1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Ана ауылға Омар, Оспан, Асан, Үсен келді деудің орнына – анау ауылға Омарлар келді дейміз



бет65/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   86
1. Ана ауылға Омар, Оспан, Асан, Үсен келді деудің орнына – анау ауылға Омарлар келді дейміз.
2. Үй кімдікі екенін ұмытпа, «Үйге қара» дегеннің орнына, шаңыраққа қара дейміз. Іаңырақ мегзеу.
3. «Осы ауылдың адамдары жүдеу екен» деудің орнына, «осы ауылдың адамы жүдеу екен » дейді. Мұндағы адамы сөзі мегзеу болады.
4. «Отыз тістен шыққан сөз оты рулы елге жайылады» дейміз. Отыз тістен шыққан сөз отыз емес, қырық рулы, яки жиырма рулы елге жайылатын шығар, біз білмейміз. Отыз деп кесіп айтуымыз мегзеу болады.
Синекдоха кейде сықақ-әзіл, қылжақ, қомсыну, ерсі көру тәрізді мағына аңғарту үшін де қолданады. Ондайда кейде адамның түр-тұлғасы, киім пішіні де еске алынады: Әй, дударбас!Әй қисық! Әй, түлкі тымақ, сен берірек келші... Бұл мысалдардағы – дударбас, қисық, түлкі тымақ сөз тіркесі, сөздері адамға қомсыну, қылжақтау, әзілдеу мағынасында қойылған синекдоха түріндегі қосымша есімдер.


Сөз мағынасын ауыстырып қолдану амалдарын ( метафора, метонимия, синекдоха) эмоционалды бояулар, сипаттармен, таңдану, жалыну, жалбарыну, сыйлау, еркелету тәрізді сезімдермен байланысты болып келеді. Бірсыпыра тілде таңдау, қорқыныш, сүйініш ұғымдарының біразы алмастырылған мағыналы сөздер арқылы беріледі: Мәселен, қозым, құлыншағым, қарашығым, көгершінім, сұмдық жаман, сұмдық қорқынышты, керемет жақсы, асқан сұлу, ғажап т.б. осы сияқты тіркестердің қалыптасуынан да сөздерді алмастырып қолдану жолдарының әсері аңғарылады.


47-сұрақ. Қазақ тіліндегі сөздік түрлеріне сипаттама беріңіз.


«Сөздік» термині тіл білімінде екі мағынада қолданылады: 1) белгілі бір тілдің, диалектінің, әлеуметтік топтың немесе жеке бір жазушының лексикасы, сөздік құрамы, 2) сөздер мен морфемалардың, сөз тіркестері мен идиомалардың т.б. әліпби тәртібімен орналастырылып, түсінігі немесе аудармасы берілетін анықтамалық кітап. Сөздік (екінші мағ-да)жасаудың теориясымен және практикасымен шұғылданатын тіл білімнің бір саласы лексикография деп аталады. Сөздіктің лингвистикалық(тілдік) және энциклопедиялық екі түрі бар. Лингвистикалық сөздерге тілге б-ты сөздіктердің бәрі жатады. Олардың негізгі түрлеріне: түсіндірме сөздік, аударма сөздік, терминологиялық сөздік, фразеологиялық сөздік, диалектологиялық сөздік, синонимдер сөздігі, антонимдер,омонимдер сөздіктері, сөзжасам сөздігі, тарихи, этимологиялық сөздік, жиілік сөздігі, кері сөздік, орфоэпиялық сөздік, орфографиялық сөздік. Энциклопедиялық сөздіктерге қазіргі ғылыми саладағы білім жайынан қысқаша мағлұмат беретін сөздіктер жатады.


Аударма сөздіктер. Лингвистикалық (тілдік) сөздіктің бір түрі. Аударма сөздік екітілді немесе көптілді (мысалы, ағылшынша-орысша-қазақша) болып келеді. Аударма сқздіктің негізгі объектісі белгілі бір тілдегі сөздер мен тұрақты сөз тіркестерін екінші тілге тәржімалау. Аударма сөздіктің бірнеше түрлері бар: бір тілдің сөздік құрамына, лексикалық байлығына негізделіп, сөздің негізгі мағынасы, семантикалық құрылымы, сөздің грамматикалық тұлғалымар арқылы түрленуі, стильдік ерекшеліктері, сөзтіркесімділік қабілеті, осы сөз дәйек болатын тұрақты тіркестер жан-жақты қамтылатын екітілді сөздіктер; ғылымның белгілі бір саласына қатысты терминдік атаулардың екінші тілдегі баламасы көрсетілетін сапалық терминологиялық сөздіктер\ сөздік құрамының белгілі бір шектеулі бөлігі ғана қамтылатын, арнайы бір топқа (Мысалы , мектеп оқушыларына, тілді жаңа үйренушілерге) арналған тілашар сөздіктер және т. б. Аударма сөздік лексикография ғылымының принциптеріне сәйкес жасалады. Сөздер әліпби тәртібімен беріліп, оның тұсына стильдік белгілер (көне, тарихи, эмоциялық экспрессия) қойылады немесе түсініктемелер жазылады, сондай-ақ техникалық әдістер (таңба-белгілер, курсив, қалың бояулы жазу) пайдаланылады.


Терминологиялық сөздік. Белгілі бір тілдегі ғылым мен техника, өнер, білім саласындағы арнаулы атаулардын сөздігі. Қазақ тіліндегі 1950 жылда дейінгі Терминологиялық сөздіктер жеке бірсалаға арналмай, жалпы терминдерге арналып келді. Мысалы: "Атаулар сөздігі" (1931 ж.) "Қазақ тіліндегі терминдер" (1936 ж.), "Терминология сөздігі" (1948, 1950 ж.). Бұларда Қазан революциясынан бергі уақытта қалыптасқан термин сөздерді жинақтап, жұртшылыққа ұсыну мақсаты көзделген. 1950 жылы бергі кезенде экономика мен мәдениеттін, ғылым мен техниканын дамуына байланысты әрбір ғылым, білім саласының терминдері өз алдына жеке сөздік ретінде шыға бастады. Солардын алғашқыларының бірі — С. Арзымбетовтың "Орысша-қазақша ауыл шаруашылық терминдерінің сөздігі" (1952, 1955 ж.). Кейін тіл білімі, әдебиеттану, музыка, металлургия, таукен ісі, математика, физика, астрономия, педагогика, экономика, философия т. б. салаларға байланысты 30-ға жуық Терминологиялық сөздіктер жарық көрді. 2004 ж. Ш.Құрманбаев пен Сапинаның Мемтерминком бекіткен «Орысша-қазақша –қазақша-орысща терминдер мен атаулар сөздігі» жарық көрді.


Түсіндірме сөздік. Қазақ тіліндегі сөздердің мәнін ұғындыратын лұғаттық, анықтамалық құрал. Тіліміздің лексика-граммататикалық, мағыналық, стильдік үлгілерін көрсетеді. Сөздік екі рет жарық көрген: 1) екі томдық түсіндірме сөздік (1959 – 61, жалпы редакциясын басқарған – академик Ісмет Кеңесбаев). Мұнда 18135 сөз, 3371 фразеологиялық тіркес қамтылған; 2) он томдық академиялық сөздік (1974 – 86, жалпы редакциясын басқарған – А. Ысқақов). Мұнда 66 мың 994 атау сөз, 24 мың 508 фраезологиялық тіркес қамтылған, барлығы 91 мың 502 лексикалық бірлік алынып, оларға 103 мың 708 мағыналық сипаттама берілген. Сөздердің қазақ тілінің бүгінгі қолданысында бар екендігін дәлелдеу үшін 1089 автордың 2597 кітабынан, 180 жеке кітап пен жинақтан, 12 аударма әдебиеттен, 17 оқулықтан, 14 журнал мен 7 газеттен – барлығы 2827 жазба нұсқадан жалпы саны 250 мыңға жуық мысал-үзінділер келтірілген. Сөздерді дұрыс таңдау, оларды орфография бойынша дұрыс жазу, әрбір атау сөздің қай тілден ауысқандығын, қай сөз табына қатысты екендігін, қай стилдік тармаққа жататындығын білдіру барысында түрлі лексикогр. шартты белгілер қою және мағыналары мен мағыналық реңктерін дәл ашып, айқын түсінік беру арқылы орындалғандықтан, Қазақ тілі түсндірме сөздігі сөздерді дұрыс қолданудың анықтамалығы ретінде де маңызды рөл атқарады.Мысалы: әке сөзі.


Диалектологиялық сөздік. Қазақ халқының ауызекі сөйлеу тілінде қыруар жергілікті еоекшеліктер бар Бүлардың көпшілігі фонетика мен граммйтикадан гөрі лексика саласында жиірек үшырасады. Қазақ тіліндегі сөз таптарының барлық түрінен де жергілікті ерекшеліктер табылады. Бірақ бір сөз табы (зат есім, -етістік, сын есімдер) диалектілік сөздерге өте-мөте бай, ал қалған сөз таптарында олар соншалықты кап емес деуімізге болады. Ауызекі тілдегі сөз аиырмашылық-тарын жинап-теріп, жеке сөздік етіп шығару жалпы халық тілінің сөз байлығын жете білуге үлкен жәрдем етеді, тіл тарихын салыстырып зерттеуге себін тигізеді. Ара-тұра әдеби тілдің сөз қорын көбейтуге де белгілі мөлшерде қолғабыс жасайтындығы даусыз. Тіліміздегі диалектілік ерекшеліктер негізінен көне тайпа тілдерінің қалдықтары болса, екінші жағынан, басқа тілдерден ауысқан кірме элементтер екендігі дәлелденген. 1937 жылдан бастап, қазақ тіліндегі диалектілік ерекшеліктерді жинау қолға алынды. Сол экспедициялық материалдардың негізінде Ж. Досқараевтың “Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері” атты түңғыш сөздігі 1955 жылы басылып шықты. Сөздіктің алға қойған мақсаты: “Жұртшылықты халық тіліндегі лексикалық ерекшеліктермен таныстыру, олардың әр алуан мағыналарын түсіндіру, ол ерекшеліктердің әдеби тілмен, кейбір басқа тілдермен қатынасын тіл фактілері бойынша салыстырып көрсету” (3-бет) еді. мақ, саяқ, саумалау, собық, сулық, сарымсақ, қотару, қыдырмашы, кыршу, майқандау, айырма, алмалау, түйе табан, үреген түктеу, уық қап, ұрт, т. б. Сөз мағыналарын дәлелдеп түсіндіре алмаушылық та жиі кездеседі. Мәселен, Аржа деген сөзге жаңқа, жіқішке жұқа жәшік деп түсінік берген. Досқараевтың сөз-дігіндегі анықтаманы сөзбе-сөз көшіре салған. Бұған жуқа тақтайша, фанера деп анықтау жөн еді.Қүмыр — суды көп ішетін ауру түрі.. Дұрысында, әдеби тілдегі сусамыр деген синонимін ғана келтіру керек. Доқа деген сөзді де жарғақ деп түсін-дірсе де болушы еді. Ч әрпінен басталатын фонетикалық диалектизм-дерге әдеби тілдегі Ш әрпінен басталатын вариантын келтірудің өзі жеткілікті. Сөздікте авторлар көп жағдайда оған синоним іздеп, берілген анықтаманы қиындатып алган. Осындай азын-аулақ кемшіліктеріне қарамастан, бұл сөздік бүгінгі күндегі қазақ диалектизмдері жөніндегі бірден-бір жөні түзу анықтағыш болып есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет