Босады баба тінім.
Ақ сүтім — ана тілім.
Қазақ қып қойса мәңгі.
Опырып ой санамды.
Өкініш өткен ізім.
Суарып кекке жүзін.
Ойымды ойсыратып.
Бар ұлтты тойсыратып.
Жанымнан жақұт терген.
Есерсоқ уақыт мерген.
Дариға, мінсіз ғалам.
Күн сайын құнсызданам.
Ана тіл — алақаным.
Ақ ұштап балапаным.
Жаралы жанды күткем.
Қасиет қанға біткен.
Іздеме Хан Кенені.
Мәрттігім мәңгі өледі.
Сүйегім, асыл етім.
Үш тілдің қасіретін.
Қытайдың қолтығында.
Ұрланды абайсызда.
Ұяттан өліп тұрып.
Жақсы еттің өліп құрып.
Қайтеміз хан-қараны.
Қанды алаңы.
Қансырап аталы арман.
Шаршадым шапан-ардан.
Жастандым жасын арман.
Патшаның басын алған.
Оян, қазақ! Тоғың мәлім.
Түйемнің қомындамын.
Жұлдызды шақты қамшылап.
Бұлбұлды көшке ілесіп.
Бұрама жолға жіп есіп.
Сәуірде жауған саумал жыр.
Ақсауыр көштен ауған нұр.
Жылытпас бойды жалған жыр.
Сілкініп жаушы, ақ жаңбыр.
Сүмбіле сазын тамызып.
Көктемдер кетті қара үзіп.
Ығысып, ұлып арман.
Ұрсады ұры жалған.
Жақсының құнын алып.
Құлағын тығып алып.
Күндейді қыр асқанды.
Ірейді ірі аспанды.
Өрімтал ұл, қыз күткем.
Жасанды жұлдыз біткен.
Саусағы самырсынның.
Күшігі ағылшынның.
Халықтың қармағынан.
Тілегім ұлт өңін бер.
Күмілжіп Күлтегіндер...
Талықсып тамып түсті.
Шаттықтың құты жаушы.
Үркітіп үкі даусы.
Ай, жұлдыз сылқым бәрі.
Ауылдың сыртындағы.
Арусаз сән боятып.
Жөргекті таңды оятып.
Тербетіп қоңырауын.
Күлкіге көміледі.
Ашып тастап омырауын.
Өмір-өзен елегі.
Қарайласам артыма.
Амандасты ұлы үміт.
Жас балаға үңіліп.
Қалғандаймын жұтап мен.
Өлшенбейді кітаппен.
Өртенеді өлі өңім.
Жыртық-жыртық өлеңім.
Шапанымды шын күттім.
Шаранасы шындықтың.
Ерте түскен бауырым.
Өлең қыздың ауылын.
Үмітіңді үзер мың.
Мықты болғай үзеңгің.
Тауға ұмтылып іңірімді ірегем.
Күліп қашып бұл өлең.
Көңілімді жуамын.
Асыранды шуағың.
Айтқанымды көп деме.
Адасады көп кеме.
Көкте жұлдыз күледі.
Көзіңде ұйып көп елес.
Махамбеттер көп емес.
Жаза алсам мен бір өлең.
Егер болсам түлеген.
Берер едім басымды.
Сұңқарыма балайын.
Томағаңды алайын.
22
БІЛІМ ЖƏНЕ ӨНЕР
30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ
ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN
Балалар санасына ұлттық құндылықтар,
ұлттық дәстүрдің қыр-сырын сіңіру бүгінгі
таңда өзекті мәселе екені даусыз. Өйткені
«кірме» насихат, шетелдің ардың-гүрдің
атыс-шабыс, зорлық-зомбылыққа құрылған
кино, ойын-сауық бағдарламалары көгілдір
экран бетін жаулап алғандай. Соңғы жыл-
дары бірқатар отандық, ұлттық туынды-
лар көріне бастағанымен, ол нөпірге тойта-
рыс бере қоятындай дәрежеге әлі жеткен
жоқ. Басылымдар бұл тақырыпты жақсы-
ақ жазғанымен, оның нәтижесі аз болып
жатқаны тағы да мәлім. Осындай тұста
театрдың алар орны бөлек. «Наурыз көже»
ертегісінің мақсаты — балалардың назарын
ұлттық құндылықтарға аудару, көрсеқызар
болмауға, өз ұлтының дәстүрін ұстануға
үйрету. Қызық сюжетке құрылған, Асан
ата, Ақ бидай, Тары, Күріш, Айран, Бұршақ,
Қазы және «Тон-тон» кеспесі сияқты кіш-
кентай көрермендерге таныс әрі таңсық
кейіпкерлері бар спектакль олардың есін-
де қалатыны сөзсіз. Осы орайда қойылым
оқиғасының жеңіл, ойнақы, сонысымен
де балалар үшін тартымды екенін айтқан
ләзім. Кемпірі науқастанып қалған Асан
қарияның өзі Наурыз көже пісіріп, оған де-
меу боларлық дәм татырғысы келеді. Оған
салынар тағамдарды, дәм-тұзды түгендейді.
Сөйтіп жүргенде шетелдің жарқ-жұрқ еткен
«Тон-тон» кеспесі килігеді. Шиеленіс, тартыс
басталады.
Ұзын-шұбақ болып жалықтырмайтын,
жас көрерменді әңгімеге тартып отыратын,
арасында әні, биі бар бұл қойылымның ко-
стюмдері де тамаша. Ал актерлер ойыны-
на келер болсақ, Асан ата рөліндегі Асыл-
бек Тәшімов, «Тон-тон» кеспесін сомдаған
Айжан Шәріпова көрермендермен бірден
байланысқа шығып, балалармен бірге ойнап
кеткендей өте қызықты әсер қалдырады.
Манарбек Қыдырбайдың Айраны, Мей-
рамбек Мұқатайдың Ақ бидайы, Ерғанат
Сәбитовтың Қазысы өзге «дақылдардан»
гөрі айшықтау шыққан. «Қара үзіп, жеке-дара
көрінді» деу де артық болар. Актерлердің
бәрі де өздері сомдаған бейнелердің «мі-
нез-құлқын» ашуға ден қойған. Осындай
ниет пен ұмтылыс «Наурыз көжені» жақсы
деңгейде алып шыққаны анық.
Міне, осылайша, Көкшетау театры жас
көрермендер (тіпті үлкен көрермендер
де) қызығып көретін тағы да бір тамаша
қойылымының тұсауын кесті.
Серік Сапарұлы
Астана қаласында
Татулық пен толеранттылықты
ту еткен Ассамблеяның
жиырма бірінші отырысын-
да Елбасының алдында
қазақша сөйлеген Ольга
Сағындықова, Юлия Дени-
сенко, неміс ұлтының өкілі
Отт Юлия қаймана қазақты
шұрайлы сөздерімен таң
қалдыра білді. Қазақты
қазақша сөйлете алмай
жүргенде, үш қызымыз
сөздерінің соңын ұлттық
нақыштағы әнмен аяқтап,
қазақты таңырқатты. Қазақ
елінің пайдасына ерен
еңбектер атқарып, талай
қазақты қайран қалдырған
қыздарымыздың қазақ
тілінде сөйлеудегі мәнері
көркем. Олармен Ассам-
блея қарсаңында тілге
қатысты, ел мен жер жайлы
пікірлескен едік.
Ольга
Сағындықова:
«Мен Ассамбле-
яны бір дастарқан
басында бас қосқан
татту-тәтті
үлкен
жанұя дер едім.
А с с а м б л е я н ы ң
н ә т и ж е с і н д е
Қ а з а қ с т а н д а ғ ы
әр ұлт өкілдерінің
мәдени орталықтары жұмыс жасауда: мәселен,
кәріс, неміс, украин және т.б. Бұл, әрине, бей-
бітшілік пен татулықтың айғағы. Қазақ тілінде
сөйлеуіме себепші болған — қазақтың қасиетті
домбырасы. 12 жасымнан домбыраны қолға
алып, қазақ тілін үйрене бастадым. Менің
түсінгенім: қазақ деген — домбыра, домбыра
дегеніңіз қазақ екен. Ең алғаш мені қазақ тіліне
ғашық етіп, өнер жолына апарған да осы дом-
быра. Домбыра мен қазақ тілі — тұлпарлардың
тұяғы, сұңқарлардың қияғы. Домбыраны сүю
арқылы Нұрғиса Тілендиевпен таныстым.
Қазақтың осынау үлкен дарын иесімен таны-
су мен үшін үлкен мәртебе. Консерваторияда
белгілі күйші Айгүл Үлкенбаевадан тәлім ал-
дым. Бүгінгі таңда Шығыс өңірі әскерінің дом-
бырашысымын. Қазақ жерінде тұрып, қазақша
білмейтін қазақтарға таң қаламын. Тілін біл-
меген түбін білмейді. Ана тілі, ол — тарих.
Сондықтан тілге үлкен құрметпен қарау, адам
өзін құрметтегенменмен бірдей ғой. Жалпы
тілге деген құрмет отбасынан басталады емес
пе? Ата-анам: «Қазақ жерінде тұрғанымыз
үшін тілі мен мәдениетін білуге міндеттіміз»,
— деп құлаққағыс қылып отыратын. Міне,
анамның сөзін жерге тастамағандығымнан
қазақ елі қашанда құшақ жая қарсы алады.
Сондықтан қазақ жерінде мекен еткен әрбір
ұлт қазақ тілінде сөйлей білуі керек деп ойлай-
мын. Қазір, міне, шүкіршілік! Ата-енеге сәлем
салған қазақтың келінімін».
Мемлекеттік дін
істері жөніндегі
агенттіктің белді
қызметкері Юлия
Денисенко:
«Ассамблея де-
генде мынадай бір
мәтел еске түседі:
«Ұлттардың ішін-
де жаманы жоқ,
адамның ішінде жа-
маны болуы мүмкін»
— дейді дала даналығы. Қазақстанның
болашағы біздің қолымызда, сол үшін бірлік-
те, татулықта болуымыз қажет. Ассамблея —
өсіп-өркендеуге деген талпыныс. Елбасының
алдында өз ойымызды айту — біз үшін үлкен
мәртебе. Сол үшін Ералы Лұқпанұлына
алғысымыз шексіз. Ассамблея барлық елдер
үшін де үлкен мереке. Қазақстан — әлемдік
саяси толеранттылық жөнінен көш бастап
келе жатқан елдердің бірі. Алла бетін әрмен
қылсын, жан-жақтағы елдерде болып жатқан
шиеленіс біздің елде болған емес, ол — біздің
Президентіміздің ел басқарудағы көреген
саясатының бір жемісі. Ассамблея — қазақ
елінің татулықта, тура жолда келе жатқанының
айғағы.
Мен қазақ тілін мектеп қабырғасынан бастап
үйрендім. «Егер адам бір елдің мәдениеті мен
тілін біліп қана шектелсе, ол адам — біреу, ал
екі немесе одан да көп тілді білген адам — бір-
нешеу» деген нақыл бар. Менің орысшасы
Лермонтовша, қазақшасы Абайша достарым
бар. Сүйсіне қарайсың. Сондықтан адамға ең
алдымен ниет керек, екінші сол тілді сүю ке-
рек. Қазір қазақ тілін үйренемін деген адамға
тегін үйрету курстары қызмет көрсетуде.
Менің түсінгенім: тамшыдай ғана қазақ тілін
білген өзге ұлт өкілін қандай қоғамдық орын
болмасын қуана қарсы алады екен. Әрі ертеңгі
күніңе деген сенімділік болады өзіңде. Өйткені
қазақ тілінің болашағы жарқын. Кейінгі кездері
құжаттар қаза тілінде толтырылады. Үш жасар
балам қазақша күніне бір сөз айтса, ол мен үшін
үлкен қуаныш, кәдімгідей марқайып қаламын.
Меніңше, Қазақстанда қазақ тілін білмейтін
адам болмауы керек. Мен өзім осы күнге дейін
Қостанайда тұрғандықтан, ол жақтағы қазақ
тілінің жағдайы нашар. Қазақтардың басым
бөлігі тілін білмейді, тіпті ішің ашиды. Мыса-
лы, Канадаға барар болсаңыз, ағылшын және
француз тілінен сынақ тапсыруға міндеттісіз.
Германия еліне кірер болсаңыз, неміс тілінен
сынақтан өтуіңіз қажет. Біздің елде де қандай
ұлт өкілі болмасын қазақ тілін білуін заңды
түрде талап ету керек».
Павлодар
қаласындағы №30
мектептің ұстазы,
неміс ұлтының
өкілі Отт Юлиана:
«Ассамблея
—
мемлекетіміздің бір-
лігін, тыныштығын
сақтайтын бірден-
бір жоба. Қазақстан
көп ұлтты мемле-
кет болғандықтан,
Ассамблеяның
атқарар
қызметі
зор.
Елбасымыздың үш тұғырлы тіл міндеті баса
назарға алынып, өз деңгейінде атқарылып ке-
леді. Еліміз көп ұлтты мемлекет болғандықтан,
қазақ тілін үйрену бәріне міндеттелсе дей-
мін. Қоғамда ортақ түсінік қалыптасар еді.
Елбасымыздың «Қазақ пен қазақ қазақша
сөйлессін» деген пәрменін елемей, өз ана ті-
лінде мардымды сөйлей алмайтындарға ішім
ашиды. Аллаға шүкір, қай жерде де қазақ
тілінде сөйлеуім мерейімді үстем етпесе,
төмендеген кезім болған емес. Қазақ тілі —
шұрайлы, көркем тіл. Еліміздегі әрбір ұлт өкілі
қазақ тілін білсе екен деп армандаймын. Қазақ
тілін білу, сөйлей білу нәсілімізге, ұлтымызға
қарамастан, бәрімізге парыз деп ойлаймын».
Медет Атайбеков
Айтыстың негізгі ұстанымы айтыстың
еңсесін көтеру, білім беру, интеллекту-
алды ой айту, халықтар бірлігін жыр-
лау, егемендіктің кешегісі мен бүгінгісін
жырға қосу болатын. Асылында айты-
ста әрбір әлеуметтік проблема биік
сана, үлкен ақындық бейнелі тілмен, ша-
бытты жырмен жеткізіледі. Осы орайда,
Сүлеймен Демирел университетінің ба-
стамасымен ұйымдастырылған, ұлттық
өнерді дәріптеуді, талантты ақындарға
қолдау көрсетуді көздеген еді. Сонымен
қатар бұл айтыстың басым бір ерекше-
лігі: ақындарды көрермендер жеребе
арқылы жұптастырды. Яғни жаттанды
өлең айтуға тосқауылған қойылған бір-
ден-бір айтыс өтті десек болады.
Студенттер айтысының қорытындысы
төмендегідей болды. Қазылар көңілінен
шыққан, 16 ақынның ішінен алға шыққан
алғашқы бес ақынға бағалы сыйлықтар
мен алғыс хаттар тапсырылды. Осы-
лайша айтыстың Бас жүлдесін ҚХР-
дің Күйтің қаласынан келген дарын-
ды жас ақын Тілеухан Шәріпханұлы
қанжығасына байлады. Ал бірінші
орын қазіргі жас ақындардың ішінде
өзінің ерекше талантымен топ жарып
жүрген алматылық Қанат Мырзаханға
бұйырды. Жүлделі екінші орынға ҚХР-
дің Күйтің қаласынан келген, айтыста
жаулықтылардың намысын жалғыз
қорғаған Нұргүл Андастанқызы ие бол-
ды. Үшінші орынға қазылар алқасы
атақты Шорабек ақынның мақамымен
талай қатарластарын қапы қалдырып
жүрген, қара шаңырақ әл-Фараби
атындағы ҚазҰУ-дың студенті Аман-
гелді Сейтханды лайық деп тапты.
Ал қосымша төртінші және бесінші
жүлделерді Қаскелең қаласы, Сүлеймен
Демирел университеті студенті Ал-
тынбек Ибрагимов пен ҚХР-дің Күйтің
қаласынан келген Іле педагогикалық
институтының
студенті
Ерболат
Серқажыұлы өзара бөлісті. Айтысқа
қатысқан барлық ақынға арнайы серти-
фикаттар мен сыйлықтар үлестірілді.
Десе
де,
жоғары
деңгейде
ұйымдастырылған халықаралық ай-
тысқа жыр тұлпарларын арнайы баптап
келген ақындардың шабысы көрермен
көңілінен шыға қоймады. Ақындардың
бабы келмеді ме, әлде дайындықтары
жетіспеді ме, әйтеуір сахнаға шыққан
ақындар жұрттың есінде қаларлықтай
сүбелі сөз айта алмады. Екі күнге
созылған бұл айтыстың алғашқы күні
жас ақындар олқылықтарға көп жол
берді. Жаттанды өлең, арзан күлкі,
тіпті киіну мәдениетіне дейін ескерме-
гендіктері көрініп-ақ тұрды. Шекара
асып келген кей ақындар да сахнада
кібіртіктеп, өз өнерлерін ортаға сала
алмады. Ал екінші күнгі айтыс көптің
көңілінен шыққан дүбірлі сөз сайысы-
на ұласты. Әуелгі қателіктердің ор-
нын екінші күні толтырған жас ақындар
әлеуметтік маңызы бар мәселелерді,
тақырыпқа сай білім беру жүйесін т.б.
тілге тиек етті. Шаппа-шап айтыс жасап,
көрерменге үлкен қуаныш сыйлады.
Тақырып бойынша Қазақстандағы және
шетелдердегі білім беру жүйесі сөз етіл-
ді. Оралмандардың елге оралу мәселесі
де назардан тыс қалмады.
Халық әртісі, Асанәлі Әшімов:
— Өте керемет ұйымдастырылған
жас ақындардың бұл сайысы екі күн де-
генде өз мәресіне жетті. Жас ақындар өз
шама-шарқына қарай шапты, көсілді. Біз
соған сай өз бағамызды бердік. Ал енді
Сүлеймен Демирел университетіне келер
болсам, өте жақсы салынған заманауи
білім ордасы. Осында оқитын студент-
терде арман болмауы тиіс. Менің балам
кішкентай. Әлі мектепте оқиды. Бірақ
мектебін бітірген соң, осы университет-
те оқитын болады. Себебі бұл білім ор-
дасы менің көңілімнен шықты. Сонымен
қатар, білім ордасының басшылығына
да рақмет, осындай ұлттық өнерді
жастарға жастардың тілімен дәріптеп
жатқандары үшін. Өздеріңіздей өнерді
сүйетін, айтысты сүйетін жастар бар-
да өнер, оның ішінде айтыс өнерінің
өлмейтініне бүгін менің көзім жетті.
Нұргелді Әбдіғаниұлы
Он төрт ұстаз эдвайзерлер қатысқан бұл сайыстың қорытындысын
шығару әділқазылар алқасына оңай түспегені анық. Әділқазылар
алқасының құрамында ҚазҰТУ-дың Тәрбие жұмысы жөніндегі про-
ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова, университеттің «Рас» газетінің бас ре-
дакторы М.С.Әбдіқалықов, Жастармен тәрбие бөлімінің бастығы
А.Өмірбекова, «Алматы ақшамы» газетінің журналисі Р.Ескендіро-
ва, А.Машани атындағы Базалық білім беру институтының дирек-
торы Р.Бердібаев болды.
Бұл үш кезеңнен тұратын байқаудың мақсаты — болашақ ма-
мандарды жеке тұлға ретінде тәрбиелеудегі эдвайзерлердің қосар
үлесін арттыру мен студенттерді жеке тұлға ретінде тәрбиелеу.
Үздік эдвайзерлердің өзара тәжірибе алмасуына мүмкіндік жаса-
умен қатар, жұмысына шығармашылықпен қарайтын педагогтар-
ды анықтау, оқытушылардың кәсіби шеберлігін, дағдысын және
теориялық дайындығын шыңдау — байқау мақсаттарының бірі.
Сәуірдің 25 жұлдызында ұзақ уақыт күткен бұл байқаудың
қорытындысы да өз мәресіне жетті. Барлық қатысушылар мара-
паттаудан құралақан қалған жоқ. Жоғары технологиялар және
тұрақты даму институтының эдвайзері Бижанова Гүлфайрус,
Т.Бәсенов атындағы СжҚИ эдвайзері Нұрбекова Күнсая,
Ө.Байқоңыров атындағы ТКМИ эдвайзері Қуандықов Тілепбайлар
үшінші орынға лайық деп танылды. Екінші орынды Ақпараттық
және телекоммуникациялық технологиялар институтының эдвайзе-
рі Оған Аткелді мен Қ.Тұрысов атындағы ГМГІ эдвайзері Нұрбекова
Күнсая өзара бөлісті. Бірінші орын Экономика және бизнес
институтының эдвайзері Сақибаева Құралайдың қанжығасына бай-
ланды. Ал бас жүлдені иелену бақыты Ә.Бүркітбаев атындағы ӨИИ
эдвайзері Алшынова Айманға бұйырды. Ақтық байқауға қатысқан
эдвайзерлердің жалақысына ҚазҰТУ ректоры Ж.М.Әділовтың
бұйрығымен, университеттегі ғылыми кеңестің қолдауымен үстеме
жалақы қосылатыны белгілі болды.
Барлық жеңімпаздарды құттықтаймыз.
Жұлдыз Бағашарова,
ҚазҰТУ-дың баспасөз хатшысы
ЖАЗУШЫНЫҢ
«НАУРЫЗ КӨЖЕСІ»
КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ
Ш.Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық-драма те-
атрында Халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, жазушы-драматург
Нұрғали Ораздың балаларға арналған «Наурыз көже» атты ертегісі сахна-
ланды. Қоюшы-режиссері – Фархатбек Қанафин, қоюшы-суретшісі – Ибра-
гим Исенов, киім үлгілерінің суретшісі – Айсұлу Шайкенова.
«Тілін білмеген
түбін білмейді»
СДУ-да халықаралық айтыс мәреге жетті
Жуырда Сүлеймен Демирел атындағы университетте «V
халықаралық студенттер айтысы» болып өтті. Дәстүрлі түрде,
жыл сайын ұйымдастырылатын бұл айтысқа өз аймағындағы
ЖОО-ның ең үздік суырыпсалма ақындары іріктеліп алын-
ды. Сонымен қатар, сонау Моңғолия мен Қытайдан да жас
ақындар келді. Ақындардың шабысына халық әртісі, әйгілі
актер Асанәлі Әшімов, ақын Жүрсін Ерман, айтыскер ақын
Дәулеткерей Кәпұлы, ақын Төреғали Тәшенов, ғалым Ты-
нысбек Қоңыратбаев бастаған бірқатар ұлттың зиялылары
төрелік етті. Ал айтысқа бас демеуші Тұңғыш президент
қорына қарасты «Қарасай аудандық білім беру қоры» болды.
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық
университетінде Тәрбие жұмысы департаментінің
ұйымдастыруымен, университеттің 80 жылдық мерей-
тойы аясында өткен «Университеттің ең үздік эдвай-
зері» атты байқауда жиналғандарды ән, би, күй т.б.
өнерлерімен тәнті еткен эдвайзерлер сайысы тар-
тымды да табысты өтті.
Достарыңызбен бөлісу: