1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Сөздің лексикалық мағыналарының типтеріне толық тоқталыңыз. Фразеологиялық байлаулы мағынаға мысал келтіріңіз



бет77/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   86
69. Сөздің лексикалық мағыналарының типтеріне толық тоқталыңыз. Фразеологиялық байлаулы мағынаға мысал келтіріңіз.
Сөздердің лексикалық мағыналарының төменде талданатын типтері осы белгілеріне қарай анықталады.
1. Сөздің атауыш (номинатив) мағынасы, ол тура мағына деп те аталады. Лексикалық мағынаның бұл түрі сөздердің шындық болмыстағы заттар мен құбылыстарға, олардың белгілеріне қатыстылығымен байланысты пайда болған.Сөздің затты я құбылысты атап білдіретін мағынасы атауыш (номинатив) мағына деп аталады. Атауыш мағына әр зат-
тың өз алдына дербес мағынасы болып табылады, сол арқылы біз заттарды бір-бірінен айыра білеміз. Мысалы, тау, тас,өзен, көл, боран, жел деген заттық ұғымдар жеке-жеке ата-
лып, бірден атауыштық мағыналарға ие болып тұр.Сөздің атауыш мағынасы заттар мен құбылыстарға жанама түрде емес, тікелей бағытталатындықтан, тура мағына деп ата-
лады, Сөздің тура мағынасы деген ұғымға заттар мен құбылыстардың ауыс я басқадай туынды қосымша мағыналары кірмейді.Тура мағына заттар мен құбылыстардың қазіргі кездегі тұрақты
негізгі мағынасы ретінде танылады. Мысалы, жоғарыда келтірілген атауыш мағынадағы сөздер әрі заттардың тура мағыналары болып саналады. Сонымен бірге әрбір атауыш
сөздің жеке тұрып білдіретін мағынасында еркіндік сипат бар,яғни оның мағынасы еркін мағына болып танылады. Сол себепті атауыш тура мағынадағы сөздер басқа көптеген
сөздермен емін-еркін қарым-қатынасқа түсіп отырады. Мысалы, жақсы сөзінің атауыш мағынасы жақсы қасиет туралы қалыптасқан ұғымы бар сөздердің қай-қайсысымен де
байланысқа түсе алады: жақсы адам, жақсы жер, жақсы қылық, жақсы қасиет т.б.
Сөздің атауыш (номинатив) немесе тура мағыналары толық мағыналы дербес сөздердің бәріне де қатысты. Тек есімдіктердің атауыштық (атау болу) қызметінің өзіндік ерекшелігі бар. Есімдіктер зат, құбылысты, олардың белгілерін,сыр-сипатын тікелей атап білдірмейді, тек толық мағыналы сөздердің орнына жұмсалып, оларды алмастырып, меңзеп білдіріп тұрады. Сол себепті есімдіктердің лексикалық мағынасын меңзеу магына деп атауға болады. Мысалы, біз,олар, кім, не, қалай, қайсы, ештеме деген есімдіктер нақты затты не оның белгілерін атап тұрған жоқ, тек оларды атап білдіретін сөздердің орынбасар көрсеткіші ретінде қолданы-
лып тұр. Сол себепті есімдіктердің меңзеу мағынасы олардың негізгі сөздік мағынасы ретінде сөздіктерде беріліп отырады.Сөздің атауыш я тура мағынасы негізгі сөздік мағына болып табылатындықтан, сөздіктерде сөз мағыналарын талдаудың алғы шарты болып табылады, сөз мағынасын талдау қашанда негізгі мағынадан басталады. Мысалы, түсіндірме сөздікте қобалжу сөзінің мағыналарын талдау алдымен оның «көңілі бұзылу, қатты толку» ( Үсті-басы малмандай су балықшы агалар есіме түсіп, қобалжып кеттім - Б. Тоғысбаев) деген негізгі
мағынасынан басталады, сонан кейін оның «алаң болу, тынышы кету», «қорку, зәресі калмау, үрейлену» сияқты ауысмағыналары, соңында «жүрегі қобалжу», «көңілі қобалжу»
сияқты тіркестік мағыналары талданады. Сөз мағынасы - дамып, жетіліп отыратын құбылыс,
сондықтан сөздің негізгі мағынасы (лексикалық мағынасы)атауыш немесе тура мағынамен шектеліп қоймайды. Сөз әрқашан тек атауыш я тура мағынада айтыла бермейді. Сөздің
атауыш тура мағынасының негізінде туып ербіген, бір тілде сөйлейтін адамдарға түсінікті, қауым таныған ауыс, нақты, абстракты (дерексіз) меңзеу мағыналары болады. Сайып келген-
де, бұлардың бәрі (атауыш я тура мағынамен бірге) сөздің негізгі лексикалық мағыналарының түрлері болып табылады. Лексикалық мағынаның бұл сияқты түрлерін В. В. Виноградов туын-
ды номинатив мағына деп атаған. Тіліміздегі сөздердің бәрі бірдей бір атауыш лексикалық
мағынаны білдіріп қоймайды. Олардың ішінде бірнеше атауыш мағынаға ие болатындары аз емес. Мысалы, көз деген сөздің адамның немесе жан-жануардың көру мүшесін білдіретін бастапқы мағынасы да, күннің көзін, терезенің көзін, бұлақтың көзін білдіретін ауыс мағыналары да лексикалық мағыналарға жатады. Бірақ көз сөзінің аталған лексикалық мағыналарының ара-қатынасы бірдей емес. Алғашқы көру мүшесін білдіретін мағынасы негізгі, бастапқы атауыш мағына да, соңғылары соның негізінде жасалған кейінгі атауыш мағыналары болып табылады.
2. Сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық мағыналары. Оларға сөздің түпкі мағынасы және туынды мағынасы ,омонимдік, синонимдік, антонимдік мағыналары жатады.Түпкі мағына деп тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарағанда ары қарай бөлшектенбей түбір ретінде танылатын, дербес сөздердің мағынасын айтамыз. Түпкі мағына алғашқы немесе
бастапқы мағына ретінде қабылданады. Түпкі мағыналардың пайда болу себебі (мотиві) көп жағдайда белгісіз болып келеді,өйткені түпкі мағынада туынды мағынадағыдай басқа бір
мағынаның әсері, қатысы сезілмейді, ол «өз бетінше» туған мағына ретінде танылады. Мысалы, от, су, күн, түн, таң,жылқы, жаңбыр, өзен, бар, кел, теңіз, көк, қара сияқты
сөздердің осы күнгі белгілі мағыналары тарихи қалай қалыптасқанын қазір дәл басып айту қиын. Олардың шыққан;тегі туралы кейбір деректер ғылыми болжам түрінде этимоло-
гиялық ізденістерде кездеседі. Мысалы, қырғыз тіл білімінің маманы Б. М. Юнусалиев ұйқы сөзі осы мағынаны білдіретін ұй етістік түбіріне -қы өлі жұрнағы қосылу арқылы шыққан:
«белгілі бір міндетті орындау» мәніндегі атқару сөзі ерте кезде қырғыз, қазақ, алтай т.б. халықтарда үлкен адамды немесе сыйлы қонақты кетерінде «атқа мінгізу» салтын білдіретін
ат-қар сөзінен шыққан деп қарайды.1«Ұсақ ақша» мәніндегі тиын сөзі - бұрын терісі ақша ор-
нына жұмсалған тиін аңының атынан шыққан; өңеш сөзі түтік, іші қуыс зат ұғымын білдіретін сөздерге негіз болған өң түбір морфемасына кішірейткіш-еш жұрнағының қосылуынан
шыққан деген пікірлер бар2.Сол сияқты пышақ, пышқы, пішу, пішін, пішім, пішпе
сөздерінің арғы тегінде бір кезде «кесу» мағынасын білдіретін быч/пыш етістігі жатқан деуге болады.Туынды мағына түпкі мағынадай емес, басқа бір мағынанын қатысымен туған, пайда болу себебін (мотивін) түсіндіруге болатын, сөздің кейінгі (екінші) мағынасы болып табылады. Туынды мағына әдетте сөзжасам тәсілдерімен байланысты қарастырылады. Туынды мағына өзін тудырған сөздің мағынасыменбайланысын үзбейді. Мысалы, түбір қон сөзінің лексикалық
түпкі мағынасы қонақ,қоныс,қоныстау,қонағуар,қонаға,қоналқа,қондырғы сөздерінің туынды мағыналарында қашанда сезіліп тұрады.
3. Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған лексикалық мағыналары. Оларға сөздердің еркін және байлаулы (еркін емес) мағыналары жатады.Сөздің еркін мағынасы оның атауыш (тура) мағынасының негізінде пайда болады. Сөз тек атауыш (тура) мағынада қолданыла бермейді. Егер олай болса, сөз өзінің бастапқы атауыш мағынаны білдірумен ғана шектелер еді. Шын мәнінде, атауыш (тура) мағынадағы сөздер шындық өмірдегі заттар мен құбы-
лыстарды білдіретін басқа көптеген сөздермен еркін қарым-қатынасқа түсіп, олармен тіркесіп отырады. Атауыш мағынадағы сөздердің мұндай қарым-қатынасы белгілі бір сөздермен
ғана шектелмейді, әр түрлі сипаттағы сөздердің мол тобын қамтып, олармен тіркесімділігін арттырып отырады. Осылайша сөздің атауыш мағынасының еркіндік (еркін мағына екендігі)
сипаты ашылып, қаншама еркін мағыналы тіркестер жасалады. Бұл тұрғыда еркін мағына байлаулы мағынаға қарама-қарсықойылып қаралады.Сөйтіп, атауыш (тура) мағынадағы сөздердің басқа сөздермен тіркесімділігі кең болған жағдайда туатын мағынасы еркін мағына деп аталады. Мысалы, жас сын есімі жас адам,жас мал, жас агаш, жас бала, жас иіс, жас ет т.б; үлкен сөзі үлкен үй, үлкен адам, үлкен бала, үлкен кітап, үлкен сөз, үлкен
қылмыс, үлкен кінә т.б. тіркестерде еркін мағынада қолданылып тұр. Бірақ сөздің тура мағынада басқа сөздермен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі мол болғанымен, сөз кез келген сөзбен байланысқа түсе бермейді. Мысалы, жас сөзі жоғарыдағыдай сөздермен тіркесіп айтылғанымен, бас, көз,қарындаш, үстел, хабар, газет т.б. сөздермен тіркесе алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет