1. Машиналардың бөлшектері мен тораптарына қойылатын негізгі талаптар. Машиналардың жұмыс қабілеттілігі мен бөлшектерін есептеу критерийлері


Бұрандалы қосылыстардың артықшылықтары



бет5/13
Дата19.12.2022
өлшемі10,05 Mb.
#58050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Бұрандалы қосылыстардың артықшылықтары:
- көп реттік құрастыру – бөлшектеу мүмкіндігін қамтамасыз етеді;
- кілтте шағын күш кезінде бұранданың сыналы әсері және сомын кілті L ұзындығының бұранда радиусына r үлкен қатынасы (L/r » 28) салдарынан тартудың айтарлықтай күштерін тудырады. Сонымен М12 бұрамасын тарту күші 20000 Н құрауы мүмкін;
- олардың түрлі өзара орналасуы кезінде тетіктерді құрастыруға мүмкіндік береді. Сол арқылы бұрандалы тетіктердің көмегімен реттеу жүргізуге болады, оның ішінде біліктегі тетіктердің осьтік орналасуын немесе корпуста біліктің өзінің осьтік орналасуын реттеуге болады.
Кемшілігі:
- сомындарды немесе бұрама бастиектерін орнатуға арналған ернемектердің салыстырмалы түрде үлкен өлшемдері мен массасы.
Қолдану. Бұрамалар, бұрандалар мен бұрамасұқпалар түрінде бұранда тетіктерді бекіту үшін қолданады – бірнеше тетікті бір тұтас түрге жалғау. Сомын ролін корпустық тетік орындай алады.
Бұранда тетіктері арқылы қосылыс мысалдары:
- көпірлердің, көтергіш крандардың жеке секцияларын біртұтас жалғау;
- бірнеше құрама бірліктерді қосу (редукторды және ернемектік электрқозғалтқышты; картерді, ішкі жану қозғалтқышында цилиндрлер блогын және блок бастиегін; автомобильдің жарты осі бар доңғалақ);
- тетіктерді жалғау (қақпақтар және редуктор корпусының табаны; беріліс қорапшасының корпусы бар мойынтіректердің қақпақтары);
- табанындағы тетіктер мен түйіндерді бекіту (тақтадағы редукторды; цех еденіне тақталарды; токорьлық білдек суппортындағы кескішті).
Конустық бұрандалар қосылыстың қандай да бір тығыздаусыз талап етілген тығыздығын (өткізбейтіндікті) – радиалды тартым есебінен қамтамасыз етеді. Оларды жалғастырғыш түтікті арматура, тығындар, бекітпелер, гидравликалық жүйе штуцерлері, баспақ-майлағыштар үшін қолданады.
Қосылыстармен қатар бұранда тетіктерін мыналарда қолданады:
- айналмалы қозғалысты ілгерілемелі түрге түрлендіру үшін қызмет ететін бұрама-сомын берілістерінде;
- тербеліс мойынтіректерінде осьтік саңылауларды реттеу, конустық тісті және бұрамдықты ілінісуді реттеу және т.б.
Бұрама сызығы – түзу дөңгелек цилиндрдің бүйір бетінде, а осьтік орын ауыстыру мен сәйкес бұрыштық орын ауыстыру арасындағы қатынас тұрақты болатындай орын ауыстыратын, бірақ нольге немесе шексіздікке тең емес нүкте.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет