2.5. Патологиялық-анатомиялық өзгерістер
Ауру 2 түрде өтеді: жіті және созылмалы. Жіті түрінде патологиялық-анотомиялық өзгерістер нашар байқалады.Мұндай жағдайларда жүрек маңындағы қалтада серозды сұйықтық көптеп жиналады және жүрек бұлшық етінде аздаған қанталаулар көрінеді.Тыныс алу жолдары мен асқазан ішек жүйесінің кілегей қабықтары катаральды қабынуға шалдығады.
Ал жіті түрінде тыныс алу жүйесі,танау мен кеңірдектің кілегей қабықтарында іріңді-катаральды эксудат табылады.Бастапқы кезеңде ауру катаральды пневмониямен өтсе, артынан катаральды-іріңді пневмониямен асқынады. Қабыну өкпенің алдыңғы ортаңғы және краниальды бөліктерін қамтиды. Кейде аздаған бронхопневмониялық ошақтар өкпенің барлық жерінде көрінеді. Малдың құрсақ қуысына қанды су жиналуы, оның ішінде жынысы жетілмеген трематодалардың болуы ықтимал. Бауыр ұлғайған, іші қанға толған, түсі қып-қызыл, тіліп жібергенде кан шапшып ағуы мүмкін. Паразит тескен ұлпасына қан құйылған. Ұлпаны саусақтармен мыжығанда қойыртпақ сықпаға ілесіп балаң құрттар шыға бастайды. Фасциолездіңсозылмалытүріңде құрсақ куысы қанның сарқылма суына толып кетеді, бауыр қатайып, үлкейіп, түсі өзгеріп бозарады, қабығының астынан өт жолдары бұлтиып, сұрғылт ақшыл жолақ болып көрінеді. Ағзаны кесіп зерттегенде холангит, холецистит - өт түтіктері мен өт қалтасының қабынуы, үлпершектік (паренхималық) және дәнекерлік - интерстициалды гепатит. Өт жолдары қалындаған, кедір - бұдырлы, кескенде шықырлайды, ішінен сұйық заттармен бірге көптеген сорғыштар табылады. Өті қою, қара қошқыл-жасыл, арасында гельминттер кездеседі. Аурудың ерте кезеңінде экссудатта эритроциттер лейкоциттер және лимфоциттер болуы мүмкін.
Дерматит байқалады,ерекше құрсақ маңында..Бауыр мен бүйректе паренхималық дистрофияға,қанның молаюына байланысты өзгерістер байқалады.Талақ әдеттегідей болады.Көкірек және құрсақ қуыстары лимфалық түйіндері ісінеді,сұрғылт-қызыл түсті,тіліп көргенде мол ылғалды болады.Терінің түгі аз жерлерінде (шап,құрсақ аумағы,күпек) түйіншек,күлдіреуік не қабыршақ бөртпелер болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |