1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні 9 мамыр —



Pdf көрінісі
бет3/17
Дата03.03.2017
өлшемі10,37 Mb.
#5590
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Ермек Сахариев 

«Ядролық қару 50-60 планетаны 

жойып жібереді»,

Әлемдік саясат 

және микроорта-

дан макроортаға 

дейінгі ауқымға 

әсерін тигізіп 

отырған түрлі 

тақырыптарды 

қозғаған XII 

Еуразиялық 

медиа форум да 

аяқталды. Оған 

әлемнің ондаған 

елдерінің саясат-

керлері, белгілі 

саясаттанушыла-

ры, БАҚ өкілдері 

қатысты. Түске 

дейін түсінісіп, 

түстен кейін ата 

жауындай алыса 

кететін, кешегі 

мәлімдемені 

бүгінгісі теріске 

шығара сала-

тын алмағайып 

дүниенің тұсында 

мұндай жиын-

дар артық бола 

қоймайтындай... 

Еуразиялық ме-

диа форумының 

көңілге тиген 

тұсы да, «көңілге 

түрлі ой салар» 

(А.Құнанбайұлы) 

жерлері де аз 

болмады. Көңілге 

қаяу түсіргенінен 

бастасақ... 

ТҮЙІН:

1. Басқа да шетел делегациясы өкілдерімен өтетін жиында Қазақстанның 

жергілікті ұлты – қазақтың тілі, ділі, мәдениеті көрініс тауып тұруы тиіс еді. 

Өкінішті! Тағы да орындалмады... 

2. Қырым татарлары меджлисінің бұрынғы төрағасы әрі көрнекті саяси 

қайраткері Мұстафа Жемилевтің келетін болып, артынан келмей қалғаны 

көңілдегі күмәнді қоюлатты: көпвекторлы саясаттың бір векторы – Ресейдің 

ықпалы бізге тым артып тұрғанын айқындай түскендей. Әйтпесе, туысқан 

ұлт екенімізді, қырымдық татарлардың құқы Қырым жерінде өзге  ұлттармен 

(әсіресе орыстармен) тең сақталуы қажеттігін Түркия секілді айқын айта 

алмасақ та, Тәуелсіз мемлекет ретінде жасқанбай, жылыстап кетпей, оның 

осы медиа форумға келуіне жасалған әлдебір кедергілерге тосқауыл қоя 

білуіміз керек еді... 2019 жылға дейін Ресей мен Қырымға кіргізбеу туралы 

орыс билігінің шешімі жарияланса, оның бізге не қатысы бар?! Елбасының 

өзі айтқан жоқ па, Ресей мен Украина арасындағы «алакөздікке» қатысымыз 

жоқ деп. Тіпті оны екі елдің арасына жік салады деп санаса, бірнеше мәрте 

екі ел – Ресей мен Украина арасына от сала жаздаған, Украина тарапы 

«ұлтаралық араздықты тұтандырушы» санаған, сонысының кесірінен бірне-

ше мәрте нон грат – елге кіргізбеу (Украинаға) «жазасына» ұшыраған, ТМД 

елдері институтының директоры Константин Затулин де келмеуі тиіс еді ғой!..

3. Константин Затулин Антиеуразиялық форум, жас саясаткерлердің бірі 

– Жанболат Мамай туралы және Еуразиялық интеграцияға қатысты ішкі 

наразы ой-пікірлерден хабары бар екенін айқын айтты... Біз де олардың 

саясатының ұңғыл-шұңғылын, сол елдің және оның билігінің ішкі болмысын 

біле түсуге мүмкіндік беретін бір институт неге құрмаймыз? Тіпті бүтіндей бір 

елге арнамасақ та, Ресеймен қатар, Қытай және АҚШ секілді біздің елге 

өз мүддесін орнықтыруға жанталасып келе жатқан мемлекеттер туралы 

жүйеленген зерттеу орталығын құрған жөн! Аталған елдермен араны бұзып 

алмайтындай саясатты ұстана отырып...   

Тәуелсіз елдің тәуір саясаты өз елінің мүддесін өз жерінде басқа елдің 

ысырып шығаруына күші жетуінде жатса керек. 

Құрманғали Нұрғалиев

Ел қауіпсіздігіне әрбір қазақстандық жауапты

—  деп қауіп айтқан форумның берері көп

зат  өзін  жарға  әкеп  тұрғаны  көрініп  тұр.  Сөйте 

тұра,  ядролық  қаруды  кейбір  елдер  жаудан 

қорғайтын  берік  те  тұрақты  қорған  ретінде  са-

найтындай. 

Халықаралық 

қауымдастықтың 

беделі 


төмендеп, әр ел өз қамын өзі жасап, қорғанудың 

түрлі  жолдарын  іздеп  жатқанда  оған  бірден-

бір  кепіл  ретінде  әләзір  ядролық  қарудың  қызу 

сұранысқа ие болуы түсінікті жәйт. 

Бәрінен  де  түсініктісі  —  ядролық  соғыста 

жеңімпаздың болмайтыны...



Екінші, Украина тақырыбы. Шынын айту ке-

рек, бұл мәселе қазіргі әлемдік державалардың 

«бейбіт» ұстанымдарының, саясаттарының 

«етегін  ашып»,  «ұятын»  көрсетіп  қойды. 

Оның  ішінде  Батыстың  кей  елдерімен 

қоса, Ресей де бар. 

  Ресей  өз  мүддесін 

ТМД-ға  орнықтыру 

жолында  аянбайты-

нын  байқата  түсуде. 

Бірақ  мұның  ақыры 

жақсылыққа  апаруы 

екіталай  және  бұл 

тақырыпта  Ресей  би-

лігін  ақтап  алу  қиын. 

Ең  қауіптісі  —  путин-

шілдер  ТМД  кеңістігін 

орыстар мен орыс тілінің 

заңды «өмір сүру ортасы» санауынан танбауы 

және  соңғы  апталарда  оны  ашық  мәлімдеуі! 

Мәселен, Ресейдің ТМД елдері институтының 

директоры  К.Затулин:  «Украинада  орыс  тілі-

не  қысым  жасалғаны  сонша,  оқу  орнына  түсу 

емтиханын тапсыру тек украин тілінде болды», 

—  дей  келе,  Қазақстанға  келгенде  әуежайда 

қазақ  тілі,  орыс  тілі  және  ағылшын  тілінде-

гі  жазбалардың  тұрғанын  «қолдап»,  осылай 

болса,  Украинадағыдай  «мәселе»  тумайтынын 

аңғартты. 

Сонда  қалған  елдердегі  жергілікті  ұлттар  өз 

мүддесін өз елінде орнықтыра алмаса, қай елде 

орнықтырады?!  Ресейде  ме?..  Әйтеуір,  жақсы 

емес екені анық...

Үшінші,  алыс-жақынды  шулатып  келе 

жатқан  Еуразиялық  экономикалық  Одаққа 

қатысты.  АҚШ  тарапы  ә  дегеннен  КСРО-ның 

жаңа  нұсқасы  ретінде  баласа,  Украина  тара-

пынан  бірнеше  мәрте  нон  грат  «иегері»  Кон-

стантин Затулин «экономикалық одақ» деп шаң 

жуытпады.  Сонымен  қатар,  аталған  одақтың 

құрылуына  ашық  қарсылық  ретінде  өткен 

антиеуразиялық  форум  мен  оның  белсенді 

ұйымдастырушыларының  бірі  Жанболат  Мамай 

мырзаның ойы бүкіл Қазақтың ойын «білдірмейті-

нін» де «біліп» қойыпты және сол сияқты ресейлік 

В.Жириновский, В.Штыгашевтің де ойлары бүкіл 

Ресей ұстанымын көрсетпейтінін де айтып өтті. 

Бірақ  осы  одаққа  қатысты  біздің  тараптан 

спикер  ретінде  қатысқан  Сұлтан  Амирханов 

мырза  Еуразиялық  интеграцияның  әзірге  тиімді 

тұсын еліміздің сезе алмай отырғанын дәйектеп 

кетті:  мәселен,  Беларуське  80  млн.  доллар 

шамасындағы  тауарды  экспорттасақ,  олардан 

700  млн.  доллардың  өнімін  импорттаппыз... 

Сондай-ақ, Ресей рыногына біздің тауарлардың 

енуіне  түрлі  шектеулер,  кедергілер  бар  екенін, 

біздің  бизнестің  жұтылып  кету  қаупі  туындап 

отырғанын да тілге тиек етті.

Еуразиялық  медиа  форумның  маңызды 

тұстары  негізінен  осы  тақырыптар  төңірегінде 

болды.  


05

ҚАМШЫБАСАР – ТҰЖЫРЫМ

30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ 



 ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

Бабаларымыз  дәуірлеген,  салт-санасы  дүрілдеген, 

тілі  мен  діні  тілінбеген,  өзара  жік-жікке  бөлінбеген 

кезең,  өкінішке  орай,  сағымдай  бұлдырап,  алыстан 

көзімізді арбап қояды. Өмір ағынды судай ағып бара-

ды. Ұлағатты ұрпақ өсіру — ұлтқа сын!  Жаһандануға 

жұтылып, ізгі қасиеттерді бітіріп, өзге халықтарға есе-

міз кетіп, ұтылып қалмасақ жарар еді. «Ауылыңда қарт 

болса, жазып қойған хатпен тең», — деп айта аламыз 

ба  бүгінде?  Неге  қарияларымыз  арзандап,  пәтуалы 

сөз  айтпай,  мылжыңдап  кетті?  Сөзінің  салмағы  бар 

дейтін  ақсақалдарымыздың  үні  неге  бәсең?  Шер-

хандай  шерлі,  Әбіштей  абзал  ағаларға  көрсеткен 

құрметіміз  қаншалықты  деңгейде?!  Төлендей  (Әбдік) 

төбелі, Амангелдідей (Айталы) айдарлы қариялардың 

сөзіне құлақ асып жүрген кімің бар? Жақсы қартайып, 

үйінде  жантайып  жатқандар  да  аз  емес  тізе  берсек. 

Бірақ  «бір  құмалақтың  бір  қарын  майды  шірітетіні» 

секілді,  қариялық  дәрежеге  жете  алмай,  шал  болып 

кім  көрінгенді  шаужайдан  алып  жүргендерді  кім  деп 

атағанымыз  дұрыс?!  Жұмыс  барысында  ел  аралап 

жүріп  қариялардың  қаусағанын,  шал-шауқандардың 

қызыққа  тоймай  дүние-боқты    «аңсағанын»  көріп 

түңілемін кейде. Ер-азаматтарға жөн сілтер жайым жоқ. 

Бірақ әдемі қартая білу де Алланың пендесіне берген 

үлкен сыйы ма деймін. 

  Аңызға  бергісіз  әңгімелерге,  ақсақал-абыздардың, 

батагөй  қарттардың  (жоғары  оқу  орындарын  та-

мамдамаса  да)  білімі  мен  біліктілігіне,  қажыры  мен 

қайратына,  ақылы  мен  парасатына  бүгінгі  жастарды 

сендіре алармыз ба, тәйірі! Олардың ұлағатты істеріне, 

адалдықтарына, көпшіл көңілдеріне, кешірімді келбет-

теріне,  бекзат  болмыстарына,  ақыл-парасаттарына, 

қайырымды қалыптарына бүгінгі қоғам зәру болып отыр.  

Бұл  шындық!    «Балық  басынан  шіриді»  деп  қазекем 

бекер айтпаса керек. «Патша біреу, оған тіреу» бола-

тын (Шерағаңның сөзі) «оқыған», билік «партасында» 

мығым отырған, елді ынтымақ пен бірлікке шақыратын 

қариялардың  да  азайып  бара  жатқаны  көңілге  кірбің 

ұялатады.  Ұлттық мұраттарды сөз ететін жерде көзімен 

жер шұқылап қалатын шалдардан елге, жерге қандай 

пайда бар? Ұлт тағдыры, жер тағдыры сынға түскенде 

сенім артқан қарттарымыз бұғып қалады дейтін сындар 

жиі айтылады. Түбіріне бойлап көрсең, шындықтан ба-

стау алғаны көрініп тұрады. Басқаны қайдам, жастарды 

қан-жоса қылған Желтоқсан көтерілісі кезінде бірде-бір 

ақсақал алаңға шығып, жастарға аталы сөз айта алма-

ды. Кешегі  Жаңаөзенде  оқиға  болып  жатқанда басу 

айтар, тоқтам айтар қария табылмағаны жүректі ауырт-

ты. Оралмандар мәселесінде де аяғын аңдып басқан 

шалдарды шыққыр көзіміз көрді. Мұндай мысалдарды 

ондап  емес,  жүздеп  келтіруге  болады.  Ақсақалдық 

жасқа  жетіп,  ұрпағына  өрелі  өсиет  қалдырмаса, 

жастарға  тәлімді-тәрбие  бере  алмаса,  күні  үшін 

қалбалақтап  тіршілік  кешсе,  ондай  «Сақал,  шашын 

күнге ағартқан қарттарды» (Мұхтар Шахановтың сөзі) 

кімге үлгі етпекпіз? 

Әріге  бармай-ақ,  «бабалардың  баласы»  деп 

Мұқағали  ақын  жырлаған  қылышынан  қан  тамған  

кеңестік кезеңдегі қарияларды көзіміз көрді. Еңкіш 

тартып,  жүздері  жарқырап,  ақ  сақалдары  омырауын 

жауып,  ертелі-кеш  бір  үйлі  жанның  емес,  дүйім  бір 

ауылдың    қамын  жеп  жүретін  еді-ау,  жарықтықтар. 

Бейнеттен  бе  (жоқ  әлде  салиқалы  ойдың  берген  же-

місі ме),  бізге егде көрінетін қариялардың жас шама-

лары сол уақыттары елу-алпыстың о жақ, бұ жағында 

екен-ау!  Жүздерінен иман төгіліп, тілдерінен дүниелік 

емес,  тағылымға  толы  ғибратты,  шежірелі  әңгімелер 

құйылып  құлақ  құрышын  қандырып  сөйлегенде  балға 

үймелеген арадай бала-шаға төңіректеп шықпаушы еді 

сол маңнан. Міне, тәрбиенің тал бесігі! 

«Ауылыңда қарт болса, 

жазып қойған хатпен тең»

Әлі  есімде  (Мен  туған  ауыл  Жамбыл  облысы,  Би-

назар  ауылында),  Еркебұлан  Айдымбай,  Сағымбек, 

Қаймақ, Жыңғылбай, Жұмабай, Нақыпбек, Қыдырбай, 

Қалыбай т.б. ауыздары дуалы, көкіректері кенге толы 

көптеген аталар тіршілік кешті. Сый-құрметтің арқасы 

ғой, оларды әкем Мешітбай (ауыл басқармасы) жылы-

на 2 рет үйге арнайы шақыратын. Елуінші жылдардың 

орта шені еді бұл. Елде ішер ас тапшы. Жұпыны ғана 

тіршілік.  Бірақ қазақтың жарқын пейілі тарылып көрген 

бе тегінде. Анамыз сары майдай сақтағанын шығарып: 

«Қонақтар  келеді,  аталар  келеді,  сол  кісілер  жейді», 

—  деп  дайындала  бастайтын.  «Аталарың  келеді»  де-

ген сөз біз үшін үлкен той болатын. Біріншіден, аталарға 

шашылған тәттіден бізге де бұйыратыны сөзсіз.  Екін-

шіден,  есіктен,  бұрыштан  сығалап,  әңгімесін  тыңдау 

бір  ғанибет...  Оны  айтасыз,  қолдарына  су  құйып,  га-

лошын  қоюға  таласамыз  өңкей  бала-шаға.  Ол  кісілер 

намаз  оқиды.  Жайнамазды  апарып  беру  де  біз  үшін 

үлкен дәреже.  «Жайнамазды қолыңды үш рет жумай 

ұстама». Бұл — бала көңілде жатталып қалған тәртіптің 

бірі (Ол кезде намазды тығылып оқитынын кейін білдік 

қой). Анамыз: «Мынау намаз оқитын таза бөлме, оған 

таза кіру керек», — деп отыратын. Жаңағы аталар  жан-

жақтағы ауылдардан келеді. Ас үстінде ел ынтымағы, 

ата-баба тарихы сөз болады. Кейде кезектен тыс жи-

налады. Соғыстан кейінгі қиын шақ. Бірақ тіршілік үшін 

күрес толассыз жүріп жатады. «Бәленшенің жалғыз ба-

ласы қыз алып қашып келіпті», «Түгеншенің  баласының 

мойнына мал мініпті», «Бәленше қатты сырқаттаныпты, 

қарайтын  адамы  жоқ»  десе  де,  бірге  қуанып,  бірге 

қайғырған ел көз алдымда. Сондағы бар мәселені ауыл 

ақсақалдары  дабыра  қылмай-ақ    өздері  шешіп  жата-

тын. «Дауға берсе де, жауға бермеген» қайран данала-

рым-ай! 

Әлі есімде, репрессияның зардабын тартқан бірнеше 

ұлт өкілі ауылымызға  көшіп келген-тін. Әкем солардың 

ақсақалдарын  үйге  шақырып,  ауыл  ақсақалдарын  

таныстырып,  мәре-сәре  отырыс  жасағаны  бар.  Қазір 

ойлап  отырсам,  бүгінгі  ассамблеяның  түп  негізін 

біздің  қарияларымыз  о  баста  қалап  кеткен  екен-ау! 

Ел  іші  болған  соң,  бұзақылық  болмай  тұра  ма?  Әлгі 

құрылған  “Ассамблеяның”  күшімен,  ауызбіршіліктің 

мықтылығымен,  өздерінің  жазылмаған  заңымен  түрлі 

шиеленістер,  ұрыс-керістер,  дау-жанжалдар  у-шу-

сыз әділ шешімін тауып жататын.  Құшағы кең, пейілі 

даладай  дархан  бабалардан  қалған  мұраны  сағына 

еске  аламын  бүгінде.  «Өле  жегенше,  бөле  же»  деген 

қағиданы қатаң ұстанған қариялар өзге ұлт өкілдерінің 

тойына  барып,  рәсімдерімен  танысып,  қуанышына 

ортақтасып, береке-бірліктің туын жықпай өтіп еді...

60-жылдары  мен  келін  болып  түскен  ауылда  «об-

ком  ата»  (оштай)  үйі  болды.  Сол  кездегі  аталардың 

түр-түсі  де  бөлекше  болатын,  имандары  төгіліп 

тұратын  жарықтықтардың.  «Ата  обком  болған  ба?» 

—  деп  сұраймын  ғой  баяғы.  Сөйтсем,  бір  ауылдың 

қара  қылды  қақ  жаратын  қариясы,  кім-кімге  де  сөзі 

өтетін данасы екен ғой. «Халық айтса, қалып айтпай-

ды» дегенге сол жолы көзім жеткен. Өмірінде биліктен 

ештеме  дәметпеген,  орден-медаль  да  тақпаған.  Шір-

кін-ай,  жоғары  білімдері  болмаса  да,  зиялы,  білімді, 

мейірімді,  мәдениетті,  иманды  ақсақалдар  санатынан 

еді ол атаның замандастары. Қазір сағынамын, бүгінгі 

шалдармен  салыстырып  әлек  боламын,  себеп-салда-

рын  іздеймін...  Олардың  сол  кездегі  жасына,  жолына 

қарап    сыйласатындарына  қайран  қаламын.  Олар 

соншалықты  ауыртпалық  кезеңде  тіршілік  кешсе  де, 

елдің  ынтымағы  мен  бірлігін,  салт-дәстүрін  сақтады. 

Қазақтың  кең    даласының  барлық  пұшпағында  осын-

дай  ақсақалдар  болды...  Олар  ата-баба  дәстүрін 

жалғастырған  данышпандар  легі  еді.  Ауыр  болса  да 

айтайын,  қазіргі  ақсақалдардың  көбі  Кеңес  одағының 

«шекпенінен» шыққан, ұлтсыздық тәрбиесімен санала-

ры әбден уланған, құдайсыздық бәйтерегінің  70 жыл-

да берген  жемісі! Әйтпесе, бір үзім нанды бөліп жеген, 

асарлатып  үй-жай  салған,  жетімін  жылатпай,  жесірін 

қаңғыртпай, тентегін тізгіндеп, шайпауын ауыздықтаған 

сол кездегі ауылдан сыртқа жаманаттың желі есетін бе 

еді?  Жоқ,  еспейтін.  Өйткені  дуалы  ауыз  қарияның  әр 

сөзі  заң  болатын.  Бірге  өскен  замандастары  да  сөзге 

төрелік беретін. Бірін-бірі қуаттап, дем беріп отыратын. 

Бүгінгідей  «бас-басына  би  болып»  айтыспайтын.  Тар-

тыспайтын.  Әлгі  көсем  қарияның  айтқаны  бұлжымай 

орындалатын. Көпті ауызға қарату (оның ішінде есері 

де, естісі де бар) оңай шаруа емесі айтпаса да белгі-

лі.  (Жақсы  мен  жаман  әлімсақтан  жағаласып  келеді 

емес  пе  қу  тірлікте!)  Иә,  қай  кезде  де  иманы 

кәміл  жанға  ғана  елге  төрелік  айтқан 

жарасар.  Көпке сөзі өтетін әлгіндей 

қариялар  барлық  жағынан  да 

құрметтеуге  лайық  бола-

тын.    Бес  уақыт  на-

мазы,  берекелі 

шаңырағы, 



СӘУЛЕ 

МЕШІТБАЙҚЫЗЫ

 

Су  ша-



руашылығы  

деген    өзі    біртұтас  

жүйе,  оның    мәселесі 

стратегиялық  мәселе  еді. Өйткені  

жер  мен  су 

  елдің    басты  байлығы.  



Халық  атынан  оны  мемлекет  иемденуі  тиіс  

еді.  Қисыны  солай  болатын.  Былайша  қарағанда,  

су  дегеніңіз  

— 

Құдайдың  берген  сыйы,  еңбеккер  



елдің несібесі. Сондықтан  қазекең  «Отын – олжа, су 

– байлық»  деп  бір-

ақ  түйген. 

    Қазір    бәрі    шашырап  

кетті. Ведомостволық   бытыраңқылық  

дейміз  ғой.    Солай    болған    соң,        біріне-

бірі  бәсекелес  болып  алды.   Қазіргі  таңда  біздің  

облыстағы  117  су  қоймасының  5-еуі  республикалық, 

105-і    коммуналдық,  7-еуі    жекеменшік    иелігінде  

екен.  Су  саласының  тізгіні  жоғарыда  да, төменде  де  

түрлі  министрліктер  мен ведомостваларға   жиі  ау-

ысады. Ауысқан  сайын  ұтарымыздан  ұтыларымыз  

көп.  

Жабайы  жекешелендірудің  зардаптарын   ресми  



билік    мойындап    жатқан    жоқ.    «Өткенді    қайтара  

алмайсың,  қолыңнан  келсе,  бүгінгі  тірлікті  айт,   

қолыңнан    келмесе,      үндемей-ақ    қой»  дейтіндер  

бар.    Бұрынғыны      қозғауды      жақтырмайтындар  

көп.   Мұнда  да  бір  қисын  бар  шығар,   дегенмен  

БОЛАТ 

МӘУЛЕН

тәрбиелі  ұрпағы,  салиқалы  бәйбішесімен  жарасым 

тауып  отырғанының  өзі  бір  тағылым  еді-ау  олардың.  

Иә,  бұл  өткен  күндерден  естелік  қана.  Көзге  жас 

үйіріп,  сағына  беретінім  сондықтан.    «Ұяда  не  көрсе, 

ұшқанда соны іледі» демекші,  қазыналы қариялардың 

тезінен  өткен,  көзін  көрген,  тәлімін  алған  бүгінгі  ша-

шын  бояған,  қырма  сақал  «шалдардың»  қылығына 

күйінетіндер  көбейіп  барады.  Ауылдағы  «ерке»  шал-

мен,  қаладағы  «тентек»  шалдың  аражігін  ажырату 

мүмкін болмай тұр. Билікте жүрген кей шалдардың да 

қылығы  күйінтеді.  Есімнен  сірә  кетпейді,  Елбасының 

бұйрығымен  жылы  орнын  суытқан  бір  шалдың  көзі 

жасаурап  телеэкранның  алдында  тұрғаны.  Оператор 

кездейсоқ  «ұстап»  алды  ма,  әлде  расымен  қадалып 

түсірді ме, ол жағы беймәлім.  Асарын асап, жасарын 

жасап, биліктің біраз орынтағын тоздырған әлгі шене-

унік, жылауық шалдың боркемік боп езілуіне түсінсем 

бұйырмасын.  «Ат  тұяғын  тай  басатынын»  ескермеген 

осындай  шалдарға  күніміз  қарап  отырғаны  шындық. 

«Жетпіс жыл Кеңестің қамытына жегілген байғұстарды 

да  түсінуге  болады»,  —  деп,  оларды  ақтаушылар  да 

табылар. Бірақ төрінен көрі жақын бейбақтардың ұрпақ 

үшін, ұлты үшін сабырға келіп, тәубасын айтып, сәждеге 

басын қойып, елінің, ауылының амандығы үшін жақсы 

істерге ұйытқы болуына ешбір кедергіні көрмей тұрмын 

өз басым. Жастық пен қарттыққа тән жарасымдылық 

бұзылған жерде олардан игі істер күту — ақымақтық!  

«Орнында бар оңалар» дейді дана қазақ. Бар үмітіміз 

кемсіту  көрмей,  рухы  жаншылмай  өсіп  келе  жатқан 

ұрпақтың жолында. Оған да тәуба дейік.  

«Ет сасыса, тұз себерсің, 

тұз сасыса, 

не себерсің?»

Қарап тұрсаңыз, зәулім-зәулім мешіттерге Алладан 

дұға тілеп, бұйрығына бой ұсынып барып жатқандардың 

дені жастар. Оны айтасыз, ауылды жерлердегі мешіт-

терге  баратын  шалдар  жоққа  тән.  Қолы  бос,  зейнет 

жасындағы  кісіге  бес  парызды  өтеу  қиын  ба,  тәйірі!? 

Алладан  қорқатын,  ақыретте  жақсылықтан  үміті  бар 

адамның  ісі  ме  бұл?  Азан  шақырылып  жатқанда 

дүниелік әңгімені жапырып, картасын сапырып, шара-

бын  ішіп,  ақырып  отыратын  кімдер?  Елбасына  дейін 

арыздарын  жазып  (ел,  ұрпақ  қамы,  ынтымақ,  бірлі-

гі  емес, өсек-аяң...) отыратын, өкінішке орай, тағы да 

шалдар. Осындай ақсақал жасындағы адамдардың ұл-

қыздарына  имани  әңгіме  айта  алмауынан,  салиқалы 

сұхбат  бермеуінен  қаншама  жастарымыз  отқа  түсіп, 

қаншама  қыздарымыз  шоққа  күйіп  жүр.  Тым  болма-

са  осыны  ойласа  қайтеді.  Жүректе  иманы,  аузында 

пәтуалы сөзі жоқ, жеке басының қамын күйттеп, жүрген 

жерлерінің «шаңын» шығарып кететін шалдардың «ер-

келігіне»  тоқтам  болмай  тұрғаны  қынжылтады.  «Ет 

сасыса, тұз себерсің, тұз сасыса, не себерсің?» деген 

осы-ау. Мәңгілік өмір сүретіндей масайрап, ауылының  

берекесін  қашырып,  боқ  дүниеге  таласып  сайран  са-

лып  жүрген  шал-шауқанды  «қария»  деп  айтуға  ауыз 

бара  ма?  Бүкіл  Қазақия  куә  болған  молдасымақ 

шалдардың  арасындағы  айқай-шу,  оны  келекелеп 

өлеңге  айналдырған  жарымжан  шалмен  ұстасқан 

қылықтары  жан  шошырлық  көрініс  емес  пе?  Мұны 

көрген бала-шағаға қалай өкпе арта аламыз? 

Баласындай  қызға  емініп,  әкім-қара  көрсе 

жарамсақтана  жүгіріп  жүрген  кей  шалдардан  не  үміт, 

не қайыр?  Қазақы түсініктегі біз білетін қарияның сиқы 

осындай ма еді, апыр-ай!  Жақсы қартайған қарияларды 

түртпектеп, кекетіп, мазақ етіп, сөзге жеңістік бермей 

лепіріп, күншілдіктің арғымағына мініп алған кей шал-

дар,  оларды  «отырса  опақ,  тұрса  сопақ»  етіп,    ел-

жұртқа күлкі болып жүргенін өздері сезбейді.  Ел мен 

жерді аралап жүріп бұған көзіміз әбден жетті. «Аразда-

сып ағайын кетер еді, Бір қария болмаса бір ауылда» 

деген  Мұқағалидың  айтқаны  айнымай  келіп  жатыр. 

Араздасқан  ағайынды  татуластырар  ақсақалдардың 

кейбірінің жүрісі мынау.  Қарап тұрсақ, әр жүз, әр ру өз 

аталарын «жарыстырып», шашылып ас беруде жомарт 

атанып, бабаларына, батырларына мешіт салып, топ-

тан озуда. Бірақ артының не болып жатқаны баршаға 

мәлім. 


Жолың  түсіп  той-томалақ,  ас-жиынға  бара  қалсаң, 

сөз  алған  ақсақалдарымыз  ғибратты,  үлгілі  сөз 

айтудың  орнына,  «мен  бастық  болғанда»  деп  баста-

латын «дастандарын» соғады келіп. Той қалады жай-

ына. Екі сағат өзін дәріптейді, ал күні түсіп тұрған әкім 

қараның  тойы  болса,  онда  жүз  сексен  градусқа  жалт 

бұрылып,  басшының  түп-тұқиянын  термелеп  кете-

ді.  Тойға  жиналғандар  аузынан  дуа  қашқан  шалдың 

жаттанды сөзінен жеріп отырады. «Бата» берген шал-

дарды тойда баласы тәлтіректетіп жетектеп... Осы да 

қарттыққа жата ма, ағайын?!

Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын. 

Ел  іші  болғасын  аузы  дуалы,  жақсы 

қартайған  қариялар  жоқ  емес, 

бар.  «Әттең,  тонның  кел-

тесі-ай!»  дегізетіні: 

олар  тым  аз. 

Қ а з а қ 

се-

кілді  дана  халықтың  даралығына  күйе  жағатындармен  



күресіп  келе  жатқан  ақсақалдық,  абыздық  жастағы 

Әбіш  Кекілбаев,  Дулат  Исабеков,  Мұхтар  Шаханов, 

Совет-хан    Ғаббасов,  Амангелді  Айталы  т.б.  көптеген 

ағаларымыздың орны бөлек мен үшін. Еліміздің түкпір- 

түкпірінде және ауыл-аймағына сүйкімді, сыйлы қарттар 

жоқ  деп  кім  айта  алар?  Батыстың  ақсақалдары  бір 

төбе. Өткенде ғана Маңғыстау облысына  Наурыз ме-

рекесі қарсаңында «Көрісуге» барғанымызда ынтымағы 

жарасқан,  бірлігі  көкпен  таласқан,  тілектері  көл-көсір 

дария  небір  қарияларды  көрдік.  Тіпті  өз  үстеріндегі 

шапанын  алыстан  келген  ағайындарына  шешіп  беріп 

жатты. СҚО оралмандарға арнайы салынған Бәйтерек 

ауылындағы  Сүлеймен  ағаның  ақсақалдық  тұлғасы 

қандай  керемет!  Өзіне  магниттей  тартатын  шешенді-

гі,  мырзалығы,  елге  деген  қамқорлығына  жұрты  риза. 

Оңтүстік  пен  Шығыстағы  ақсақалдар  қатары  да  көңіл 

қуанышы. Осындай ел-жұртқа танымал, халқына сыйлы 

қарттарды  дәріптеп,  билік  басындағылар,  Ардагерлер 

кеңесі  бастарын  қосып,  ақыл-кеңестеріне  құлақ  қойып 

отырса, қандай жарасымды болар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет