1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Фразеологизмдердің түрлеріне тоқталыңыз



бет58/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   86
Фразеологизмдердің түрлеріне тоқталыңыз.
Қазак тіліндегі фразеологизмдер де фразеологиялык тұтастық, фразеологиялық бірлік және фразеологиялык тiзбек болып, негiзiнен үш топка жiктеледi.
Фразеологиялык тұтастық. Бұл топқа фразеологизмнің құрамындағы сөздер бiр-бiрiмен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жiгiн ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тiркестер жатады. Мәселен, мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді дегеннен қолы тимеді, бұрылуга мұршасы болмады дегендi түсiнемiз. Бұл мағына осындағы үш сөздiн тұтас жиынтығынан келіп шығады. Түйдек iшiндегi жекелеген сөздерге талдау жасап, бiрiн екiншiсiнен бөлiп алуға көнбейді. Түйені түгімен жұтты дегеннен ойсырата пара алып елдi қанады деген мағына туады. Бұл мағынаның жасалуына түйе, түк, жұту сөздерiнiң тiкелей қатысы жоқ, соларды бірінен соң бiрiн тiркеп, жұбын жазбай қолдану арқылы пайда болған. Жағына пышақ жанығандай дегеннен тарамысына ілінген арық, жүдеу дегендi түсiнемiз. Бұл мағынаны жасауға жақ, пышақ, жану сөздерiнiң тiкелей катысы болмаған. Иегінен тағалы ат тайып жығылғандай дегеннен сақал-мұрттан жұрдай, көсе дегендi ұғынамыз. Мұнда да мағына тұтастығының бiрлiгiн айқын байкаймыз.
Фразеологиялык бiрлiк. Бұлар да фразеологиялық тұтастық тәрiздi орын тәртiбi жағынан өте тиянақты болып келедi. Алайда, құрамындағы сөздердiң мағынасының қаншалықты тасалануы я болмаса, тасаланбауы жағынан елеулi өзгешелiктерi болады. Бұлар ең алғашқы еркiн тiркестi ауыс мағынада қолданудан келiп шығады. Мәселен, ескi жараның аузын ашты дегеннен өткендi қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегендi түсiнемiз. Бұл фразеологиялық мағынаның жасалуына, сөз жоқ, ең алғашкы еркiн тiркестегі тура мағынасы негiз болған. Сол мағынаға басқадай мән берiп, ауыстырып қолдану арқылы жасалғандығы бiрден көзге шалынады. Жатқан жыланның құйрығын басты деген фраза біреудiң қытығына тиіп, жоқ жерде бір пәлеге тап болды дегендi бiлдiредi. Бiр қимыл-әрекетті басқа әрекетпен салыстырып қолдану арқылы фразе- ологизмдерге айналып кеткен. Ит байласа тұрғысыз дегеннен адам түгілі ит екеш ит те тұрып болмайды дегендi түсiнемiз. Соңғы фразеологиялық мағынаның жасалуына еркiн тiркестегі бастапқы (лексикалык) мағына тірек болғандығы айқын байқалады. Көз көрмес, құлақ естімес жер дегеннен аяқ жетпейтiн алыс жер, киыр шет деген фразалық мағына пайда болса керек. Соңғы мағына мен алғашқы мағынаның өзара байланыстылығы анық сезіліп тұрады. Ит көйлекті бұрын, тоздырған дегеннен сәл үлкендiгi бар дегендi түсiнемiз. Жеке сөздердiң косындысынан пайда болған жай ғана туынды мағына емес, бейнеленген туынды мағына екендiгiн көреміз. Фразеологиялык тұтастық пен фразеологиялық бiрлiктiң ара жігін ажырату кей жағдайда қиынға соғады. Мәселен, ит басына іркіт төгілді (ағыл-тегіл молшылық) дегендi екi жақты түсiнiп қалуға болады. Малмен көзі шыққан егде адамдар үшiн бұл тіркес фразеологиялық бiрлiк болса, малдан сырт жүрген, әсiресе кейiнгi жастар мұны фразеологиялык тұтастық деп тануы сөзсіз. Тұрақты тіркестің алғашкы заттық мағынасы неғұрлым көмескіленіп, тасалана, күңгірттене бастаса, соғұрлым оның мағына тұтастығы да күшейе түспек. Мәселен, қарғы бау деген тұрақты тiркестiң үш түрлі мағынасы бар: 1) иттің мойнына тағатын бау, 2) қалынмалдың алдын ала берiлетiн жоралғысы, 3) тамыр-таныстықпен қалап-сұрап алған зат үшiн берiлетiн төлем ақы. Қарғы бау тәрiздi тұрақты тіркестердi жасалу үлгісіне қарап (тамақ бау, балақ бау, аяқ бау, т. б.), күрделi сөздiң тобына да жатқызуға болады. Алайда, мұның соңғы екi мағынасы тұрақты тіркес екендiгiн, оның iшiнде фразеологиялык тұтастыққа жататындығын бiрден танытады. Фразеологиялык тізбек. Бұл да фразеологиялық бiрлiк сияқты еркiн тiркестi ауыспалы мағынада қолданудан келiп шығады. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаған. Мұнда ерiктi мағынасындағы сөз бен фразеологиялық қалпындағы сөздiң тiркeсуiнен жасалып, сол тiзбек күйiнде қолданылады. Мысалы, бота көз, қоян жүрек, асқар бел, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, оймақ ауыз, кем иек, ала қол, қара бет, жел аяқ, қарсақ жон, қолаң шаш, алтын айдар, жуан жұдырық, қозы жауырын, ақ саусақ, балды бармақ, кең қолтық, көк езу, салпы ерiн, кер азу, қалам қас, ай қабақ, теке сақал, торсық шеке, жез таңдай, бiр ұрт, кызыл тіл, күмiс көмей, қамыс құлақ, шөп желке, қу жақ, қызыл кеңірдек, біз тұмсық, бiр төбе, зор кеуде, шер көкірек, аршын төс, қабырға ағайын, көк жұлын, жүйке тамыр, аш бүйір, еркек кіндік, салқын қанды т. б. Фразеологиялык тiзбектiн кұрамындағы ерiктi (тура) мағынадағы сөз сан алуан сөздермен тіркесіп жұмсалу қабілеті болса, фразеологиялық туынды мағынадағы сөз бірді-екілі сөзбен ғана шектеліп қолданады. Мәселен, көк бет, қысыр сөз, қасқа жол деген фразеологиялық тiзбектердiң құрамындағы бет (жалпақ бет, дөңгелек бет, сопақ бет), сөз (аз сөз, көп сөз, дұрыс сөз, бұрыс сөз), жол (үлкен жол, қара жол, соқпақ жол) деген қыруар сөздермен тiркесiп қолданыла берсе, фразеологиялық мағынадағы көк сөзi бет сөзiмен, сөз- қысыр сөзiмен, жол - қасқа сөзімен ғана тіркеседі. Фразеологиялық тiзбектiң сыңарларының бастапқы мағынасы онша ашық та айқын болмағанымен, солғын тартып сезiлiп тұрады. Мысалы: көз ұшында, көз жеткісіз, көзiн тырнап ақшалы, көзi тiрiсiнде, көз шалым жер, көз барда, көзiмдей көр, көзi жоғалды, көзi iлiндi, көзi жеттi т. б. Фразеологиялык байлаулы мағынадағы сөздің қолдану шеңбері шектеулі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет