1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Қазақ тіліндегі варваризмдерге сипаттама беріңіз



бет73/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86
Байланысты:
лексикология

55. Қазақ тіліндегі варваризмдерге сипаттама беріңіз.
Варваризмдер тілге етене болып сіңбеген, соншалықты зәрулігі жоқ бөтен тілдің сөзі деген ұғымды білдіреді. Варваризмдерді қолданудың әр түрлі жолдары бар:
1) Кейде халықтың шынайы өмірін, тұрмыс-салтын суреттеп көрсетпек болғанда, сол елдің ұлттық ерекшелігін бейнелеу мақсатымен варваризмдер саналы түрде әдейі қолданылады. Мәселен, неміс халқының өмірін суреттегенде фрау, кухен, кайзер сияқты сөздерді, ағылшындарда сэр, мистер тәрізді сөздер, француздарда мадам, франк, мосье сияқты сөздерді қолдану орынды деп есептелді.
2) Тыңдаушыға ерекше әсер етіп, күлдіру үшін халық ақындары даварваризмдерді қолданады. Мысалы:
Қалқатай, кари глаз екі көзің,
Никогда не забуду айтқан сөзің.
Третий, второйлар толып жатыр,
Ойласам как родился сенің өзің? (Ақан сері)
Астыма мінген атым гнедушка,
Шабамын көңіл ашып немношка,
Не стоить на свете жить етуге
Азырақ ойнап-күлмей молодушка (Он алты қыз)
3) Өзге тілдегі сөздерді сөзбе-сөз аударуға қиын тиген жағдайда, варваризмдер сол қалпында ешбір өзгертілмей алынады. Мәелен, Абай шығармаларында қазақ тіліне сіңбеген мынадай орыс сөздері кездеседі: визит, виноват, военный, образование, уезный, начальник, назначение, закон, занимайся, военный губернатор, судья, дознание, т.б. Араб-парсы тілдеріне тән сөз тіркестері:агләмланған фиғлы хұда ( алланың салған ақ ісі), әддүния мәзрәгәтүл ақирәт (бұл дүние ақиреттің егіні, азығы), хайрун-нас мән янфаәғұн-нас ( адамшылықтың абзалы-адамға пайда келтірілген).
4) Варваризмдер кейде қоғамдағы жағымсыз жексұрын типерді халыққа мазақ етіп келемеждеу үшін де қолданылады. Мысалы:
Барымта мен партия
Бәрі мастық, жұрт құмар.
Сыпыра елірме, сұрқия
Көп пияншік нені ұғар (Абай)
5) Ана тілін білуге мән бермей, оған жүрдім-бардым қарап, тіл шұбарлаушыларды келемеждеу үшін де жазушылар варваризмдерді жиі пайдаланады. Мысалы: Осы наметит еткен жұмыстардан реальный еш нәрсені жарыққа шығара алмадық. (І. Жансүгіров). Марфуға. Вечно сендер маған күлесіңдер. Попробуй қатын болып мұндай күнде тамақ тасуға. Марфуға. Не хорошо! Заниматься етсем, орыс грамматикасын как нибудь білуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет