5. Машиналардың жұмыс қабілеттілігі мен бөлшектерін есептеу критерийлері.
6. Қосылыстар. Ажыратылатын және ажыратылмайтын. Машиналар, аспаптар және аппараттар жасағанда, оларды құрайтын бөлшектер қандай да бір тәсілдермен бір-бірімен қосылады. Бұл қосылыстар ажыратылатын және ажыратылмайтын болып бөлінеді.
Ажыратылатын қосылыстар деп қайтадан құрастыру мен бөлшектеу кезінде оны құрайтын бөліктері бүлінбей қалатын қосылыстарды айтады.
34 – сурет Мысалы 34-ші суретте көрсетілген. Бұйымның бөліктерін үнемі байланыстырып тұратын және бүлінбей бөлшектеуге келмейтін қосылыстарды ажыратылмайтын қосылыстар деп атайды (пісіру, дәнекерлеу, престеу, желімдеу, жапсыру арқылы қосылған қосылыстар).
Машинаның әр түрлі құрылғылардың құрама бөлшектерін, ажыратылатын қосылыстармен қосуда бұранда немесе бекітуші бөлшектер бұрандасы кең қолданылады. Бұрандалылы қосылыстар, бөлшектерге біршама қозғалмайтындық немесе бір бөлшектің басқа бөлшекпен салыстырмалы ауысуын қамтамасыз етеді.
Бұранда деген цилиндрлік немесе конустық беттердің үстінде жазық шеткі жиектің бұрандалы қозғалысынан пайда болған бет. Кескіштің кескініне байланысты бұрандаларды мынадай түрлерге бөледі: үшбұрышты, тіреуішті, трапециялы, тік бұрышты, жұмыр. Егер цилиндр бетіне бір мезетте біреу емес екеу, үшеу не одан да көп жазық профильдер орналастырсақ, сәйкесінше екі, үш және одан да көп кірісті бұранда пайда болады.
7. Бұрандалы қосылыстар. Жіптердің геометриялық параметрлері Бөлшектерді бұранданың көмегімен қосу ең көне және анағұрлым кең таралған ажырамалы қосылыс түрлерінің бірі болып табылады. Құрастыруды және бөлшектеуді қамтамасыз ету оңай және қарапайым. Ажырамалы қосылысты екі тетік құрайды. Олардың бірінде сыртқы, ал екіншісінде ішкі бетінде бұрама беті бойымен орналасқан дөңестер – сәйкес сыртқы және ішкі бұранда жасалған.
Бұрандаларды цилиндрлік немесе конустық беттерде құрастырады. Цилиндр бұрандалар ең көп таралған.