1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Тақия-төбетей-көпеш, сегізкөз-шонданай, сасу-иістену-аңқу-мүңку жұптары синонимнің қай түріне жатады



бет85/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86
Байланысты:
лексикология

93.Тақия-төбетей-көпеш, сегізкөз-шонданай, сасу-иістену-аңқу-мүңку жұптары синонимнің қай түріне жатады.
Жауап: Бұл сөздер синонимнің мағыналық синонимдер қатарына жатады. Адам баласының өмір тіршілігіне, күн көрісіне, қимыл-әрекетіне, ең қажетті сөздер сөздік құрамның үлкен бөлігін құрайды. Мұндай сөздер стильдік бояуы жоқ бейтарап мәнді болып келеді. Қоғам мүшелерінің барлығына бірдей түсінікті болғандықтан,бейтарап сөздер деп те аталады. Жалпыхалықтың сөздердің есебінен түзілген синонимдер бір-бірінен мағыналық жағынан ғана ажыратылады. Мысалы тақия-төбетей-көпеш деген сөздер мағыналық синоним болып табылады. Тақия деп Кестелеп, сырып жасалған дөңгелек, жеңіл бас киім ал төбетей-жаздық шағын бас киім және көпеш сол сияқты оюланып, кестеленіп жасалған басқа киіуге арналған бас киім.
95.Экспрессивтік-эмоционалды лексика
Сөздер зат, құбылысты, олардың белгі-қасиетін, болмаса іс-әрекетін ғана атап білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамның сезіміне әсер ететіндей стильдік мәнге ие болады. Адамның сезіміне әсер ететін сөздер тобы экспрессивтік-эмоционалды лексика деп аталады. Сөздің экспрессивтік сипаты оның бейнелі, мәнерлі айтылуынан, ал эмоционалдығы оған қоса адамның бір затқа, құбылысқа өзіндік көзқарасын, көңіл күйін, сезімін білдіруінен көрінеді. Сөздін бейнелі, мәнерлі айтылуы мен сезімге әсер ету касиеті бір-бірімен тығыз байланысты.
Эмоция бар жерде экспрессивтік болады. Ол эмоционалдық болуы бар сөздер арқылы білдіріледі. Әсіресе сүйіспеншілік, масаттанушылық, мақтанушылық, есіркеушілік, еркелік, таңырқаушылық, жағымпаздық, қошеметшілік, өшпенділік,үрейлену, сес көрсету сияқты адамның жағымды-жағымсыз
қасиеттерін білдіруде жиі кездеседі. Экспрессивтік-эмоционалды сөздер барлық стильде бірдей қолданыла бермейді, олар негізінен сейлеу тілі мен көркем әдебиетке тон.
Экспрессивтік-эмоционалды лексика әр турлі жолмен пайда болган:
1. Біркатар сөз ешбір қосымшасыз-ақ жеке тұрып эмоционалдық бояуға ие болады.
: 2. Кейбір сөздер белгілі бір текст ішінде эмоционалдық
болуға ие болады.
3. Морфологиялық жолмен пайда болган эмоционалды
сездер. Мундай сөздер еркелету, менсінбеу, елемеу, кішірейту
т. 6. косымшалары арқылы жасалады. Мысалы: құлыншақ,
ботақан, інішек, балақай, ағеке, ағатай, ағажан, қылдырықтай,
алпамсадай т. б.
Экспрессивтік-эмоционалды сөздер бұдан баска фонетикалық жолмен (дауыс ырғағы, пауза арқылы) жасалады:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет