстырғанда байқалады)
1. Сөз бір дыбыстан да,дыбыстар тіркесінен де жасалады.Мысалы, а - «Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің» көрсетуі бойынша сегiз мағына, ә - он бір мағына бiлдiретiн одағай сөздер. Фонетика бойынша олар - дауысты дыбыстар, а мен ǝ фонемалык қызмет атқарғанда мағына бiлдiрмейдi, одағай ретiнде жұмсалғанда, жоғарыда атап өтілгендей, бiрнеше мән-мағынаға ие болады. Демек, сөз «сөз» деп танылуы үшін дыбысталу мен мағынаның бiрлiгiнен тұруы кажет.
2. Сөз - тiлдiң дыбыстык заңдары бойынша жасалган дыбыстық құрылым бiрлiгi. Кездейсоқ дыбыстар тiзбегi сөз бола алмайды.
3. Кез келген сөз тiлдiң грамматикалык зандарына сәйкес өмiр сүредi. Сондыктан да ол әрдайым белгiлi бiр грамматикалық формада тұрады.
4. Күрделі сөздер, тіркескен сөздер сыртқы тұрпаты жағынан сөз тіркестеріне ұқсайды. Сөз тіркесі сыңарларының аралығына баска бiр сездiн енуi ыктимал болса, сөз тұйықтылығымен,өзiнiң құрамына аса iсi ендiрмеу қасиетімен ерекшеленедi.
Достарыңызбен бөлісу: |