1. Машиналардың бөлшектері мен тораптарына қойылатын негізгі талаптар. Машиналардың жұмыс қабілеттілігі мен бөлшектерін есептеу критерийлері


Дәнекерленген қосылыстар. Артықшылықтары, кемшіліктері. Дәнекерленген қосылыстардың түрлері. Түйіспелі қосылыстарды есептеу



бет8/13
Дата19.12.2022
өлшемі10,05 Mb.
#58050
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
10. Дәнекерленген қосылыстар. Артықшылықтары, кемшіліктері. Дәнекерленген қосылыстардың түрлері. Түйіспелі қосылыстарды есептеу.


Дәнекерлеу қосылысы– шешілмейтін біріктірудің неғұрлым көп таралған түрі. Оларды дәнекерленетін бөлшектер арасында олар біріктірілетін аймақта сұйық күйге дейін жылытылатын жолмен немесе жапсарма аймағында жылумен немесе жылытусыз (бұзу дәнекерлеуімен) пластикалық пішін өзгерту жолымен атомдық өзгеріс құру негізінде алады.
Дәнекерлеуші біріктіруді көп жағдайда жергілікті жылыту жолымен жасайды:
- металлды күш түсірмей балқытумен (электр доғалық, газдық);
- металлды балқытпай, күш түсірумен. Бұл біріктіру жағдайында металл бөлшектері балқытылмайды, тек пластикалық жағдайға дейін жеткізіледі. Біріктіруді металлды кептеу арқылы жасайды.
Артықшылықтары:
- аз масса;
- құнының төмендігі. Прокатталған дәнекерлі құрылым құны құйма мен соғыған бұйымға қарағанда 2 есе төмен;
- дәнекерлеу процесінің үнемділігі, автоматтаудың мүмкіндігі. Бұл жұмыс жасауға кететін аз уақытқа, салыстырмалы түрдегі қарапайымдылығына, құрал жабдықтың арзандығына байланысты;
- біріктірудің тығыздығы мен герметикалығы;
- өте үлкен көлемдегі құрылымды алу мүмкіндігі (мысалы, құймалауда бұл мүмкін емес):
Кемшіліктері:
- дәнекерленген жіктің жасырын ақауы болу мүмкіндігі (жарылу, шлакты қосылыстар;
- дәнекерленген жік сапасын бақылаудың қиындығы. Қазіргі кездегі рентгеноскопиялық және ультра дыбыстық әдістер өте күрделі;
- дәнекерлеу процесінде жылыту бірқалыпты болмау себепті бұйымдардың бұдырлы болуы;
- жүктем.
Дәнекерлеу қосылыстарының түрлері: 1) түйіспе; 2) айқас; 3) — таврлы; 4) бұрыштық; 5) дөңбек
Түйіспе қосылыс дөңбек төселген беттің бір-біріне жанасатын екі бөлшегін дәнекерлеу қосылысын; айқас — дәнекерленетін бөлшектер параллель және ішінара бір-бірін жабатын қосылысты; таврлы —бір бөлшектің шетжағы бұрышқа жанасатын және басқа бөлшектің бүйір бетіне дәнекерленетін қосылысты; бұрыштық — бұрыштың астына орналасқан және олардың шеттері жанасқан жерінде дәнекерленетін екі бөлшектің қосылысын; дөңбек — бір-біріне жанасатын дәнекерленетін бөлшектердің бүйір бетінің қосылысын білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет