Диалектілік лексика қазақтың жалпыұлттық лексикасының бір саласы болып табылады. Бірақ оның таралған, қолданылатын аумағы шектеулі,жалпыхалықтық сөздердей кең таралмаған.
49-сұрақ. Қазақ тіліндегі эвфемизмдер мен дисфемизмдерге сипаттама беріңіз.
Эвфемизмдер – ойды бейнелеп, көркем түрде жеткізудің негізгі бір тәсілі. Сондықтан алдағы уақытта да сан түрлі эвфемизмдер туып қалыптасатындығына ешбір шәк келтіруге болмайды. Бұлар тілдегі синонимдерді молайтуға белгілі дәрежеде үлес қосып отырады. Эвфемистік мағына тудырудың тәсілдеріне метафора, метонимия, синекдоха, символ, ирония, парафраза, эпитет сияқты топтармен қатар фразалық тіркес пен мақал-мәтелдер, сондай-ақ есімдік пен эллипс те жатады. Мысалы, “өлді” деудің орнына қайтыс болды, дүние салды, жан тәсілім етті, т. б. сөз орамдары айтылады. Сондай-ақ адамның дене мүшесіндегі кем-кетікті (саңырау – құлағының мүкісі бар), ауруды (қылтамақ – жаман ауру) басқа сөздермен ауыстырып қолданады. Тіліміздегі фразеологизмдердің көпшілігі Эвфемизмдер негізінде пайда болған. Мысалы, аузынан ақ ит кіріп, көк ит шықты, тіл тигізді, сөзге келді, жүз шайысты сияқты тіркестер ұрысты, ренжісті, ауыр сөздер айтты деген мағынаны білдіреді.
Күнделікті қарым-қатынаста мағынасы жағымсыз тұрпайы сөздерді сыпайы сөздермен алмастырып қолданатынымыз сияқты тілде әдепті сөзді әдепсіз сөздермен ауыстырып айта беру әдеті болады. Мұндай құбылысты тіл білімінде дисфемизмдер деп атайды.Белгілі контексте жөнімен дұрыс жұмсалған сөзді мағынасы неғұрлым дөрекілеу сөзбен алмастыру- сөжді ауыспалы мағынада қолданудың бір жолы. Дисфемизм – мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс. Мысалы: Бұтартары мен шаңырақ саларларын жауға берді. Өздерің бір-бір тулақтарына мініп-ақ шапқылап кетсеңдер. Хазірет пен Әбунүсіптің сол езбалдағының өзіне мынау отырған қошаметшілердің кейбіреуі аузын аңқайта тыңдағансиды. Осындағы бұтартар- мінгіш, көлік орнына, езбалдақ-мылжың,сөзуар, сөз соқты дегендердің орнына жұмсалып отыр.