1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Омонимия туралы баяндаңыз. Семантикалық даму нәтижесінде пайда болған омонимдерге мысал келтіріңіз



бет80/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   86
78. Омонимия туралы баяндаңыз. Семантикалық даму нәтижесінде пайда болған омонимдерге мысал келтіріңіз.

Омонимия (гр. homos — біркелкі, аттас, onyma — есім) — тіл біліміндегі әр түрлі тілдік бірліктердің (единицалардың) мағыналары әр түрлі болып, дыбыстық жағынан сәйкес келетін түрлерін (омонимдерді) зерттейтін ғылым саласы.


Семантикалық даму нәтижесінде пайда болған омонимдерге мысалдар:
I. Қайшы. Бір-біріне қарама-қарсы, кереғар, үйлеспейтін. II. Қайшы. Әртүрлі нәрселерді кесу, қию үшін жүздерін қарама-қарсы бекіткен металл құрал. «Бір-біріне үйлеспейтін, қарама-қарсы, кереғар» деген мағына беретін «қайшы» сөзі, әрине, бұрыннан бар. «Кесетін, қырқатын, қиятын құрал» деген мағына осының негізінде кейін пайда болған. І. Бытыра. Шашырап, тарап бет-бетіне кету. II. Бытыра. Қорғасыннан ұсақ етіп,
домалақтап жасалған мылтық оғы. Заттардын кимылы арасын-
даты уксастык осы омонимдік катардын тууына себеп болган. I. Көш. Дүние-мүлкімен екінші жерге қоныс аударып бара жатқан ауыл. II. Көш. Бір жерден екінші жерге көшу. I. Той. Мереке, жиын. II. Той. Тамақты тойып жеу. I. Тоң. Жер қыртысының суықтан сіресіп, қатып қалған үстіңгі қабаты. II. Тоң. Суық өтіп жаурау, мұздау. I. Ой. Ақыл, ес. II. Ой. Объективті шындық туралы түсінік, пікір, ұғым. III. Ой. Ойпаң, ойыс, төмен жер. I. Қап. Жүннен, кенептен немесе мақтадан тоқылған азық-түлік заттар салуға арналған ыдыс. II. Қап. Ауызбен тістеу. III. Қап. Өкініп, опық жегенде айтылатын ишарат сөз. I. Іш. Ішек-қарын орналасқан мүше. II. Іш. Сұйық затты сіміре жұту, ұрттау. III. Іш. Буэір нәрсенің ішкі жағы. I. Жылы. Күннің, оттың немесе дененің қызуымен жылы қалыпқа келу. II. Жылы. Суық өткізбейтін, денені суықтан қорғайтын. I. Ық. Желден, жауыннан қағыс, таса, қалқа жер. II. Ық. Тайсалу, қарсы тұра алмау. I. Тең. Буылған үлкен жүк. II. Тең. Бірдей, қатар. I. Тамыр. Өсімдіктердің түбір тамыры. II. Тамыр. Қан жүретін жол. III. Тамыр. Дос-жар, көңілдес. I. Ай. Түнде жерге жарық сәуле беріп тұратын планета. II. Ай. Жылдың он екіден бір бөлігін қамтитын мезгіл. I. Күн. Әлемге жарық, қызу беретін планета. II. Күн. Жиырма төрт сағатқа тең уақыт, тәулік. I. Қатар. Заттың тәртіппен тізілген реті, тиісті орны. II. Қатар. Белгілі бір топтың құрамы III. Қатар. Теңбе-тең, қоса қабат, бірге.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет