1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні 9 мамыр —


Қасиетті үш айда жасалған жақсылықтар



Pdf көрінісі
бет15/17
Дата03.03.2017
өлшемі10,37 Mb.
#5590
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Қасиетті үш айда жасалған жақсылықтар 

мен ғибадаттарға сауап еселеніп жазылады. 

Ғалымдардың айтуынша, жай кезде Құранның әрбір 

әрпі үшін он сауап жазылса, Ережеп айында ол сауап 

жүзге, Шағбанда үш жүзге, ал Рамазан айында мыңға 

шығады. Жұма түндерінде мыңдап, ал Қадір түні отыз 

мыңға шығады. Осы тұрғыдан келгенде, сауапқа 

ынтық жандар үшін бұл айларды шүкіршілік, салауат 

айтып, жалбарына тілек тілеп, нәпіл құлшылықтармен 

тиімді өткізудің берері мол.

Дайындаған — Мирас Кесебаев

ИМАНДЫЛЫҚ НҰРЫ

Ережеп айы биыл 

сәуір айының 30-шы 

жұлдызында кіреді. 

Рағайып түні ма-

мыр айының 1-інен 

2-сіне қараған түнге 

сәйкес келеді. Бұл 

ай Ислам дінін-

дегі қатар келетін 

қасиетті үш айдың 

алғашқысы болып та-

былады. Қалған екеуі 

Шағбан мен Рама-

зан деп аталады. Бұл 

айлар Жаратушы 

иенің пенделеріне 

ерекше рақымдылық 

танытуымен, аса 

мейірбандық 

көрсетуімен ерек-

шеленеді.

Ережеп айында 

рахметке асық!

Қазы ұлттық бренд бола ма? 

Спортшыларымыздың 

бойына күш-қуат бе-

ріп, денінің саулығына 

кепілдік беретін ұлттық 

тағамдарымыздың атақ-

даңқын күллі әлемге паш 

етіп, оны ұлықтай 

білу, оларды 

ұлттық бренд-

ке айналды-

ру  байырғы 

ұлт — қазақ 

үшін басты 

мақсат бо-

луы шарт. 


ӨНЕГЕ

20

ОТБАСЫ

30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

Б

ұл      өте  ертеректе      болған    оқиға, 



сондықтан    талай    адамдар  ұмытып  та 

кеткен болар.  Солай болғаны да дұрыс. 

Бірақ,      неге  екенін  қайдам,    мен  оны  ұмыта  алма-

дым.    Ол  жастау  кезім  болатын,  екі  баланың  анасы 

едім.  Аудандық  атқару  комитетінің  жауапты  хатшысы 

болып қызмет атқаратынмын.  Үлкен  кентке жақын жер-

дегі    ауылға   кішкене балаларымды демалысқа  апарып 

тастағандықтан,   тез   жетуге асықтым.  Қыстың ызғары  әлі 

де кете  қоймаған сәуір айы еді. 

  Автобустардың  бірі  келіп,  бірі  кетіп  жатқан  автобекет-

те біраз жол тосып тұрып қалдым.  Ол кезде     барлығы тек 

қана  автобуспен  қатынайтын  болғандықтан,  халықтың  қарасы  

көп  еді.    Әсіресе  жастар  жағы  шоғырланып  жиналып,  өзара  

әңгімелесіп, күлісіп тұрды. Шеткерек тұрған едім. Кенет: «Мында 

бала жатыр. бала жатыр!» — деген жігіттің дауысы  естілді. Жалт 

қарасам, құлауға айналған автобекеттің көне әжетханасының ер-

лер  жағынан  бір  жігіт  жүгіріп  шығып,  әйелдер  жағына  кіріп  кетті. 

Соңынан ілескен екінші жас жігіт те артынан ілесе кірді. Не болғанын  

түсінбеген  жұрттың  назары сол жаққа ауып,  аң-таң болып  қарап 

қалыпты.  Менің    үрейден    жүрегім  еріксіз  дір  етті.  Екі-үш  әйелмен 

ілесіп, әжетхана жаққа қарай жүгірдік. Барсақ, алдымен жеткен  жігіт  

үстіндегі киімін шешіп, әжетхананың  кісі бойындай шұңқырына лас 

екеніне қарамай түсіп  жатыр екен. Түрі бұзылған екінші жас жігіт:

—  Шұңқырда  жас  нәресте  жатыр.  Біз    жылаған  дауысын  естідік, 

— деп,  сасқалақтап ішке қарай ұмтылды.  Мұндай сұмдықты бұрын 

көрмеген  басым    шекем  шың  етіп,  көзім  қарауытып  кетті.  Сол  екі 

ортада әжетхананың шұңқырына түскен жігіт:

— Мына  нәрестені костюмге орап ал, үсті-басы лас, — деп сыртта 

сасқалақтаған жігітке дауыстады. Жас жігіт  үстіндегі костюмін ше-

шіп, шұңқырдан  шығарған шақалақты орап алды.  Өз көзіме өзім 

сенбедім, үсті-басы лас, кіндігі  кесілмей салбыраған  шақалақтың  

іңгәлаған    дауысы  әзер  шығады.  Менімен  бірге  барған  бес-алты 

әйелдер жүректерін ұстап, шу ете қалды.

— Ойпырмай, ұл бала ғой!  Әжетханаға  туып тастап кетуге кімнің 

ғана  дәті  барды  екен?      Қалайша  нәжіске  тұншығып  қалмаған? 

Періштесі  қаққан  ғой.  Енді    жігіттер  сәл  кешіксе,  нәресте  ажал 

құшады екен, — деген дауыстар жан-жақтан  естіліп,  жұрт  шуыл-

дап кетті. Сол екі ортада әлдекімдер милиция шақырып, олар-

мен бірге «Жедел жәрдем» машинасы да жетіп үлгерді. Қарап 

тұрмай, қалтамнан орамалымды алып, қып-қызыл шақалақтың 

бетін сүртіп үлгердім. Қара шашты,  жүзі ақшыл, балпанақтай   

нәрестенің  ұлты    қазақ  екені      айтпаса  да  түсінікті  болды.  

Жан-жүрегім ауырып, бей-жай күйге түстім. Мен де анамын 

ғой,    тоғыз  ай  көтерген    сәбиін  ажалға  өз  қолымен  қиған 

белгісіз қызға қаным қайнап, жұдырығым түйіліп кетті.

Бұл  әңгіме  кент  тұрғындары  арасында  ұзақ  уақыт 

ұмтылмай  айтылып  жүрді.  Ал  аурухананың    балалар  

бөлімшесіне    алып  кеткен    нәрестенің    тағдыры  мені 

қатты  алаңдатқаны  әлі  есімде.  Ол  кезде        жаңа 

туған сәбилерді асырап алудың өзі өте қиын шаруа 

болатын.  Қаншалықты  жұмысбасты  болсам  да, 

ауруханадағы  таныс  дәрігерлермен  сөйлесіп,  

баланың    хабарын  біліп  отырдым.  Ақыры 

жаңа  туған  нәрестенің  денсаулығы  толық 

тексеріліп,    ешбір  қауіп-қатер  жоқ  еке-

ні  анықталыпты.    Сол    қазақтың  жаңа 

туылған сәбиін    бір  балаға зар бо-

лып жүрген  кәріс ұлтының   отба-

сы  асырап алды.    Күйеуінің аты 

есімде  жоқ,  ал  әйелінің  аты 

Катя  еді.    Шағын  кентте 

бір-бірімізді  жақсы  та-

нимыз,  балаға  ана 

болатын    жақсы 

әйел    екенін 

білген-


діктен  көңілім жадырап, жай тапты.

Күндердің күнінде бес-алты ай өткенде көшеде келе жатсам,  Катя   

әлгі баланы бесік арбаға салып алып, қыдырып жүр екен. Қуанып ке-

тіп, жүгіріп бардым. Бесікте жатқан әппақ жүзді, қара көзді  сүйкімді 

сәбиді көргенде жаным елжіреп кетті.  Көзім тиіп кетпесін деп, жерге 

түкіріп жатырмын. Ал Катя болса мәз-мейрам болып күледі.

— Катя, келші қолыңнан сүйейін, — деп қолынан ұстадым. Менен 

мұндай ықылас күтпеген ол:

— Рақмет, рақмет! — деп жатыр.

—  Катя,  осы  бала  сені  қартайғанда  асырап-бағады,  —  деп    риза 

болып, алғыс айтып жатырмын.   Шағын кентте құпия жатпайды, бала 

бір  жасқа  келмей  жатып  Катяны  күйеуі  тастап  кетті.  Алайда  оған 

мойыған әйел жоқ, кішкене баласын өсіріп, өмір сүріп жатты. Жаңадан 

салынған үйден екі бөлмелі пәтер алды. Кішкене Темірланы да  күн 

санап өсті. Балабақшаға барды, одан кейін мектептің табалдырығын 

аттады.  Қарасаң    көз  тоймайтын  ажарлы    баланы  көріп,  өзіміз  де 

қызығып    жүрдік.  Уақыт  шіркіннің  дөңгелегін  кім  тоқтатқан,  жылдар 

жылжып  өтіп  жатты.  Ал  Катяның  ұлы  өте  әдепті,  тәртіпті,  ақылды 

бала болып өсті. Бір күні Катяның анасы аяқ астынан қайтыс болып 

кетіп, жерлеу рәсіміне қатыстық. Қарасақ, сол кезде он жасқа келіп 

қалған Темірлан «апам өліп қалды» деп бода-бода болып жылап тұр. 

Оны көріп, бәріміз еріксіз көзімізге жас алдық.

Одан кейін  Темірланды  мектепті бітірген кезде бір көрдім. Спорт-

пен үздіксіз айналысқандықтан бойы өсіп, шымыр денелі, сымбатты 

жігіт  болыпты.  Анасымен  екеуі  қол  ұстасып  бірге  жүреді.  Баланың 

анасын қатты сыйлайтыны соншалық, айтқанын екі етпейді екен. Со-

дан жоғары оқу орнына түсті. Дипломын алғаннан кейін әскери боры-

шын өтеу үшін  өзі сұранып кетті. Келгеннен кейін жақсы бір қызметке 

тұрып, отбасын құрды. Осы сәтте Катя аяқ астынан  қатты ауырып, 

екі аяғынан баса алмай қалды. Сол кезде әлгі  еңгезердей жігіт болған 

ұлы анасын арқалап, апармаған жері қалмады. Қазақстанды қойып, 

Ресейдің  қаласына шейін апарып анасын емдет-

ті.  Жігіттің еңбегі  ақталып, Катя өз бетінше 

таяқпен  жүретін  халге  келді.  Жағдайын  

сұрағандардың бәріне:

—  Темірланым  мені  о  дүниеден 

қайтарды,  жарығым.  Егер  балам 

болмаса,  күнім  не  болар  еді? 

— дейтін  Катя   мақтаныш  се-

зіммен. Сол кезде сәбиді тапқан 

ана  емес,  асырап  өсірген 

адам  шын анасы екенін біл-

дім.  Қазір  Катя    зейнеткер-

лікке  шығып,  ел  қатарлы  

өмір  сүріп  жатыр.  Әлі  де 

қыңқыл-сыңқылы  жетер-

лік.  Алайда  қас-қабағына 

қарайтын    жанында    ұлы 

мен келіні бар.  Өсіп келе 

жатқан  екі  немересі    де 

қолғабыс  етуге    жарап 

қалды.    Келіні  де  енесін 

сыйлап, жаны қалмайды. 

Өйткені  Темірланға  ана-

сынан    асқан    қымбат  

жан    жоқ    екенін  жақсы 

біледі. Өздері  жұмыс ба-

бымен  қалада  тұрса да, 

шағын  кентті мекен еткен  

аналарының 

жанынан 

кез  келген  уақытта  табы-

лады.  Соңы    жақсылыққа   

әкелген    осы    оқиға    есіме 

түскен  сайын    Алладан  ба-

ланы  не  үшін  тілейтінімізге 

жауап табамын. 

Нұрила Бектемірова

АЛЛАДАН 

БАЛАНЫ НЕ ҮШІН 

ТІЛЕЙМІЗ?

(Ќаз-ќалпында)

«

Келін  жақсы  болса,  үйіңе  көп  кісі  ке-



леді.    Келін  жаман  болса,  келген  кісі 

кеткісі келеді. Ас құй десең, төккісі ке-

леді, төкпей құй десең, сөккісі келеді», — де-

ген Шал ақынның тапқыр сөздерінен-ақ қазақ 

халқының келіндерінің мінез-құлқына аса мән 

беретіндігін  байқауға  болады.  Келінді  ұрпақ 

жалғастырушысы  ғана  емес,  оны  әулеттің 

ырысы,  құт-берекесі,  ұлт  болашағының 

ұйытқысы деп тани білген. Жалпы, қазақтың 

келіні кім? Келіннің отбасындағы, қоғамдағы 

рөлі  қандай?  Жаңа  заман  келіні  қандай  бо-

луы керек? Келін тәрбиесімен кім айналысуы 

қажет?

Егер  халқымыздың  арғы-бергі  тарихына 



зер  салсақ,  халқымызда  ел  ішіндегі  дау-

ды  бір  өзі  шешіп  билік  айтып,  ел-жұрттың 

ынтымағы  мен  тыныштығын  сақтай  білген, 

көркіне ақылы сай келіндер аз болмаған. Мы-

салы, ХV ғасырдың аяғы мен ХVІ ғасырдың 

бас кезінде қыпшақ руының қызы шымыр ру-

ына келін болып түскен кезінде Тәттібике апа-

мыз,  ал  ХІХ  ғасырда  дүркіреген  бір  әулетке 

келін  боп  түскен  Құдайбайдың  қызы  Бидаш 

есімді әйелдің ақылдылығы мен кемеңгерлігі 

нәтижесінде ел арасында «Бидаш би» атанып 

кеткені  туралы  деректер  жазба  әдебиетінде 

бар.  Сондай дана келіндердің бірі — Төле би 

бабамыздың келіні Данагүл.

Құдайға  шүкір,  одан  кейінгі  жылдарда  да 

халқымыз  парасат-пайымы  жарасқан  келін-

дерге кенде болған емес. Мысалы, қазақтың 

хас  батыры  Бауыржан  Момышұлының  келі-

ні Зейнеп Ахметова, барша алаш жұртының 

асыл азаматы Иманғали Тасмағамбетовтың 

анасы Ділдә Тасмағамбет келіні де бүгінгі күні 

келіндердің көш басында келе жатыр. Бірақ 

бүгінде  киелі  атқа  кір  келтіріп  жүрген  келін-

деріміз көбейіп бара жатқаны өкінішті. Қазіргі 

келіндерден ертеректегідей ұзын көйлек кию-

ді, басына күні-түні орамал байлауды, үлкен-

кішіге келіп сәлем беруді көпшілік талап ете 

бермейді. Бірақ жас келіннің шығыс елдеріне 

тән сәнді, ықшам киінгені артық емес-ау деп 

ойлаймыз. Шолтиған қысқа көйлек киіп, жар-

тылай  жалаңаштанып  тұрғанының  немесе 

тар шалбар кигенінің, кірпігі мен көз айнала-

сы қалың бояудан сатпақталып тұрғанының, 

мен  мұндалап  көзге  ұрып  тұрғанының  несі 

жөн?!  Несін жасырамыз, ертеден сақталған, 

қанға  сіңген  ата  дәстүрлеріміз  бірте-бірте 

көмескіленіп,  тіпті  кей  жерлерде  ұмытылып 

бара  жатқанын  мойындауымыз  керек.    Бір 

ерекшелігі,  кешегінің  келіндері  аталары  мен 

қайнағаларына  жарастықпен  иіліп  сәлем 

сала  білген.  Бұған  қоса,  халқымыздың 

салт-дәстүрлеріне  сәйкес,  келін  атаулы 

қайнағаларының  есімін  тіпті  де  атамай, 

оларға «Төре аға», «Мырза аға» секілді жана-

ма есімдерді берген. Сондай-ақ, бұрынғының 

келіндері қайын інілеріне де жарасымды ат-

тарды таңдап, қоя білген. Бір өкініштісі, қазіргі 

күні кешеден бүгінге жеткен осындай салауат-

ты әрі тәрбиелік мәні зор салт-дәстүрлеріміз 

жаңаның қалтарысында қалып барады. 

Келін – бір жанұяның діңгегі, отбасындағы 

әрбір  мүшенің  тәрбиешісі.  Ол  –  қазақ 

қыздарына  өнеге  бертін  тұлға.  Ұлттық 

құндылық  пен  асыл  салт-дәстүрімізді 

дәріптеп,  инабатты  да  ибалы,  тәртіпті  де 

тәрбиелі  қыз  тәрбиелеудің  орнына  бойын 

батыстың  идеологиясы  билеген  келіндер 

қандай  өнеге  көрсетіп  жүр  дей  аламыз? 

Бүгінгі келіндер қайын енесін сыйлап, қайын 

ата,  қайынағаларын  қалай  құрметтеуді 

білу  былай  тұрсын,  отағасын,  өз  күйеуін 

«Пәленше,  Түгенше»  деп  атын  атайтыны 

қандай  сорақылық!    Отбасында  осындай 

тәрбие көріп өскен қыз бала ертең қандай ке-

лін болмақ!? Осы таңдағы қоғамда шешілмес 

мәселеге айналған «отырған қыз», «карьера 

қуған  қыз»  деген  түсініктер  және  ең  жанға 

бататыны баласын көшеге тастап кетіп, «та-

станды  бала»  атанған  сәбилердің  көбеюінің 

түп негізі қыз тәрбиесінде жатқан жоқ па? Ал 

бүгінгі ару қыздар — қазақтың ертеңгі аяулы 

келіндері ғой!

«Келін  ененің  топырағынан  жаралады» 

дейді  халық.  Жас  келін  әулет  үшін  жаса-

латын  қасиетті  де  киелі  міндетін  мүлтіксіз 

атқарып,  болашақта  еңбекқор,  ізетті,  ақ 

жарқын,  көпшіл  ана  болуына  әжелер  мен 

енелердің  өмірлік  тәжірибесі,  келінге  берер 

ақыл-кеңесі  маңызды  емес  пе?  «Современ-

ный»  қайын  енелер,  абысындар  жас  келінге 

қандай  өнеге  көрсетіп  жүр  бүгінде?  Мұның 

жауабы  ретінде  келін  түсіру  тойындағы 

көріністі айта аламыз. Үлбіреген келіннің екі 

жағындағы  орамал  салмаған,  жалаңбас,  ол 

аз десеңіз, шалбар киіп алған екі жеңгені — 

«современный»  абысындарды  бәріңіз  көріп 

жүрсіздер.  Олар  жаңадан  босаға  аттаған 

жас келінге қандай өнеге көрсетіп тұр?  Ке-

лін  сәлемінің  мәні  зор,  мағынасы  терең.  Өз 

үйінен  кетіп,  түскен  босағасына  бірінші  рет 

кіргенде келін шаңыраққа үш қайтара сәлем 

салған. Жас келіннің екі жағында екі жеңгесі, 

яғни сол шаңырақтың бұған дейінгі түскен ке-

ліндері (абысындары) үлкендерге иіліп сәлем 

салғызған.  Қайын  енесі  мен  абысындары 

жас  келінге  әулеттегі  үлкен  адамдарды  та-

ныстырып, сәлем салуды ескертіп, олардың 

алдынан  кесіп  өтпеуді  қадағалап  отырған. 

Білмегенін  үйретіп,  қамқорлық  танытып 

жүрген.    Ал  қазіргі  таңда  сәлем  салғандағы 

шалбарланған  екеудің  іс-әрекеті  сырт  көзге 

қалай  көрінер  еді?  Міне,  осыған  мән  бере 

бермейміз. Бұл — біздің үлкен қателігіміз. 

Ал  енді  халық  мақалында  айтылғандай, 

келіннің  «келсап»    болмай,  елгезек  жақсы 

адам болып қалыптасуы көп жағдайда қайын 

ененің тәлім-тәрбиесіне байланысты. Өйткені 

жас келін үшін қайын ене тәлімі — маңызы зор 

тәрбие мектебі. Ең бастысы, қайын ене өзінің 

өзегін жарып шыққан ұлының жарын өз бала-

сындай бауырына баса білуі тиіс. Жақсысын 

асырып,  жаманын  жасырып,  келіннің  абы-

рой-беделін  асқақтата  білуі  шарт.  Десек  те, 

қазіргі  күні  дәл  осы  мәселеде  кейбір  қайын 

енелердің ұтылып жүргенін, мұның соңы жас 

отау  шаңырағының  шайқалуына  әкеп  соғып 

жүргенін әсте жасыруға болмас. 

Жарық дүниеге Жаратқанның бұйрығымен 

қыз бала болып келген жаратылыс 

иелерінің барлығы бой жетіп, кезі келгенде 

оң босағадағы орнын шымылдықтың ар 

жағындағы жаңа өмірге айырбастауы, со-

лайша бір үйдің, бір әулеттің келіні болуы 

— ескіден келе жатқан дәстүр. Бірақ екінің 

бірі «бүкіл ұлттың келіні» деген абырой-

лы атаққа қол жеткізе бермейді. Басқа 

ұлттарды айтпағанда, келіннің ақ босаға 

аттаған күнінен бастап, аяқ алысын 

сынап, қадамы құтты келінді күтетін 

қазақ сияқты халық кемде-кем, тіпті 

жоқ шығар.

«Келіні жаќсы їйдіѕ 

керегесі алтын»

А л л а 


тағала 

қыз 


баланы  бойже-

тіп, 


балиғатқа 

толғаннан 

кейін 

тұрмысқа 



шығып, 

өмірге ұрпақ әкелумен 

қатар 

бір 


әулеттің 

үрім-бұтағын 

көбейту 

үшін  жаратқан.  Демек,  ке-

лін  боп  босаға  аттау  үлкен 

қуаныш,  зор  мәртебе  екенін 

ұмытпайық!  Өзіміздің  баға  жет-

пес  құндылықтарымыз  бен  асыл 

мұрамызды  аяққа  таптамайық!  Тоқсан 

ауыз  сөздің  тобықтай  түйіні:жаңа  түскен 

келінге ескінің естісін үйретіп, жаңаның жа-

манынан жирендірейік, ағайын! Сонда ғана 

келініміз «келсап» болмай, ақылды да па-

расатты, жұрттың көңілінен шығатын келін 

болатыны даусыз!

Әбдет Мәдина,

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 

журналистика факультеті 

2-курс студенті 

Жұмыр жердің 

                  дүрсілдетіп жүрегін,

Қара аспанның 

                    ыдыратып түнегін.

Жеңіс көктем, алып келді 

                                  гүл өмір,

Жасын арман шашу етіп 

                                         тілегін.

Қанша уақыт өтсе-дағы арадан

Жазылмаған соғыс салған

                                     жаралар.

Ұрпағымен мәңгі бірге 

                                 жасайды

Қан майданнан қайтпай 

                         қалған бабалар.

Жеңіс-жеңіс, батырларым 

                              — байлығым,

Жеңіс-жеңіс, ардагерлер — ай-

быным.


Ұмытпайды бүкіл әлем Жеңісті,

Жеңіс-жеңіс — соңғы күні қайғының.

Аналардың жасқа толса жанары,

Артта қалды қаралы күн налалы.

Адамзаттың жырға айналып алабы,

Жеңіс күні ән тербетті даланы.

Ер есімі ел есінде сақталар,

Жас ұрпақтың жүрегінде жатталар.

Бейбіт күннің бесігінде тербеліп,

Ардагерлер ақ арманы ақталар.

Тәуелсіз ел, төл перзенті, түлегі,

Отан-Ана! Ер қадірін біледі.

Бабалардың аманатын 

                                        арқалап,

Қазақ Елі! Ар-намыстың тірегі.

Адам өтер, заман өтер көнеріп,

Ұрпақтары өсіп-өнер көгеріп.

Жас сәбидің иісіндей әр үйдің

Қариясы — құт-береке, теберік.

Жеңіс-жеңіс, желбіретіп 

                                 байрағын,

Жеңіс-жеңіс, ар-намысты 

                                 қайрадың.

Жеңіс күннің жетелеген төріне

Арда туған

                ардагерлер — айбарым!



Бақытбек Смағұл, 

  Мәжіліс депутаты, «Нұр Отан» фрак-

циясы мүшесі, Ауған соғысы ардагер-

лері ұйымдарының «Қазақстан арда-

герлері» қауымдастығы төрағасы 

Жеңіс көктемі

Ұйқы шақыратын медициналық препараттардың зия-

ны да болады. Ұзақ қолданса ағза үйреніп, ұйқысыздық 

бұрынғыдан  да  өршиді.  Ең  дұрысы  —  үнемі  дұрыс 

тынығып,  ұстамды  болу.  Сондай-ақ,  бұндай  жағдайда 

алмадан жасалған сірке суын ішкен тиімді. Төсекке жа-

тардан жарты сағат бұрын бір шыны қайнаған суға бал 

салып,  оған  үш  шай  қасық  алма  сіркесін  қосып  ішіңіз, 

тез ұйықтайсыз. Тез әрі жақсы ұйықтауға балдың әсері 

мол.  Егер  оған  алма  сірке  суын  тамызып  пайдаланса, 

тіпті жақсы.

Тағы  қосымша  айта  кететін  бір  нәрсе,  жеміс  сірке 

суының шипалы екенін біреу білсе, біреу білмейді. Олар-

ды көбінесе тәбет шақыруға қолданып келдік. Олар ал-

лергия, меторизм, бас ауру, тіс етінің қабынуы, басқа да 

біраз ауруды жаза алады. 



Дайындаған — Африза Айтбаева 

Буын ауырса...

Буын  ауырғанда  қазанақтың  (орысшасы  багульник, 

өмірбақи  жасыл  түсті  болатын  күлімсі  иісті  өсімдік) 

шипалық қасиеті зор. Екі кесе суға батпақты жерде өсетін 

қазанақтың майдалап езілген бір шай қасық жапырағын 

салып, 20-30 минут қайнатады. Онан соң тұнбаны күніне 

бір ас қасықтан үш мезгіл ішеді. Аталмыш емді сырттай 

да қолдануға болады. Бір кесе суға қазанақтың 3-4 шай 

қасық құрғақ жапырағын салып, 20-30 минут қайнатады. 

Тұнба суыған соң мақта немесе дәкеге салып, буын ауы-

ратын жерлерді сылайды.

Ұйқыңыз бұзылса...

ЖЫР ШАШУ

ДӘРІГЕР КЕҢЕСІ

БЕСІГІҢДІ ТҮЗЕ!


21

ƏДЕБИЕТ

30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ  ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

Қ

араңғы қазақ көгіне,



Өрмелеп  шығып  күн  болам, 

— деп баласы даусы саңқылдай 

өлең жаттап отыр еді, Еңсебай оны бір-

ден тыйып тастады:

—  Жә,  сампылдамай  қоя  тұр!  Ұзақ 

сонар  жиналыстан  діңкем  құрып  әрең 

келдім. Енді сенің күн-түніңді тыңдайтын 

шамам жоқ. Бөлмеңе қайқай! 

Баласын жанынан бездіріп жіберіп, өзі 

бітпестей көрінген бүгінгі күнін елестетті 

де: «Бүгінгі қазақ ешқандай да қараңғы 

емес»,  —  деп  күңк  етті.  Халық  алдына 

есеп беруге шыққан әкім есептелгендей 

екі  сағат  емес,  көпшілік  алдында  төрт 

сағат тынысы тарылған болатын. Қарша 

бораған  сұрақтар,  шешімін  таппай 

жүрген  түрлі  мәселелер  Еңсебайдың 

еңсесін  езіп  жіберді.  Халықты  ой-

лап  емес,  өзінің  жұптап  әкелген 

жауаптарының 

жартымсыздығынан 

салы  суға  кете  жаздады.  Он  жылда 

түйінін  таппаған  мәселе  біткенді  халық 

шашау шығармай әкімнің алдына  үйіп-

төкті.  Артта  қалған  ауыр  күн  елестері 

Еңсебайдың  көз  алдынан  тізіліп  өтіп 

жатты.  «Жиналысты есеп беру баянда-

масынан  бастап,  бірер  сұрақты  алдын 

ала  сықситып,  жетім  жауаптармен  елді 

жұбатып, тайып тұрамын», — деген әкім 

әдейі кешіге келді.Уағдалы уақыт үш еді, 

бұл сағат төртте төбесін әрең көрсетті. 

Келе  мінбеге  шығып,  баяндамасын 

маңғаздана оқуға кірісті. Әкім лебізінде 

жоғары  көрсеткішті  сандар  жамырап, 

жақсылық  жарқырап  кеткендей  естілді. 

Жерді  жалмаған  жұмыссыздық  деген 

жалмауызды 9,9 пайызға қысқартқанын 

айтқанда,  Еңсебай  ертегідегі  жеті  ба-

сты  айдаһарды  құртқан  батырлар-

ша    қоқилана  қалды.  Байқамай  сайға, 

қырға  үй  салып  алған  ақымақтарға 

мемлекет  тарапынан  кәдімгі  лашықтар 

берілетінін  де  бек  сеніммен  нығарлап 

қойды.  Қалаға  қатынайтын  қоғамдық 

көліктердің  жаңартылатынын,  енді  жа-

нармай  исі    мүңкіген  ескі  автобустар-

мен  қоштасатындарын  айтып,  қалың 

көпшілікті  және  қуантты.  Әсіресе 

алақандары  қызғанша  шапалақ  ұрып, 

шаттанып  қалған  алдыңғы  қатарда 

отырған  Еңсебайдың  ет  жақындары 

мен  оң және сол қолдары болатын. «Ке-

зек халық көкейінде жүрген сұрақтарды 

тыңдауға  келді.  Әкім  болып,  халқыма 

жақын  болмасам,  азаматтығыма  сын 

болмай  ма?»  —  деп  Еңсебай    баян-

дамасын  шабыттана  бітірді.  Сол  кез-

де  залдың  екі  шетіне  қойылған  қос 

бірдей  дауыс  зорайтқыш  лезде  бас-

шы 

мырзаның 



шабармандарының 

қолдарына  ілініп,  тырмысты  да  қалды. 

Қалайша  тырмыспасын,  шындықты 

шыңылдата жеткізетін осы екі-ақ микро-

фон еді ғой.  «Өзектеріңді өртеп жүрген 

жайлар  болса,  маған  тура  қазір  жазып 

жіберсеңіздер  де  болады.  Міндетті 

түрде оқып, жауап беремін. Егер уақыт 

қысқалық  қылмаса»,  —  деп,  әкім  сөзін 

күмілжіте  аяқтай  салды.  Сіріңкедей  ап-

арық  көмекшінің  қолындағы  микрофон 

еңгезердей  бір  мұрттының  қолына  ау-

ысты.  Ол:  «Ауыл  ішінде  жеңіл  көліктер 

өте  зор  жылдамдықпен  жүреді.  Олар-

ды  тексеріп  жатқан  тірі  жан  жоқ.  МАИ  

қызметкерлері ауылды аптасына бір рет 

болса да жанай өтсе деп армандаймыз», 

— деді мұңын шағып. Еңсебай  барынша 

бипазданып:  «Жол  жоқ  дедіңдер,  жол 

салдық.  Енді  сол  тақтайдай  тегіс  жол-

мен  ызғытпай,  баппен  жүруге  болады 

ғой. Бұдан былай сөйтіңдер». Алдыңғы 

қатардағылар  тегіс  қол  шапалақтады, 

соңғы  лектерде  сөз  көбейді.  Адуынды 

бір  әжей  микрофонға  таяп  келіп  еді, 

дыбыс  зорайтқышты  зорлықпен  ұстап 

тұрған  шабарман  оған:  «Немене,  бәрің 

бірдей  айтқыш  болып  қалдыңдар?! 

Бір  парақ  қағаз  ал  да,  жазып  жібер!» 

—  деді  дікеңдеп.  Әңгімесін  «Е,  мен  не 

көрмедім?!»  деп  бастайтын  Қазигүл 

әже: «Сексенге кеп селкілдеген шағымда 

қалам ұстайтын шамам жоқ. Әкел бері 

мына  пәлеңді!»  —  деп,  тарғыл  даусы-

мен  залды  басына  көтерді.  Сөйтті 

де, сауалын санамалады: 

«Әкім бала, сен  

к е -


ліп,  жаңа  кезең  туды  ма  деп  қуанып 

едік.  Е,  мына  жұмыр  бас  не  көрмеді 

десеңші!  Бәрін  қойшы,  мына  қаусаған 

кезімде  пәтер  жалдап  тұру  жанымды 

жеп  барады.  Он  балама  не  қалдырам, 

не бір пұшпақ жерім жоқ, не бір құжырам 

жоқ.  Өлсем  мені  қалай,  қайда  көмеді 

деп  күнде  уайым  шегемін.  Пәтер  кезе-

гінде  тұрғаныма  отыз  екі  жылдың  жүзі 

болды...»  Әжейдің  сөзін  Еңсебай    ба-

стырмалатып,  үзіп  жіберді  де:  «Апа, 

сіз  жуық  арада  өлмейсіз.  Бала-шағама 

не  берем  деп  те  бекер  сары  уайымға 

салынбаңыз.  Зейнетақыңыз  бар  емес 

пе?  Барлықтарыңызға  белгілі,  биыл 

зейнетақы  мөлшері    9  пайызға  өсті. 

Алаң болатындай ештеңе жоқ», — деп 

әкім  жадырай  күліп  еді,  қошеметшіл 

топ    одан  асып  түсіп,  езулерін  ыржит-

ты.  Залды  ұзақ  күлкі  кернеп,  әжейдің 

орталарынан  қашан  кеткенін  де  ешкім 

аңғармады... 

Әкім үстеліне үйіліп қалған хаттардың 

бірін ашып, мәнерлеп оқи бастады: «Ал-

тыннан  ардақты,  күмістен  салмақты, 

еңсесі  Алатаудан  биік  Еңсебай  мырза! 

Сіз билікке келгелі  ішкеніміз айран, же-

геніміз тек торт. Қараңғы көшелерімізге 

сіз  орнатқан  шамдар  жарқырап  тұр. 

Жаңа  мектептер  салдыңыз.  Оқушылар 

мен  мұғалімдер  сізді  ауыздарынан  та-

стамай  аңыз  қылып  жүр.  Өміріңіз  ұзақ, 

денсаулығыңыз  тым-ақ  мықты  болсын!  

Шексіз  құрметпен,  Алмасыз  ауылының 

бір  топ  тұрғындары».  Хат  та  оқылып  

бітті,  сарт-сұрт  етіп  шапалақ  соғылды. 

Бұл  кезде  Берменкүл  микрофонды  алу 

үшін  шабарманға жауар бұлттай түйіліп 

тұр  еді,  көмекші  мырзасына 

деген 


адалдығын 

сақтап, бер-

меуге  тырысып  бақты.  Берменкүл 

бермесіне  қоймай:  «Ешкімнің  қолына 

ұстатпайтының  бар,  бұл    байғұсты 

жиналысқа  несіне  әкелдің?  Құдайға 

шүкір,  даусым  зор,  айғайлап  та  айта 

аламын!»  —  деп  айқайға  басқан  соң, 

микрофон  Берменкүлге  берілді,  ол  

асығып-аптығып  сөзге  кірісті:  «Мен 

жас  маманмын,  яғни  мұғаліммін.  Біз-

дерге  берілуге  қарастырылған  жер 

бар  ма?  Мұғалімдердің  99,9  пайы-

зы  елдің  есігінде  күнелтуде.  Оның 

үстіне  біздің,  мұғалімдердің,  жалақысы 

көтерілмегеніне  бірнеше  жылдан  асты. 

Әр  жаңа  жылда  жалақы  өсе  ме  деп 

дәмеленумен  келеміз.  Мына  жиналған 

қауымның төрттен үші мұғалімдер ғой...» 

Микрофон қатты шыңылдап кетті. Темір 

болса да ащы шындыққа шыдай алмаған 

тәрізді. Әкім мырза бір қырымен үстелге 

төңкеріле түсіп: «Тоқтаңыз, менің жауа-

бым  мынау  —  мұғалімдерге  ешқандай 

жер берілмейді. Пәтер кезегіне тұрыңдар. 

Асығатын  дәнеңесі  де  жоқ.  Бала-шаға 

өскенше  үйлі  болып  қаларсыңдар. 

Мәскеу де бір күнде салынған жоқ қой». 

Берменкүл де қояр емес, зор даусымен 

барылдай  сөйлеп,  екінші  бір  мәселенің 

шетін  шығарды:  «Бес    мұғалім  бірігіп, 

қуықтай  бір  бөлмені  жалдап  тұрамыз. 

Біз  таңның  атысынан  кештің  батысына 

дейін  жұмыста  жүргенде,  менің  тығып 

қойған тоғыз мыңымды белгісіз біреулер 

үптеп  кетіпті.  Арыз  айтып,  полицияға 

барсам:  «Тоғыз  мың  де-

ген  сөз  болып  па, 

тәйірі?!» 

—  деп  мұңымды  күлкіге  айналдырды». 

Бірінші  қатарда  шөккен  түйедей  болып 

отырған  сақшы  біткеннің  саналысы 

деп  танылған,  мемлекеттік  аттестатта-

удан «қарнына сеніп» шаршамай өткен 

Өскенбек  мына  күстаналауға  шыда-

май,  орнынан  атып  тұрмақ  болып,  ауа 

қарманып қайта отырды. Тағы ұмтылып, 

қарны  жер  сызып,  ала  көзімен  мұғалім 

қызды  атып  қарап,  оның  қолындағы 

микрофонды жұлып алды: «Осы сөзіңе 

отвечать  ете  аласың  ба?  Қазір  аудан 

бойынша вызов келсе, мен шесть секунд 

жетіп  барам.  Біздің  аудандағы  тәртіп 

сақшылары  шеттерінен  сайыпқыран. 

Қылмыскерді  көзді  ашып-жұмғанша 

құрықтаймыз.  Қылмыс  жөнінде  арыз-

шағым  түссе,  «зерікпейтін  болдық» 

деп  қуанамыз.  От  пен  судың  арасында 

халық деп арпалысып жүрміз»... 

Баяндамасын  парақтап  отырған  әкім 

жөткірініп  алып,  қажетті  үзіндіні  оқи 

жөнелді:  «Біздің  аудан  қылмыстың  ал-

дын алу, онымен күрес бойынша еліміз-

де үздіктер қатарына енді. Олар қылмыс 

орнына тез жетсін деп су жаңа көліктер 

берілді.  Арызды  қарамау  оқиғасы  — 

біздің аудан тарихында тіркелмеген ерсі 

құбылыс. Күн-түн демей ауыр қызметте 

жүрген  бұл  кісілерді  қалай  аяласақ  та 

артық емес». 

Өскенбектің өркені өсіп, шырайы кіріп 

қалды. «Қоғамдық орындардағы тәртіпті 

атымен түзегенім үшін жоғары жақ маған 

еліміздің еңбек сіңірген  тәртіп сақшысы 

атағын  тектен-текке  берді  дейсің  бе?» 

—  деп,  қарсы  алдындағы  мұғалімге 

қазға  шүйліккен  қырғидай  қарады. 

Берменкүлдің  уәжі  де  дайын,  мұғалім 

болып жүрген бес жыл ішінде талай тек-

серу  комиссиясының  құқайына  төтеп 

беріп,  тілі  шығып  алған-ды.  «Қоғамдық 

көліктерде  араққа  тойып  алғандар  жо-

сып  жүреді.  Бұл  қоғамдық  тәртіптің 

қораштанғанына  жатпай  ма?»  —  деп, 

тағы  бір  ақиқатты  ақтара  салды.  Бірақ 

жауап  орнына  ұрыс  естіді.  «Сен  шы-

нымен  мұғалім  болсаң,  сол  арақ  ішкен 

адамды  неге  тәрбиелемейсің?  Біз-

ді  кінәлай  бергенше,  бір  уақ  өзіңе  де 

қара!» — деген Өскенбек сақшының сөзі 

қарғаның қарқылындай әсер қалдырды. 

Тыныштыққа  шақырған  әкім  мынадай 

кеңесімен  ұстазды орнына отырғызды: 

«Ұры  түсе  берсе,  пәтеріңе  темір  есік 

сал!  Жүйкеңді  жұқарта  берме,  жігіттер 

айтып отыр, қолды қылғаның  тоғыз мың 

доллар  ма  деп  қалсам,  теңге  екен  ғой. 

Тіпті  болмаса  бір-біріңнің  заттарыңды 

кезекпен  күзетіңдер».  Табылған  ақылға 

бірен-саран  адам  ғана  қол  соқты.  Бұл 

жолы  жандайшаптардың  өзі  халық  ал-

дында  желігуге  қорқасоқтағандай.  Жи-

налысты  жалғастырған  да  Еңсебайдың 

халықтан  сүйінші  сұраған  хабарланды-

руы  болды:  «Құрметті  халқым,  ауда-

нымыз  жас,  жаңа.  Сондықтан  етектен 

шалған мәселелер де көп. Бұл — заңды 

құбылыс.  Енді  бір  айтарым  —  сол  ме-

рейтой  құрметіне  көп  балалы  аналарға 

жүз  мыңдап    ақшалай  көмек  беріп, 

жарылқаймыз.  Менің  көмекшілерім 

халық  арасында  арнайы  рейд  жасап, 

батыр  аналар  мен  пәтерде  жүрсе  де 

дүниеге  сәби  әкелуден  қорықпайтын 

батыл аналардың үйлерін аралап, тиісті 

жәрдем жасайды». Біреу «сүйінші!» десе, 

«қалағаныңды ал!» дейтін қазақтың бірі 

ме, әлде әкімге жақын пенделерден еке-

ні белгісіз, төбесіне ақ тақияны төңкере 

салған  бір  шал  шығып,  бата  беруге 

емеурін  білдірді.  Оның  қолына  микро-

фон еш айқассыз оңай берілді. Жаттап 

алған  бірдеңесін  жыпылдата  айтқан 

шал заматта бетін сипады. Әкім: «Маған 

халықтың батасынан артық ештеңе ке-

рек емес», — деп елжіреді... 

Осы 

көріністер 



көз 

алдынан 


көлбеңдеп  еді,  Еңсебай  өзін  жиналы-

ста  отырғандай  сезініп,  алқынып  кетті. 

Жанталаса  жан-жағына  қарап,  үйінде 

екенін  түйсінді:  әдеттегідей  төңкерілген 

қарнының  астында  сүйікті  жұмсақ 

жастығы, үстінде қара халаты. «Ендігәрі 

бүгінгідей  қателікке  ұрынбаспын.  Ке-

лесі  есеп  беру  жиналысында  мақау 

мұғалімдер  мен  ұйықтап  қалған,  үйлі-

күйлі    зейнеткерлерді  ғана  кіргіземін. 

Ана  бір    екіленген  еркек  пен  сүйкімсіз 

мұғалімнің  кесірінен  жалған  мәлімдеме 

жасауыма тура келді емес пе?» — деді 

сабасына түсіп. Бір күнінен сабақ алған, 

халық  алдында    сасқан  үйректей  ар-

тымен  жүзген  әкім  алдағы  мың  сан 

күндерін  кінәратсыз өткізуді жоспарлап  

ұзақ  отырды.  Есеп  беру  жиналысы-

нан кейін бес ай алды-артына қарамай 

өте  шықты.  Халық  жадынан  ештеңе 

де  ұмытылып  қалмайтыны  ғажап  қой. 

Үйсіздердің  үйлі  болып,  күйсіздердің 

күйлі  болғандығынан ел арасына ешбір 

сыбыс тарамады. Ешкім ол бейбақтарға 

күн  бола  алмаған  сыңайлы,  әйтпесе 

халық арасында жақсы хабар  жасыры-

нып қалмайтын еді. «Он балама мұраға 

не қалдырам?» — деп қайғы жұтқан сол 

баяғы Қазигүл  әже де әкім уәде еткен 

қаржылай  көмекті  күтіп,  үйден  шығуды 

қойды.  Шенділердің  елді  адақтап,  көп 

балалы  аналардың  жағдайын  тексере-

тіні  жайынан    хабардар  болғалы  бері, 

әжей үйден қарыс адым аттап шықпады. 

Үлкен  кісінің  көңілінде:  «Мен  жоқта 

әкімшіліктен жарылқайтындар келіп,  жүз 

мыңдап жәрдем алатындардың тізіміне 

кірмей  қалсам  қайтем?»  —  деген  зор 

қаупі бар.  Әже үмітпен, күтумен күн ке-

шіп  жүрсе,  Берменкүл  бәз-баяғысынша 

ұстаздығын  жалғастырып    келеді.  Тек 

жалдап тұрып жатқан пәтеріне темір есік 

салмады.  Мамырдың  мамыражай  бір 

күнінде  әкімшіліктен    зілді  бұйрық  кел-

ді: «5 сағат ішінде  аудан мектептерінің 

барлық  мұғалімдері  бес  жүз  теңгеден 

жинап берсін! Ертең ауданның орталық 

стадионына  мұғалімдер  тегіс  топыр-

лап барсын!» Бұл әуре-сарсаңның бәрі 

ауданның  құрылғанына  он  жыл  толу 

құрметіне екен.Берменкүлдің  жарлыққа 

мойынсұнар  түрі  жоқ,  безілдеп  қояр 

емес:  «Бермеймін  де,  бармаймын  да. 

Халықтан теңге жинайтын қандай әкім? 

Сол  Еңсебай  еңсесін  тіктеп  тұрып, 

баршамызға  бақырайып  қарап:  «Маған 

халықтың  батасынан  басқасының  ке-

регі  жоқ»,  —  деп  аузы  қисаймай  айт-

пап па еді? Адам құсап айтса, адамдық 

сөзінде тұрсын! Бермеймін! Бермеймін!» 

Әзірейіл  келіп,  жанын  алып  жатқандай  

Берменкүл  ұстаз  жан  ұшырды.  Бірақ 

кейбір  әріптестері  әкімнің  олай  деп 

айтқанын  «жадыларынан  өшіріп  алып-

ты»,  сондықтан  еш  даурықпастан  бес 

жүз  теңгені  білемдеп  ұсына  берді. 

Әттең,  солардың  бәрі  Берменкүлдей 

қатаң қағидамен өмір сүрсе ғой! Бес жүз 

теңгені  тиындай  көріп  жинай  бастаған 

әріптестерінің  жанынан  Берменкүл 

ұзап кетпеді. Ол қыста халық батасына 

байыған Еңсебай әкімнің  қалтасы енді 

қанша мыңға қалыңдайтынын шамалап 

есептеп  көрді.  Әр  нәрсені  бір  сылтау-

ратып  жиналар  қаражаттың  соңы  емес 

бұл.  Халықтың  батасынан  басқасын 

қажетсінбейтін  әкімнің  ел-жұртына 

мұнша жақындығына іші өрттей лаулаған 

Берменкүл  сыныбына    барып,  суық  су 

ішсе де, өзегін өрт шарпып барады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет