ДИСФЕМИЗМ
ЭВФЕМИЗМ
Құрт ауруы
Қылтамақ
Саңырау, керең
Соқыр
Ақсақ
Екіқабат
Туды
Өлді
Мылжың
Ұры
Өсекші
Өтірікші
Өкпе ауруы
Жіңішке ауру
Құлағының мүкісі бар
Зағип
Аяғын сылтып басады
Аяғы ауыр
Дүниеге келді
Қайтыс болды
51. Фразеологизмдердің түрлеріне, зерттелуіне тоқталыңыз.
Фразеологизм термині негізінен екі түрлі мағынада қолданылады. Бірінші мағынасы тілдегі тұрақты тіркестерді зерттейтін тіл білімінің саласы. Екіншісі- бір тілдегі фразеологизмдердің жиынтығы.
Фразеологизмдердің өз алдына дербес лингвистика саласы екендігін танытатын негізінен үш түрлі басты белгісі бар: 1) даяр қалпында жұмсалу белгісі, 2) мағына тұтастығы, 3) тіркес тиянақтылығы.
Даяр қалпында жұмсалу белгісі:
Еркін сөз тіркестері қатынас жасау кезінде әркімнің өз қалауы бойынша жасалады. Мысалы: Дәурен қалаға жүрмекші; Дәурен жақын арада қалаға бармақшы; Дәурен қалаға барам ба деген ойда.
Ал тілдегі фразеологизмдер бұлай етуге, құбылтуға көнбейді. Мәселен, төбесі көкке жетті дегенді төбесі көкке жетейін деп тұр, төбесі көкке жетпекші деп өзгертуге болмайды. Оның сыртқы құрылым-құрылысы еркін тіркеске ұқсағанымен сөйлем ішінде қолданғанда біртұтас даяр күйінде жұмсалады.
Фразеологизмдер бір бүтін сөз бірлігі ретінде қолданылуы жағынан лексикалық сөз бірлігіне, яғни жеке сөзге ұқсайды. Бұлар бірнеше сөздің тіркесінен құралғанымен, тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан дербес мағыналық бөлшектерге бөлінбейді, сөйлегенде тұтас күй»нде қаз қалпын бұзбай қолданылады. Мысалы: жер аяғы кеңіді; жерге қаратты; жерден алып, жерге салды; жер-жебіріне жетті; жерден жеті қоян тапқандай; жер-көкті басына көшірді; жер ортасына келген адам; жер астынан жік шықты, екі құлағы тік шықты; жер-көкке сыйғызбады; т.б.
Фразеологизмдердің өзіндік екінші белгісі- мағына тұтастығы. Фразеологизм біткеннің бәрінде де белгілі бір меншікті мағынасы болады. Ол мағына тұрақты тіркесті құрастырушы сыңарлардың мағыналарына сәйкеспейді, оларға тәуелсіз, өздігінен өмір сүреді. Мәселен, жерден жеті қоян тапқандай дегеннен қатты қуанды, шаттанды дегенді түсінеміз. Бұл мағынада жер, жеті, қоян, табу деген төрт сөздің біреуімен де байланыспайды, бірақ сол төрт сөздің жұптасып қолданылуы арқылы пайда болады. Фразеологизмдер бір бүтін сөз бірлігі ретінде қолданылып қана қоймайды, мағыналық жағынан да біртұтас бірлік ретінде көрінеді. Мысалы: кір жуып, кіндік кескен жер (атамекен, туған жер), екі аяғын бір етікке тықты (тысқырды, састырды), инемен құдық қазғандай (бейнеті көп, өте ауыр), шаш етектен (көп, мол), аттың жалы, түйенің қомында (асығыста, қарбаласта) дегендердің бәрі де құрылым-құрылысы жағынан түрлі болғанымен, әрқайсысы мағына тұтастығымен сипатталады.
Достарыңызбен бөлісу: |