1. Машиналардың бөлшектері мен тораптарына қойылатын негізгі талаптар. Машиналардың жұмыс қабілеттілігі мен бөлшектерін есептеу критерийлері


Стандартталған жетекті тізбектердің негізгі түрлері: дөңгелекті, төлкелі және тісті



бет13/13
Дата19.12.2022
өлшемі10,05 Mb.
#58050
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Стандартталған жетекті тізбектердің негізгі түрлері: дөңгелекті, төлкелі және тісті.
Тізбектердің материалы. Тізбектер тозуға төзімді және берік болуы керек. Тізбектердің тілімдерін 50, 40Х маркалы және басқа 40....50 HRC дейін беріктікте шыныққан болаттан жасайды. Тізбекті берілістерден бас тартудың негізгі түрі топсалардың тозуы болып табылады.


19. Берілістер. Берілістердің жіктелуі.
Берілістер деп қуат пен қозғалысты белгілі бір қашықтыққа беру үшін қолданылатын жабдықтарды айтады. Олар көбінесе машиналардың двигателі мен жұмыс атқарушы тетіктерінің аралығында қолданылады.
Жіктелуі:

  1. тісті берілістер

  2. цилиндрлі берілістер

  3. конустық берілістер

  4. механикалық берілістер

20. Біліктер мен осьтер. Жалпы мәліметтер

Цилиндрлі, жұмыр немесе иінді тісті дөңгелектер мен шкивтерді отырғызуға және пайдалы айналдырушы момент беруге арналған бөлшекті білік (орысша — вал) дейміз. Машиналарда біліктердің атқаратын қызметі зор. Олардың түзу, иінді, иілгіш жәнс эксцентрикті түрлері болады.


Ось дегеніміз – осьпен бірге айналатын немесе сонда орналасқан машиналардың және механизмдердің бөлшектерді ұстап тұруға арналған бөлшектер (а – айналмайтын, б – айналады). Осьтің өзі және онда орнатылған бөлшектер айналуы тіректерге қатысты жүзеге асырылады, олар мойынтіректер деп аталады. Осьтер олардың үстінде орналасқан бөлшектерден жүктеме алады және иіліске жұмыс істейді (оси работают на изгиб).
Білік дегенміз – оларда орналасқан және олармен бірге айналатын бөлшектерді ұстайды және айналдырушы моментті беру үшін қолданылады. Біліктер және онда орнатылған бөлшектер айналуы мойынтіректерге қатысты жүзеге асырылады. Егер білікте айналдырушы моментті беретін бөлшектер орналасса, ол бөлшектерден жүктемеге қабылдайды, демек білік иіліске және бұралуға бірдей жұмыс істейді (работает на изгиб и кручение одновременно). Егер білікте орналасқан бөлшектерге осьтік жүктемелер түсетін болса, біліктер қосымша созылуға немесе қысуға жұмыс істейді (работают на растяжение или сжатие). Кейбір біліктер тек қана айналдырушы моменті беруге арналған және айналу бөлшектерді ұстап тұрмайды (мысалы, кардан білігі), сондықтан олар бұрылуға ғана (только кручение) жұмыс істейді.
Көптеген жағдайда күштер біліктің ұзындығына біркелкі әсер етпейді. Осыған орай біліктердің бір қалыпты берік болуы үшіп, олардың диаметрлерін өз үзындығына байланысты әр түрлі етіп істейді жәнс басқа бөлшектердің, жұлдызшалардың білікке қондыратын ішкі диаметрлері стандартталған, сондықтан біліктердің де диаметрлері соларға сәйкес болуы қажет. Біліктер мен осьтердің тірекке тірелетін бөлігін цапфа деп, ортадағы цапфаларды мойынша деп, ал тірелетін шеткі бөліктерін шип деп атайды (подшипник).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет