Қазақ тіліндегі синонимдердің келіп шығуының мынадай жолдары бар 1)Синонимдер көп мағыналы сөздердің есебінен жасалған Тура-тік-түзі-тіке Тура-дұрыс—жөн Тура-дәл шақ 2)Синонимдер сөзжасам тәсілдері арқылы пайда болған,1.аффикстер арқылы Басшы-жетекші Жемқор-парақор Өнім-түсім Ақылды-есті Маңызды-мәнді 2.біріктіру арқылы Ақсақал-отағасы Еңбекақы-жалақы Ұсақтау-майдалау Қанағатсыз-тойымсыз 3.қосарлау арқылы Әп сәтте-жалма жан Сүйіп құшу-айналып-толғану ат-тұрман-ер-тоқым 4.тіркесу арқылы иіс су-иіс май көк ет-бауыр ет тартпа-суырма қасарысу-қырсығу 3.Синонимдер кірме сөздер арқылы пайда болған а)араб сөздері арқылы халайық( халайиқ)-халық жұт ақиқат( хәқиқат)-шындық,растық отан (уәтан)-ел,туған жер әскер (гәскер)-жасақ,қол,шеру ә парсы сөздері арқылы батыр( баһадүр)-батыл,ер шәкірт (шагирд)-оқушы мейман (меһһман)-қонақ зор (зүр)-үлкен б)моңғол сөздері арқылы аймақ (аймаг)-өңір,атырап жасақ (жасаг)-әскер,қол дарқан (дархин)-жомарт,мырза,кеңпейіл в)орыс сөздері арқылы бөтелке (бутылка)-шыны,шөлмек шен (чин)-атақ,дәреже,лауазым сома(сумма)-ақша,баға,құн 4.Синонимдер диалектизмдердің есебінен жасалған.Диалектілік синонимдер әдеби тілдегі сөздермен мағыналас,мәндес келуіне қарай екі топқа бөлінеді 1.сыртқы тұлғасы,дыбысталуы Аданас-аталас,ағайындас Атайман-өте,тым,аса Атымды-құнарлы,шығымды Башалау-салалау,жіктеу,жекелеу 2.сыртқы тұлғасы таныс,бірақ білдіретін ұғымы басқа сөздер.