1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні 9 мамыр —


біз Ресейге қосылмаймыз деп



Pdf көрінісі
бет11/17
Дата03.03.2017
өлшемі10,37 Mb.
#5590
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17

біз Ресейге қосылмаймыз деп 

зар-еңіреп жатқанда өз ұлтын 

сатып, Ресейсіз күніміз жоқ деп 

іріткі салғандардың бәрі өз тілін, 

салт-дәстүрін білмейтін, аралас 

неке құрғандар мен орысша 

сөйлейтін дүбәралар сияқты, 

яғни мәңгүрттер екен. Ресей енді 

Қазақстанның солтүстік облыста-

рына ашықтан-ашық қастігерін 

қадап отыр. Ал әлгіндей 

дүбәралар мен мәңгүрттер 

қазақ арасында мыңдап са-

налады. Сондықтан бүгінгі 

ұрпағымыздың ой-санасын, 

ұлттық дүниетанымын, елжанды, 

ұлтжандылығын, отаншылдығын 

оятудың қамына бүгіннен бастап 

кіріспесек, кеш қаламыз! 

Мырзан Кенжебай

Ең әуелі телеарналарда 

кім көрінген келімсектің тілі-

не, бүлдіргі көрсетілімдеріне, 

сайқали саясатына тыйым 

салу, төл тарихымыздың 

шындығын жазып, оларды 

мерзімді баспасөзде күн 

сайын дерлік жариялап, 

шетелдік әуенге ессіз 

еліктеген әншісымақтардың 

орнына ұлттық нақышы 

бар ән-күйлерімізді 

шығаруды және басқа 

да ұлттық бет-бейнемізді 

айқындайтын іс-шараларды 

қолға алмасақ болмайды. 

Әсіресе телеарналардағы 

қазақша хабарларға, 

қазақша көрсетілімдер мен 

қойылымдарға бөлінетін 

уақытты көбейтіп, телеар-

налар басшылығына таза 

қазақтілді, ең ұлтжанды 

азаматтарды, орысшадан 

аудармалап сөйлемейтін 

тілі шұрайлы журналистерді 

қызметке тартуды кешік-

тірмей қолға алсақ, қалай 

болар еді?



МӘҢГҮРТ БОЛМАУЫМЫЗ ҮШІН: 

НАМЫСЫҢ ҚАЙДА, ҚАЗАҒЫМ?

Жас кезімізде ата-анамыз 

айтқанын дереу істей қоймасақ, 

«Әй, сен бірнәрсе айтсам, 

бетіме меңірейіп қарайтының 

не? Мәңгіріп қалдың ба? 

Мәңгүрт болып кеттің бе?» — деп 

ұрсатын еді. Бүгінгі   кейбір 

қазақтарға қарасаң, дәл сол 

марқұмдардың айтқаны есіңе 

түседі екен. Өйткені, осы күні 

қазақтарға, әсіресе орысша 

оқыған немесе бес-алты жыл 

Ресейде, Еуропада оқып келген 

қазақтарға ұлттық тіл, ұлттық салт-

дәстүр, ұлттық тәрбие, атамекен, 

жер-су, ұлттық мемлекет сияқты 

бірнәрсе айта бастасаң, бетіңе 

меңірейіп қарап тұрады.


16

НАМЫСЫҢ ҚА

Й

ДА, ҚАЗАҒЫМ?

30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ 



 ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

Е

ліміздің  қаншалықты  бай  әрі 



өркендеп дамып келе жатқанына 

қарамастан,  жетім-жесірлер  мен 

кедей-кепшіктеріміздің  саны  арта  түспе-

се,  кеміп  отырған  жоқ.  90-жылдардың 

басында  мемлекет  қамқорлығында  тек 

80  мыңдай  жетім  балалар  болса,  соңғы 

мәлімет  бойынша  олардың  саны  120 

мыңға жетіп отыр. Қазақта «Енесі тепкен 

құлынның еті ауырмайды» деген сөз бар. 

Ананың  аялы  алақанының  өзі  әр  сәби 

үшін  «майшелпек»  емес  пе.  Бірақ  сол 

ананың  аялы  алақаны  түгілі,  анасының 

сұлбасын  бір  көру  де  бұйырмаған 

бейкүнә  сәбилеріміз  қаншама?!  Тіпті,  ол 

аз  болғандай,  шыр  етіп  дүниеге  келген 

топырағының өзі бұйырмай, «тірі тауарға» 

айналып,  шетелдіктерге  сатылып  кетіп 

жатқан  мың-мыңдаған  жетімдеріміздің 

тағдыры  ше?  Қоғамды      ақша  билеген 

заман  десек  те,  бейкүнә  сәбилерімізді 

саудаға саларлықтай қазақ елінің басы-

на не күн туды?! Неткен жан түршігерлік 

қатыгездік!?  Қандай  сорақылық!?  Иә, 

мен неге жан түршігерлік деп түңіліп от-

ырмын? Олай болса төмендегі деректер-

ге көз тоқтатып көріңіз. 



Шетелдіктерге сатылған 

жетім балалар 

кімдердің «жемі»?

Әуелі    сол  шетелдіктер  біздің  бала-

ларды  не  үшін  сатып  алады,  оларға  сә-

билердің  («тірі  тауардың»)  қаншалықты 

пайдасы  бар,  соны  барынша  жіліктеп 

көрелік:


— біріншіден, батыс елдерінде баланы 

асырап  алушының  ата-анасы  қаңғыбас, 

мейлі ішімдікке салынған маскүнем болса 

да, кез келген уақытта тастанды баланы 

асырап алуға құқығы бар.

— екіншіден, баланы асырап алушыға 

салық  мемлекет  тарапынан  барынша 

жеңілдетілген.

— үшіншіден, («трансплантация» — ла-

тын  тілінен  аударғанда  бір  адамның 

ағзаларын басқа бір адамға келісімі 

арқылы ауыстыру) трансплантация 

саласымен  айналысатындардың 

дені  қандықол  қылмыскерлер 

екендігі  белгілі.  Оған  жарқын 

мысал  ретінде  Бразилияда-

ғы  ұйымдасқан  қылмыстық 

топтардың  әрекетін  айтуға 

болады.  Олар  тұрмыс  тап-

шылығынан  қиындық  көрген 

кедей-кепшіктердің бір бүйрегін 

10  мың  долларға  сатып  алып, 

оны Оңтүстік Африка елдеріндегі 

сырқат байларға 120 мың долларға 

сатып  отырған.  Қазақстан  шетелге 

жетім бала сатудан Азияда алдына қара 

салмай  келеді.  Осы  салада  қырықтан 

астам жасырын ұйымның жұмысы қарқын 

алып  тұр.  Жыл  сайын  мың  сан  баланы 

көздерін  жәутеңдетіп  шекара  асырады. 

Жасына сәйкес әр сәбиге тұрақты баға да 

қойылған. Мысалы, 6 айлық шақалақ 12 

500  доллар  болса,  6  жастан  асқандары 

арзандап,  5000  долларға  ғана  сатыла-

ды  екен.  Осындай  «арзан  жетімдер» 

біздің елде ғана бар. Бала сату әлемнің 

көптеген елдерінде болғанымен, олар біз 

сияқты  жетімін  кім  көрінгенге  жетектетіп 

жібермейді.  Мәселен,  Германия  мен  Ан-

глияда баланы жалғыз басты адамдарға 

бермейтін  қатаң  заң  бар.  Латвия  мен 

Литваның балаларын тек сол мемлекет-

тен  қоныс  аударған  шетелдіктер  ғана 

асырап ала алады. Израиль мен Армения 

да баланы тек өз ұлтының өкілдеріне ғана 

береді.  Ал  бүгінде  біздің  Қазақстанды 

әлем  мемлекеттерінің  көбі  танып  білді. 

Оларды  біздің  ұлан-ғайыр  кең  даламыз 

ғана  емес,  сол  жеріміздің  астындағы 

тұнып  тұрған  шексіз  байлығымыз 

қызықтырады.  Сол  үшін  де  шетелдік-

тер  бізге  зор  құрмет  көрсетіп,  сыйлаған 

сыңай танытуда. Әрине, олар біздің қара 

басымыз үшін емес, қазынамыз үшін со-

лай етеді. Біз бүгінде мұнайды көп сата-

тын ел ретінде ғана емес, адамды да көп 

сататын ел ретінде әлемге танымалмыз. 

Мұнай  сатудан  әлем  бойынша  төртінші 

орында  болсақ,  бала  сатудан  1,5  мил-

лиард  халқы  бар  Қытайдың  өзін  шаң 

қаптырып, әлем бойынша үшінші орынға 

табан  тіреп  үлгеріппіз.  Елімізде  бүгінде 

шетелдіктерге  бала  берумен  айналы-

сатын  40  -тан  астам  агенттік  бар.  Сол 

агенттіктердің бір баланы шетелдіктердің 

иелігіне  заңдастырып  беруден  табатын 

табысы  35-40  мың  долларды  құрайды 

екен.  Ал  бұл  ақша  кімнің  қалтасына 

құйылып, кімдерді қарық қылып жатқаны 

әзірге  беймәлім.  Бір  анығы  біздің  мем-

лекеттік  органдар  тек  бала  саудасына 

байланысты өтініш  берген ұйымдар мен 

агенттіктерді  тіркеумен  ғана  айналыса-

тын көрінеді. 1993 жылдың 10 мамырын-

да  Гаагада  қабылданған  «Балаларды 

қорғау және шетелдіктердің бала асырап 

алуын қолдау туралы» Конвенцияға қол 

қойылғаннан кейін, біздің Конституцияда 

мынадай тармақтар дүниеге келді. «Неке 

және  отбасы»  заңының  76-бабының 

2-тармағында  «Балаларды  Қазақстан 

Республикасының  аумағында  тұратын 

Қазақстан  Республикасының  азамат-

тарына  тәрбиелеуге  беру  мүмкін  бол-

маған  жағдайларда  ғана  шетелдіктер-

ге,  азаматтығы  мен  тұрғылықты  жеріне 

қарамастан, асырап алуға берілуі мүмкін» 

делінген.  Алайда  бұл  мүмкін  ғана  емес, 

бүгінде нағыз шындыққа айналды. Кейін 

мұны  халық  қалаулылары  2002  жылғы 

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысын-

да талқыға салды. Олардың «сәбилерді 

шетелдіктерге  бергенше,  ең  жақын  ту-

ыстарына  беру  керек»  деген  ұсынысын 

Қазақстан  үкіметі  қолдамай  тастады. 

Сөйтіп,  1999  жылдан  бастап  шетелден 

бала  асырап  алушылар  елімізге  лек-ле-

гімен  келе  бастады.  Мемлекетіміздің  ең 

басты  құндылығы  адам  екендігі  бесене-

ден  белгілі.  Өкінішке  орай,  елімізде  сол 

адам тағдыры, дәлірек айтқанда, ертеңгі 

қоғамның  негізгі  күшіне  айналатын  жас 

жеткіншектеріміздің  саудаға  салынып 

жатқаны  еріксіз  жүрегіңді  сыздатып, 

көзіңе жас үйіреді.  Жылына бестен, оннан 

болса  бір  сәрі  ғой,  мың-мыңдап  шекара 

асып жатқан сол бейкүнә сәбилеріміздің 

қан  жылаған  жүрек  үнін  кім  тыңдап, 

көлдеткен көз жастарын кім сүртеді? 

Жатқа кеткен 

жетімдер саны мен тұрып 

жатқан елдері

1999  жылдан  бері  шетелдік  азамат-

тар  асырап  алды  делінген  желеумен 

8169  қазақстандық  бала  шетел  асқан 

екен.  Бұл  —  еліміздегі  асырап  алынған 

балалардың жалпы санының 21,7 пайы-

зы. Он жыл ішінде жәудіреген жетімдері-

міз әлемнің 30 еліне таратылып үлгерген. 

Біздің  жетімдерімізді  асырап  алудан 

бірінші  орында  АҚШ  (6406  бала),  екін-

ші  орында  Испания  (600  бала),  үшінші 

орында  Бельгия  (343  бала)  тұр.  Одан 

әріде немістер (173 бала), канадалықтар 

(167  бала),  ирландықтар  (140  бала), 

француздар  (131  бала)  жетімдерімізді 

асырап  алған.  Енді  мынадай  бір  қызық 

дерекке  назар  аударалық.  Шетел  асқан 

8169 тұл жетімдердің 3752-сі – қазақтар 

(45,9  пайыз),  4057-сі  —  орыстар  (49,7 

пайыз)  және  360-ы  басқа  ұлттар  (4,4 

пайыз)  екен.  Онда  да  басқа  ұлттардың 

арасында  өзбек,  тәжік,  түрiкмен,  қырғыз 

ұлтының  бірде-бір  баласы  жоқ.  Неміс, 

украин, беларус, татар, поляк, молдован, 

грек,  кәріс,  грузин,  шешен,  армян  және 

ұйғыр ұлтының өкілдері ғана бар. Ал осы-

лайша  шетел  асқан  балаларымыздың 

көбісі  1-3  жас  аралығында  екендігі  тіп-

тен  өкінішті!  Тағы  бір  айта  кететіні  осы-

нау  балалардың  537-сін  жалғызбасты 

әйелдер  мен  еркектер  асырап  алған 

көрінеді.  Хош,  бұл  сатылғандар  мен  са-

тып  алушыларымыздың  «қара  тізімі» 

делік. 


Қазақ  қызын  ұзатқанда:  «Алла 

жолыңды  ашсын,  барған  жерің  баянды 

болсын,  қызым!»  —  деп,  ата-аналары 

ақ  батасын  жаудырып,  Құдай  қосқан 

қосағы  мен  ата-енесіне  аманаттап  тап-

сырып  береді.  Ал  біз  әлі  оңы  мен  со-

лын  танып  білмеген  осынау  бейкүнә 

сәбилеріміздің бұлыңғыр болашағын біле 

тұра, «тозақтың отына» көзін жәудіретіп 

отырып тірідей итере сап, «сауда сақал 

сипағанша» дегендей сыңай танытып, түк 

болмағандай  қарап  отыратындығымыз 

адамгершілікке жата ма?! Жоқ! Жоқ! Осы-

лай еткендердің барлығын қарғыс атсын! 

Өзінің  де  адам  екеніне,  анадан  туылып, 

ұрпақ  өрбітіп  отырғанына  қарамастан, 

осындай  қатыгездікке  жүрегі  дауалаған 

«хайуандардың»  Алла  жазасын  берсін! 

Артық  кетсем  Алла  кешер,  дегенмен 

хайуаннан бұлардың несі кем? Бұларды 

адам дейміз бе, әлде хайуан дейміз бе?

Қыршынынан 

қиылғандар мен 

қорланғандар

Шетелдіктерге  сатылған  жетімдері-

міздің сәби жүрегі мен көлдеткен көз жа-

стары не дейді? Деректерден үзінді келті-

ріп көрейік...

1. Қазақстаннан 2004 жылы бала асы-

рап алған АҚШ-тағы бір отбасының азғын 

әрекеті өткен жылдың аяғында ғана әлем 

жұртын  дүр  сілкіндірді.  Америкалық 

өгей  ата-ана  Джозеф  пен  Линда  Мэй-

оттар  Солтүстік  Қазақстан  облысы-

нан  (Петропавл  қаласындағы  балалар 

үйінде  тәрбиеленуші  8,  11  жасар  ағалы-

қарындастарды)  асырап  алуға  әкетіп, 

оларды  ұзақ  уақыт  бойы  сексуалдық 

қорлықта  ұстаған.  Осыншама  жылдар 

ішінде  педофиль  Мэйоттар  отбасының 

айуандық  азғындауына  ұшыраған  екі 

жасөспірімнің  тағдыры  ешкімді  қызық-

тырмапты.  Не  Қазақстанның  АҚШ-тағы 

елшілігінің  консулдық  қызметін  де,  не 

Білім  және  ғылым  министрлігін  де.  Еш-

кімнен  қайран  болмаған  соң,  Петропавл 

қаласындағы  балалар  үйiнiң  бұрынғы 

тәрбиеленушiлерi 2009 жылы АҚШ поли-

циясына өздерiн асырап алған ата-анала-

ры зорлағанын айтып, шағымданғанымен, 

ол  кезде  ерлi-зайыптылардың  кiнәлары 

дәлелденбеген.  Арада  4  жыл  өткеннен 

кейін  ғана  Мэйоттардың  қылмыстық 

әрекеті  әшкереленді.  Бүкіл  әлем  көз  тік-

кен  сот  процесі  аяқталып,  50  жастағы 

Джозеф  Мэйоттың  асыранды  қызын  8 

жасынан  бастап  зорлағаны  11  эпизод 

бойынша  дәлелденіп,  оған  20  жылға 

бас  бостандығынан  айыру  туралы  үкім 

шықты. Ал оның әйелі Линда 13 жастағы 

жасөспірімді  зорлады  деген  айыппен  22 

жылға темір торға тоғытылды. Он бір жа-

сар асыранды баласын зорлап жыныстық 

қатынасқа  тартқан  Линда  кейіннен  өгей 

ұлынан бала көтергені де соттың зерттеу 

қорытындылары  бойынша  анықталған 

көрінеді.  Бұл  жантүршігерлік  оқиға  ше-

телдіктерге  бала  беру  мәселесінің 

күңгірттігін  дәлелдеп  бергендей  бол-

ды. Бірақ, солай   болды екен деп, оған 

алаңдаушылық  танытып,  басы  ауырып 

отырған үкімет жоқ!

2. Осыдан біраз бұрын АҚШ-тың Техас 

штатындағы «Стар Телеграмм» газетін-

де  америкалық  отбасы  асырап  алған 

қазақстандық  жеткіншек  туралы  жарық 

көрген мақала жаға ұстатқан еді. Мақала 

авторы ата-ананың ыстық алақаны мен 

мейірімін  америкалық  отбасынан  ізде-

ген Мақсат атты қаракөзіміздің өзіне қол 

жұмсағанын  өкінішпен  жазған  болатын. 

Шетелдік газет осы астарлы өлім жөнінде 

«бала  ішқұсадан  қайтыс  болған»  делін-

ген қорытынды тұжырым жасаған.

3.  Сондай-ақ,  ілгеріректе  Америка-

да  жол  көлік  апатынан  қаза  тапқан  5 

жасар  Әлия  мен  4  жасар  Джейсонға 

(Жәнібекке)  американдық  ата-ана  емес, 

қазақы тәрбие ғана керек болған шығар. 

Бірақ  Әлия  мен  Жәнібек  Қазақстанда 

туылған соң, Алла тағала оларға әу ба-

ста  мұсылман  болуды  жазды  ғой.  Бірақ 

біз  олардың  да  тағдырларын  тәлкекке 

салып,  дінінен  айырдық.  Қаншалықты 

Алланың қалауы болар десек те, бұл екі 

сәбидің өліміне де еш себебіміз жоқ деп 

айта алмаспыз.  

4. Американдықтар Қазақстаннан асы-

рап алған балаларын интернет-биржада 

сатып жатыр.

АҚШ-та отбасыдан отбасыға ғаламтор 

арқылы  берілетін  «шетелдік  асыран-

ды  балалар  биржасы»  (Қазақстаннан 

бар)  жұмыс  істейді  деп  хабарлады 

«Российская  газета»  порталы.  «Reuters 

агенттігінің  тілшілері  18  ай  бойы  Yah-

oo  Groups  пен  Facebook  әлеуметтік 

желілерінің  американдық  секторын-

да  және  өздеріне  ұнамай  қалған 

асыранды 

балаларынан 

құтылуға ниетті асыраушы 

ата-аналардың  бірнеше 

онлайн-топшаларында 

жеке журналистік зерт-

теулерін  жүргізген», 

— делінген rg.ru сай-

тында  жарияланған 

м а қ а л а д а . 

А т а л ғ а н д а й , 

жалпының 

кіруге 

рұқсаты  жоқ  жабық 



форумдарда  келесідей 

мазмұндағы  хабарлан-

дырулар  ілінген  екен:  «Біз 

Ресейден  (нұсқалар  –  Қытай, 

Қазақстан,  Камбоджадан...)  қыз  асырап 

алдық,  алайда,  өкінішке  қарай,  оның 

бойынан  неврологиялық  мәселелерді 

(құштарлық  жоқтығы,  агрессиялық  мі-

нез-құлыққа  бейімшілдік  синдромын) 

анықтадық,  өтініш,  оны  орналастыруға 

көмектесеңіздерші...»  Мақалаға  сәйкес, 

Yahoo-дағы  бір  ғана  топшаның  осындай 

мазмұндағы 5029 хабарын тексеріп және 

талдап  шыққан  журналистер  мынадай 

қорытындыға келген: — Әңгіме тек асы-

ранды балалардың басқа отбасыға бері-

луінде ғана емес (заңсыз болса да), ке-

рісінше  асырап  алушылардың  «ығырын 

шығарған»  немесе  «артық»  балаларын 

тікелей  сатуға  кірісуінде  болып  отыр 

делінген.  «Зерттеу  қорытындысы  осын-

дай  сауда-саттықтың  жиі  құрбандарына 

айналған  балалардың  Ресей,  Украина, 

Қазақстан, Африка елдері мен Қытайдан 

екенін анықтаған.

Міне,  балауса  балғын  сәби  денесі-

нің  жаттың  қойнында  жәбірленгенін, 

зорланғанда  араша  түсер  ешкімнің 

болмағанына  қорланғанын  айтып,  сот 

алдында етегі жасқа толып еңіреп тұрған 

қаршадай  қыздың  келбетін,  адамдық 

арыңызбен ақылға салып, көз алдыңызда 

елестетіп  көріңіз!  Осылардың  тағдырын 

ойлап  торыққанда,  бұларға  қарағанда 

еліміздегі  жетімдеріміз  тым  болмағанда 

өз  елінде  ғой  деп,  аласапыран  көңіліңді 

жұбатқан  болады  екенсің.  Хош!  Соны-

мен кеткені кетті, кеткендердің тағдырын 

Аллаға  аманаттап  тапсырдық  делік.  Ал 

«тірі тауардың» қара тізіміне ілігіп кетпей, 

елде  қалған  жетімдеріміздің  жағдайын 

тәптіштемей-ақ,  олардың  да  санына  бір 

тоқталып өтелік.

Соңғы статистикалық 

көрсеткіштер не дейді?

Ресми  ақпараттарға  сүйенер  болсақ, 

республикамызда  бүгінде  жетім  ба-

лаларға  арналған  44  балалар  үйі  мен 

22  мектеп-интернат  бар  көрінеді.  Рес-

ми  тіркеуде  75000  жетім  бала  бар  екен. 

Олар  660  интернат  ұйымдарында 

тәрбиеленуде.  Олардың  ішінде:  жалпы 

және  санаторий  түріндегі  мектеп-интер-

наттарда  —  37  541  бала,  мұқтаж  бала-

лар  мен  жасөспірімдерге,  мінез-құлқы 

девиантты  балаларға  арналған  мек-

теп-интернаттарда  —  884  бала,  отбасы 

үлгісіндегі  балалар  үйлерінде  281  бала 

тәрбиеленуде.  Мектеп  жанындағы  ин-

тернаттарда  —  15  096  бала,  балалар 

үйлері  мен  жетім  балаларға  және  ата-

ана  қамқорлығынсыз  қалған  балаларға 

арналған  мектеп-интернаттарда  —  12 

574  бала,  кемтар  балаларға  арналған 

түзеу  мекемелерінде  12  599  бала 

ерекше  тәрбиелену  жағдайларында 

көрінеді.  Ал  жоғарыдағы  шетелдіктерге 

асыраттық деген желеумен сатып жібер-

ген 9 мыңдай сәбиімізді былай қойғанда, 

еліміздің  әр  облыс  орталықтары  мен 

қала-қалашықтарындағы,  жертөлелерді 

паналап  күн  көріп  жүрген  үй-күйсіз 

қаңғыбастар  қатарындағы  балалары-

мыз  қаншама?!  Толықтай  отбасы  болса 

да, бастарында баспаналары жоқтықтан, 

күні ертең-ақ сол баяғы жетімдердің кебін 

киюге әзір тұрғандары қаншама?! Неге? 

Бұл сұрақтың нақты жауабын бүгінгі би-

лік  басындағы  шенеуніктер  мен    халқы 

үкілеп үміт артып сайлаған депутаттары-

мыз беретін шығар деп үміттенейік. 

Дінімізде апат

Енді  осыған  байланысты  көкейдегі 

ой-пікірлерімді ортаға салайын. Осылай-

ша  жеткіншек  ұрпақтарымызды  әр  жыл 

сайын  мыңдап  шетелдіктерге  таратып 

берерліктей  қазақ  елінің  басына  не  күн 

туды?  «Бұдан  да  жаман  күнімде  тойға 

барғанмын» демекші, не десек те, мейлі 

хан,  мейлі  қара  болсақ  та,  барлығымыз 

да  анадан  туылып,  ақ  сүтін  еміп,  мей-

ір-махаббатын  көріп  өстік  қой.  Адам 

тағдыры қолдан жасап алатын ойыншық 

емес. Сол мыңдаған жетімдеріміздің же-

тім  қалуына  олар  кінәлі  емес.  Шыр  етіп 

дүниеге келгелі тастанды, жетім, жетімек 

атанып, қолдан-қолға  өтіп, ақыры жетім 

балалар  үйіне  келгелі  ғана      өздеріне 

туа  да  бұйырмаған  аналық  мейірімге 

толы  аялы  алақанның  жылуын  сезініп, 

өздерінің  тәрбиелеушілерін  анасын-

дай  сезініп,  оған  әбден  бауыр  басыр 

шүлдірлеп,  «мамалай»  бастағанда  көз-

дерін жәудіретіп отырып, тілі де, діні де 

бөлек  жат  шетелден  бірақ  шығардық. 

Қандай  қатыгездік,  қандай  мейірімсіздік 

десеңізші?!  Аурушаң,  әлжуаз  балалар-

ды  ғана  шетелдіктердің  асырап  алуына 

бергенбіз  деп  бүркемелеп,  ақталудың 

да,  жалтарудың  да  еш  жөні  жоқ.  Бүгінгі 

халық  ақымақ  емес,  сонау  мұхиттың 

арғы  жағынан  бізден  келіп  ауру-сырқау 

балаларды ғана таңдап алатын олар да 

есалаңдар емес қой. Солардың бойында 

қазақтың қаны, ата-бабаларымыздың ар-

ожданы, биік рухы бірге кетті. Біз олармен 

бірге дінімізді де, ана тілімізді де саттық. 

Бүгінде (сыбайласып) жалға берген жер-

леріміздегі  шетелдік  алпауыттарды  ең 

болмағанда  экологиямызды  ластағаны 

үшін  тәртіпке  келтіре  алмай  отырып,  әр 

елге тоз-тоз болып кеткен сәбилеріміздің 

құқын қорғаймыз дегенімізге жол болсын 

дегеннен басқа айтарымыз жоқ. Қалайда 

адамдық  деген  ұлы  қасиетті  ұмытып, 

аяққа  басып,  ең  сорақы  қатыгездікке 

барып  отырғанымызды  мойындап,  бұл 

әрекетке  заңды  түрде  біржолата  тыйым 

салғанымыз дұрыс. Қараусыз, асыраусыз 

қалса да, сол жетімдер өз елінде, өз же-

рінде болсын дегеніме тілектес адамдар 

үн қосады деп сенемін.    

Бағдал Ақынұлы

Біздің жетімдерімізді асырап алудан бірінші 

орында АҚШ (6406 бала), екінші орында Испания 

(600 бала), үшінші орында Бельгия (343 бала) тұр. 

Одан әріде немістер (173 бала), канадалықтар 

(167 бала), ирландықтар (140 бала), француздар 

(131 бала) жетімдерімізді асырап алған. Енді мы-

надай бір қызық дерекке назар аударалық. Ше-

тел асқан 8169 тұл жетімдердің 3752-сі – қазақтар 

(45,9 пайыз), 4057-сі — орыстар (49,7 пайыз) және 

360-ы басқа ұлттар (4,4 пайыз) екен.

Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады

Жерде жетім жыласа, көкте періште қайғырады

ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ 

ЖƏНЕ 



ЖАН ТАЗАЛЫҒЫ

«...Кішкентай қыз теледидар 

экранынан Африканың аш 

балаларын көрген кезде, олар жесін 

деп нан қоқымдарын теледидардың 

арт жағындағы саңылауларына үнемі 

тастап тұрған екен...Біз мейірімділікті 

кішкентайлардан үйренейікші, 

ағайын!»

(27 ақпан 2014 жылан жылы

 «ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газеті) 

Тілші Мирас Кесебаевтің «Кішкентай 

сәби Африканың балаларына қалай 

көмектесті?» атты мөлтек әңгімесінен 

кейінгі толғаныстан туған толғау.

Құла жирен, құлаша таң, құла таң,

Айыр бура, шудалы бұлт, бұла таң.

Өркешіңде өркениет жылап тұр,

Өмір деген Тәңір – алды сынақ бір.

Нардай шөгіп тау біткеннің қарасы,

Боздап жатыр нар қоспақтың баласы.

Желбұйдасы жібектенді ғасырдың

Шырмап алды шырғал шыңның 

                                         басын мұң.

Қайыс тартпа, күміс доға, айыл-дүр,

Ер құлауға, ат тулауға дайын жүр.

Астаң-кестең ер-тұрманы бауырда,

Жыланбауыр қамшы ойнайды 

                                              сауырда.

Тебінгісі терге малшып жыртылған

Әлем, сенің әлем-жәлем түр-тұлғаң!..

Бір сұмдыққа бет түзеген кекілдім,

Қайырады бұл сұмдықтың бетін кім!?..

Маңдайдан қан, көзден жасы кетпеген —

Жұмыр жерде жүріп келем еппенен.

Жетім көген, жесір желі, қыл шідер,

Көңіл босап, көзіңе жас іркілер.

Бота боздап, құлын жүрек шұрқырап —

Көрінгеннен көңілге бақ тұр сұрап.

Қара тастай ниет біткен күмілжі,

Ауыз ашсаң көмейіңе үңілді.

Маңыраған қошақандай түртіншек

Қу тірліктен қалар пенде бір күн шет.

Бәрі жалған, өткінші бұлт күркілдек,

Ақ жаңбыр боп жылап алар 

                                             бір күн кеп.

Көз жасыңнан өмір-дастан тамшылап,

Ажал келіп айыл-төстен жаншымақ.

Сол бір сәтте иманнан гүл іздерсің,

Тән қалауын Тәңір тұсап, тіздерсің.

Жан сарайың гүл тағынсын иманнан,

Хақтан мейір, халалдан дәм жиған жан.

Болашақтың жарқын күні – жан нәрі,

Нұрлы талап, таза рух бар мәні.

Сәби тілек мөлдір бұлақ нұрдан-ды,

Жан кірлесе, жаһанды Хақ ұрған-ды.

Бүлдіршіндер — жұмыр жердің қорғаны,

Жүректерім бұлбұл құстай тордағы.

Жан тазармай, жарқырамас күніміз,

Өңкей дүрміз, өзімшілміз, ұлымыз!..

Кісіліктің келбетінде барлық бақ,

Алтын берсе ауыстырма сандықтап.

Иман-ұят, ар мен намыс, әділдік —

Соқыр әлем сол даңғылдан жаңылдық.

Сәби көрсең: «ПЕРІШТЕ!» — деп 

                                        мақтап тұр,

Солар үшін Құдай жерді сақтап тұр.

Тазалыққа тәуелдіміз кіл мұңдық,

Әр бүлдіршін — бір-бір бақыт, бір-бір құт!!!

Жолдас болмас атақ-мансап, 

                                               жиған да,

Жарқын күннің жалғыз кілті иманда!!!

«МӘҢГІЛІК ЕЛ» болмақ болсаң зайырлы,

Ұл өсіргін қанағатшыл, қайырлы!..

Ханың болсын Құдай сүйген ұлықты,

Қызың болсын ұлыңа сай қылықты.

Халқың болсын иман шамын күзеткен,

Бірін-бірі үнсіз сүйген ізетпен.

Құдай сүйген ғалым менен ғылымды,

Бала сұра ұятты һәм ұғымды.

Көкірегін мұнар басқан, шаң басқан,

Біздің ғасыр — қан тілеген алдаспан.

Жатсақтағы арам пиғыл, жастап кір,

Дүниені СӘБИ-ТІЛЕК сақтап тұр!..

Сәби күлді, күлкісінен бақ таптым,

Бала тілек, шырын шындық, аппақ күн.

Тазалықтан ажырамас жүрегі,

Сәбилер ғой тыныштықтың тірегі.

Бай — патшасы, би — төресі заманның

Сәбилерге кілтін бергін ғаламның!..




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет