1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз



бет69/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   86
Байланысты:
лексикология

Зерттеушілер қазіргі кезде сөз бен еркін тіркес мағынасын лексикалық мағына, ал жанамалық қатыста болатын тұрақты тіркестердің мағынасын фразеологиялық мағына деп жіктеп бөледі.
Тіркес тиянақтылығы да фразеологизмдердің ең негізгі белгілерінің біріне жатады. Тиянақты сөз тізбегіндегі сөздер әркімнің қалауынша емес, қалыптасқан белгілі жүйемен орналасқан. Олар бір-бірімен иін тіресіп, өзге сөзбен алмастыруа я болмаса, тұрақты орын тәртібін өзгертуге келмейді. Мәселен, мұрнын көкке көтерді дегеннің орнына қолын көкке көтерді десек, мән-мағынасын бүтіндей өзгертіп жібереді. Ал көк сөзін оның синонимін аспан сөзімен ауыстырсақ (мұрнын аспанға көтерді) мағына тұтастығы онша бұзылмағанымен, стильдік мәні солғындап, үйлесімі кемиді.
Кейде тұрақты тіркестің құрамындағы бір сөздің әр түрлі тұлғасынан әлденеше фразеологизмдер жасала беруі де мүмкін. Мысалы, жамбасы жерге тигенше, жамбасы жерге тиді, жамбасы жерге тимеген.
Үш түрлі белгі арқылы фразеологизмдер тілдің өзге категорияларынан оқшауланып, өзіндік бітім-бейнесімен дербес өмір сүреді.


Фразеологизмдердің түрлері


Зерттеушілердің бір тобы тұрақты тіркестің біртұтас мағынасы мен солардың құрамындағы сыңарлардың ара-қатынасына қарай жіктеп бөлсе, екіншілері құрылым-құрылысы жағынан топтастырады. Орыс тіл білімінде академик В.В. Виноградовтың классификациясын негізге алып бөледі. Қазақ тіл білімінде де осы классификацияны бірден-бір арқау етіп келе жатыр.
Қазақ тіл білімінде фразеологизмдер фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық тізбек болып, негізінен үш топқа жіктеледі.
Фразеологиялық тұтастық. Бұл топқа фразеологизмнің құрамындағы сөздер бір-бірімен тұтасып, әбден жымдасып кеткен, олардың мағыналық жігін ешқандай ажыратуға болмайтын тұрақты тіркестер жатады. Мәселен,мұрнынан шаншылып жүр, мұрнына су жетпеді дегеннен қолы, бұрылуға мұршасы болмады дегенді түсінеміз. Бұл мағына осындағы үш сөзддің тұтас жиынтығынан келіп шығады. Жағына пышақ жанығандай дегеннен тарамысына ілінген арық, жүдеу дегенді түсінеміз. Бұл мағынаны жасауға жақ, пышақ, жану сөздерінің тікелей қатысы болмаған. Фразеологиялық тұтастық жеке сөздердің тұтас жиынтығынан пайда болғанымен, олар іштей түрлі бөлшектерге бөлінбей, іс-әрекетті, сапа мен белгіні, зат пен құбылысты бір бүтін атау ретінде көрсетіп бере алады.
Мысал: он екіде бір гүлі ашылмаған; күпті болу; кісі киік болу; қу бастан қуырдақ алу; әңгі есектің миын жегендей; қой үстіне бозторғай жұмыртқалау; тұмсығы тасқа тимеген; жынынан айырылған бақсыдай; жүрегінің түгі бар; құлаққа ұрған танадай; қу ағаштан құмалақ сауған; мұрнын көкке шүйіру; т.б


Фразеологиялық бірлік. Бұлар да фразеологиялық тұтастық тәрізді орын тәртібі жағынан өте тиянақты болып келеді. Алайда, құрамындағы сөздердің мағынасының қаншалықты тасалануы я болмаса тасаланбауы жағынан елеулі өзгешеліктер болады. Бұлар ең алғашқы еркін тіркесті ауыс мағынада қолданудан келіп шығады. Мәселен, ескі жараның аузын ашты дегеннен өткенді қайта қозғады, ұмытып кеткенді еске салды дегенді түсінеміз. Бұл фразеологиянық мағынаның жасалуына, сөз жоқ, ең алғашқы еркін тіркестегі тура мағынасы негіз болған. Сол мағынаға басқадай мән беріп, ауыстырып қолдану арқылы жасалғандығы бірден көзге шалынады. Ит байласа тұрғысыз дегеннен адам түгіліит екеш ит те тұрып болмайды дегенді түсінеміз. Көз көрмес, құлақ естімес жер дегеннен аяқ жетпейтін алыс жер, қиыр шет деген фразалық мағына тірек болғандығы айқын байқалады.
Мысал: жағасы жайлау, етегі қыстау; жіп есе алмау; қоң етін ойып беру; мұрнын тескен тайлақтай;тайлы-таяғы қалмау; мұрнына құрық түскенше; ұйқының ауылы алыс; жан баспаған иен өңір;т.б.


Фразеологиялық тізбек. Бұл да фразеологиялық бірлік сияқты еркін тіркесті ауыспалы мағынада қолданудан келіп шығады. Яғни тұрақты тіркес сыңарларының бастапқы лексикалық мағынасы бүтіндей жойылмағанымен, жойылуға жақындап, күңгірт тарта бастаған. Мұнда ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық қалпындағы сөздің тіркесуінен жасалып, сол тізбек күйінде қолданылады. Мысалы, бота көз, қоян жүрек, асқар бел, тоң мойын, сойдақ тіс, қауға бас, қарсақ жан, қозы жауырын, кер азу, күміс көмей, аршын төс, көк жұлын, аш бүйір, еркек кіндік, салқын қанды, ақ саусақ, алтын айдар, т.б.
Фразеологизмдер құрылым-құрылысы жағынан екі топқа бөлінеді: 1) Құрылым-құрылысы сөздердің белгілі бір тіркесі болып келетін фразеологизмдер. Мысалы: шақша бас, қарақат көз, ашық ауыз, бүйрек бет, қамыт аяқ, құба жон, саусақпен санарлықтай, кең иықты, ат жақты, бармақ қазы, езуі жиылмады, қу тілді, тұмсығы батпады, арқасы бар, өр көкірек, төбесі тесік, еңбегі қатпаған, т.б.
2) Құрылым-құрылысы жағынан сөйлемге тең фразеологизмдер. Мысалы: бір қолын екі ете алмады; екі иығынан дем алды; үш ұйықтаса түсіне кірмеген; табаны жерге тимеді; аузына ақ ит кіріп, көк ит шықты; ішкен асы бойына тарамады; көзіне көк шыбын үймелетті; көрер таңды көзімен атырды; ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстады; ішкен асын жерге қойды; басы ауырып, балтыры сыздады; қасынан бір елі тастамады; жеңген иттің желкесінен алды; көңілі су сепкендей басылды; қашпаған қара қашардың уысына қарайтын; т.б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет