1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз



бет56/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   86
5. Сөз сөйлеу кезiнде жасалмайды, даяр тұрған қалпында сез тiркесiнiң немесе сөйлемнің құрамында жұмсалады. Еркін сөз тiр- кесi мен сөйлем - сөйлеу яки жазу кезiнде кұрастырылады.
6. Сөздiң еркін сөз тіркесінен және тағы бір айырмашылығы мынада: сөз белгілі бір сөз табына қатысты болып, соған телінеді;


Орыс тілі фактілері негізінде белгілі тілші Н.М. Шанский сөздің мынадай белгілерін атап көрсетеді: 1) фонетикалык жақтан тұтастылығы; 2) семантикалық валенттілікке иелігі; 3) арасына сөз салмайтындығы; 4) бір екпінге ие болатындығы; 5) бір лексика-грамматикалык категорияға қатыстылығы; 6) мағына мен дыбыс бірлігі; 7) қайта жасалынбайтындығы; 8) тұтастығы мен бірдей формаланатындығы; 9) көпшілік жағдайда сөз тіркестерінде қолданылатындығы; 10) ажыратылып тұратындығы; 11) номинативтілігі; 12) фразеологизмдік қасиетінің барлығы.
Сонымен,сөз дегеніміз-дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұратын,дербес қолданылатын,тілдің бір бүтін бөлшегі;
40. БАҚ беттеріндегі қате қолданыстарға мысал келтіріңіз, дұрысын көрсетіңіз. (Калька, будан, перифраз тәсілдерімен жасалған жаңа атауларды да қамтыңыз)


41- сұрақ
Антонимдердің анықтамасы, антонимдердің грамматикалық сипатына тоқталыңыз.
Тілімізде мағынасы жақын, жуық сөздер ғана емес, мағынасы қарама-қарсы сөздер де кездеседі. Мысалы, асты: бір нәрсенің үстіне қарама-қарсы жағы, төмеңгі тұсы, түбі; үсті: бір заттың астына қарама-қарсы жағы, үстіңгі беті: аш: жемеген, тоймаған; тоқ:ішіп-жеп тойған; терең: түбіне бойламай кететін тұңғиық; тайыз: терең емес, саяз. Осындай мағынасы қарама-қарсы сөздерді антонимдер дейміз.Ешбір сөз бір-бірімен омонимдес немесе синонимдес бола алмайтыны сияқты, ол өзара антонимдес те бола алмайды. Мысалы, «тас», «ағаш», «қағаз», «шам» сөздері объективті дүниенің нақты заттарының атаулары. Олардың сапалық қасиеттері жоқ, тек атауыштық қасиет бар. Ал жұмсақ, қатты, қалың, жұқа, қараңғы сөздерінің атаулы да, сапалық та мағыналары бар. Бұлар белгілі бір құбылыстың атауы болумен қатар, әртүрлі сапалық, сындық, т.б. қасиеттерін де сипаттайды. Атап айтқанда, антонимдік қарсылық тек сапалық мәні бар сөздерден ғана туындайды. Мысалы, «жақсы» және «жаман» антонимдік жұбы заттың сындық қасиетін білдіреді; ақ қара – түсін, ұзын,қысқа- өлшемін; тар, кен- көлемін; ерте, кеш – қимылдың уақытқа қатысын; кірді,шықты – қимылдың бағытын білдіреді.Сапалық ұғымдарға телулі болғандықтан, антонимдер сын есімнен басқа сөз таптарынан сирек жасалады. Қарама-қарсы ұғымдар бір-бірімен байланыста болады, олар бір-бірінсіз өмір сүре алмайды. Егер адам санасында ерте деген ұғым болмаса, кеш деген ұғым да болмас еді.Тар ұғымының санада болуы кең ұғымымен тікелей байланысты; өмірде жақсы болмаса, жаман да болмас еді, ұзынсыз қысқа жоқ. Бұлар логикалық қатардың қарама-қарсы екі мүшесі, бір құбылыстың (немесе заттың) қарама-қарсы жақтарын, бірін-бірі тепе-теңдікте ұстайтынын және бір уақытта бір-біріне мұқтаж, бір-бірінсіз өмір сүре алмайтыны көрсетеді.Сондықтан бұлардың бірін айтканда, екіншісі өздігінен ойға оралады. Қысқасы, антонимдік қарама-қарсылық тек бiр логикалык қатарға жататын тектес ұғымдар қарама-қарсылығына негiзделедi. Мысалы, арық-семіз деген антонимдік жұп заттын сынын, алыс-жақын заттың орынға қатысын, ауыр-жеңіл салмағын бiлдiредi. Бұлар бір тектес ұғымдар. Ал әр тектес ұғымдарды бiлдiретiн сөздер, сапаға байланысты болғанына қарамастан, антонимдік жұп кұрай алмайды. Мысалы, жақсы-суық дегендердiн екеуi де сапалық ұғымдар. Әйтсе де бұлар антонимдес емес. Өйткені бұлардын бiрi сынды, екiншiсi температураны білдіреді. Сөйтіп, бір тектес ұғымдарды бiлдiру антонимдердiн негiзгi ерекшелiгi болып табылады. Антонимдік жұптың тағы бір ерекшелiгi олардың сыңарлары қарама-қарсы мәні жағынан таразынын екі басындай бір- бiрiне тепе-тең болуы керек. Егер олардың бiрi заңдылықты бұзып, мағына қарама-қарсылығы жағынан не сәл артык, не сал кем болса, антоним бола алмайды. Мысалға жас-сақа-мосқал- кәрi логикалык катарындағы жас-сақа, жас-мосқал жұптары антонимдес емес.Алайда олар тұрақты антонимдік топ құрай алмайды. Тек белгілі бір орайда, нақты контексте ғана карсы мағына береді. Сондыктан мұндай қолданыстарды контекстiк немесе стильдік антонимдер деп карастырған жөн. Сөйтiп, қарама-қарсы ұғымдар белгiлi бiр логикалық қатардың ең шеткі екі мүшесі болып табылады. Алайда жалпылык сипаты болмағанымен, антонимдердін кейбiреулерiнiң арасында үшінші бір аралық мүше ұшырайды. Мысалы, тар-кең (аралық мүше шақ), алда-артта (ортада), ыстық-суық (жылы), женіс-жеңіліс (итжығыс), ұтыс-ұтылыс (тең), т.б. Бұлар қарама-қарсы екі ұғымды тең ұстап, дәнекерлік қызмет атқарады. Ұғым- логикалық,антоним – тілдік категория.Осы себепті логикалық қарама-қарсылықты шатастыруға болмайды. Екінші сөзбен айтқанда, кез келген логикалық қарама-қарсылық антонимдік қарама-қарамаболып есептелмейді. Антонимдердің тілдік табиғатын дұрыс түсінбегендіктен, кейбір зерттеушілер ситуациялық, контекстік қайшылықтарды да, тіпті қақтығыс, жанжал, шатақ т.б. процестерді антонимия құбылысына жатқазған. Мысалы мысық тышқанды, аю балды жеп қоятындықтан, тышқан мен мысықты, аю мен балды, қарама-қарсы орналасқандықтан аспан мен жерді, жыныс айырмашылығына байланысты жігіт пен қызды,әйел мен еркекті антонимдес деп қате ұққан. Сондай-ақ қайшылықты ұғымдарды да антонимдердің қатарына қосуға болмайды. Қайшы мәндес ұғымдар –сыз –сіз –ма –ме –ба –бе –па –пе жұрнақтары және емес, жоқ сөздері арқылы жасалады; 1. Фактіні теріске шығарады( теңіз- теңіз емес, ақ-ақ емес); 2. Заттың, құбылыстың сапасын жоққа шығарады (орманды-ормансыз, сабырлы-сабырсыз); 3. Іске, қимылға тиым салады ( бар-барма, айт-айтпа). Сөйтіп, олар осылайша бірін-бірі тікелей жоққа шығарады. Бұлардың арасында аралық мүше болмайды. Қарсы мәндес сөздердің қатар мәндес, қайшы мәндес сөздерден жасалу жолы басқа; қарама-қарсы ұғымдар бірін-бірі жоққа шығарып қана қоймайды, сонымен қатар затқа, құбылысқа жаңа мағына береді. Қайшы мәндес бірін-бірі жоққа шығарғанымен жаңа мағына бере алмайды.
Қарама-қарсы екі мағынаның бір ғана сөздің бойына сыйысуы – антонимдерге тән ерекше құбылыс. Сыйысқан мәндер кейде тура (номинативті) мағыналы сөздер есебінен жасалса, кейде баға беруден, эмоциялық мағынаның өзгеруінен пайла болады. Аталмыш сипат етістіктерден байқалады; қызметке алды, қызметтен алды; хабар тарқады, мастық тарқады. Келтірілген мысалдардағы ал- , тарқа- тұлғалары екі бірдей қарама-қарсы мағынаға ие болып тұр. Бұл құбылысқа диалектілердің де қатысы бар. Мысалы көрім деген сөз батыста «оңбаған, жексұрын» сияқты жағымсыз мағына да жұмсалса, шығыста, керісінше « келімі келген, көңіл тоятын» сияқты мағынада жұмсалады. Бір ғана сөздің қарама-қарсы екі мағынада жұмсалуы энонтиосемия құбылысы деп аталады. Энонтиосемия ағылшын тілінде «мағыналардың қарама-қарсы қасиетке ие болуы» деген ұғым береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет