1. Мал түрі: Ірі қара малы Жынысы: Құнажын Тұқымы



бет13/14
Дата06.01.2022
өлшемі341,46 Kb.
#12518
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
2.6. Гистологиялық өзгерістер

Ересек фасциола қанмен қоректенеді 200 құрт 40 мл қан сорады. Сонымен бірге трематода өзінің уытын шығарып, денені уландырады, біртіндеп қан мөлшерін азайтады ,құрамын өзгертеді. Қан сарысуындағы белок құрамында глобулин көбейіп, альбумин кемиді. Қанның қызыл түйіршігі азайғанмен, керісінше эозинофильдер молаяды. Кальций, фосфор, кейбір витаминдердің (А,В12) көрсеткіштері төмендейді.Сорғыш құрттар бауырдың ішкі ұлпаларын зақымдап, өт жолдарын, өт қалтасын қабындырады. Өсіп-жетілген гельминттер өт арнасын түгелімен бітеп тастауы мүмкін. Өттің ішекке қарай жүрмей, жетпей қалуы салдарынан асқорыту ағзаларының атқарар қызметі тежеледі, күрт бұзылады. Бауыр ісініп қабынады, өт жолдарының кілегей қабығы қалыңдайды, зақымдалған ұлпалардың орнын дәнекер ұлпалар басып, ұлғайып , өзінің жұмысын нашар атқара бастайды.

Ал дәнекер тоқымалар молайған сайын бауырдың қан тамырлары тарылады, олар қысымға алынады. Осының нәтижесінде қан тамырларының сыртқы қабығынан сарқылма сулар (транссудат) шығып құрсақ куысына жиналып, шемен пайда болады. Қан айналымының нашарлауынан транссудат тері астына да сіңе бастайды. Бауыр құрылымы бірте-бірте бүлініп, шіруге айналады, қанда, басқа мүшелер мен ұлпаларында бөгде заттар жинақталып, аллергиялық процестің тууына соқтырады. Адолескарийлер, жас трематодалар патогенді микробтардың жануар денесіне енуіне жараланған ішек, қан тамырлары арқылы жол ашып, кейбір жұқпалы дертке душар еткізеді. Іріңдеткіш микрофлора енген жағдайда бауырда абсцесс пайда болуы мүмкін

Жануар денесінде фасциолездің жедел өршуі жас құрттардың сан жағынан өте көп болғандығынан туындайды, ауру мал көп ұзамай әлсіреп өлімге ұшырайды. Егер ол тірі қалса онда дерт созылмалы түрге ауысады. Мал жұқпалы балаңқұртпен аз мөлшерде зақымданса ол фасциолездің созылмалы немесе субклиникалық түрімен ауырады.



2.7. Диагноз

Патологиялық- анатомиялық әдіс арқылы және гистологиялық әдіс арқылы диагноз қойылады.

Патологиялық-анатомиялық әдіс- өлекседен немесе сойылған малдан ауруға тән бауырдағы патология анатомиялық өзгерістерді айқындап, өт жолдарынан құрттарды іздестіреді.( 2-сурет )

Жіті фасциолезге диагноз қою үшін өлген малдың бауырын сойып қарап, ондағы жаңа жетіліп келе жатқан жас бауыр құртын табады. Фасциолездің жіті түрін зерттегенде, бауырды шыны ыдысқа немесе легенге салып майдалап турайды, не болмаса қолмен ыдыратып уақтайды, сосын үстіне су құйып 5 минуттай тұндырады. Осыдан кейін оның бетіне шыққан суды төгіп, тұнбасын зерттейді, 8-10 рет үлкейтетін лупамен қарағанда көптеген ұсақ фасциола құртын көруге болады.. Созылмалы фасциолездің белгілері басқа ауруларға ұқсас болғандықтан, өлген малға диагноз бауырында фасциолалардың болуына және бұл ауруға сәйкес патологиялық және анатомиялық өзгерістеріне қарай қойылады.Фасциолезге диагноз қою үшін эпизоотологиялық мәліметтерді пайдаланып, клиникалық сыртқы белгілерін ескеріп және гельминтокопрологиялық зерттеулер жүргізу керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет