1. Машиналардың бөлшектері мен тораптарына қойылатын негізгі талаптар. Машиналардың жұмыс қабілеттілігі мен бөлшектерін есептеу критерийлері


Механикалық берілістер. Берілістердің негізгі сипаттамалары. Берілістердің жіктелуі



бет2/13
Дата19.12.2022
өлшемі10,05 Mb.
#58050
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
2. Механикалық берілістер. Берілістердің негізгі сипаттамалары. Берілістердің жіктелуі.
Механикалық берілістердің түрлері
Фрикциялық берілістер. Жетекші денедегі қозғалыс жетектегі денеге үйкеліс күші арқылы берілетін фрикциялық берілістер дейміз. Қарапайым фрикциялық берілістер біріне-бірі қосылған екі дөңгелектен тұрады. Фрикциялық берілістердің қуаты, яғни бір біліктен екінші білікке берілетін моменттің шамасы екі дөңгелектің жанасу ауданында пайда болатын үйкеліс күшіне байланысты. Сондықтан айналмалы дөңгелектер бірімен-бірі белгілі күшпен қысуы шарт, бұл көбінесе арнаулы серіппе арқылы жүзеге асырылады.
Фрикциялық берілістердің артықшылықтары: конструкциясы қарапайым, теңселу денесіне тіс жасаудың қажеті жоқ; қозғалыс бір қалыпты беріледі, сондықтан ол жоғары жылдамдықпен айналатын механизмдерде және приборларда қолданылады; айналыс сандарын сатысыз реттеуге мүмкіндік береді; олар конусты дискілі түрде жасалып, берілісті белгілі бұрышпен беруге мүмкіндік туғызады.
Фрикциялық берілістердің кемшіліктері: фрикциялық берілісте подшипник пен білікке күш көп түседі; фрикциялық берілістердің пайдалы әсер коэффициентінің шамасы аз (0,8 – 0,92). Фрикциялық берілістердің жұмыс істеу кезінде сырғанау пайда болады. Сондықтан беріліс қатынасы тұрақсыз және фрикциялық дискілер бетінің тозуы бір қалыпты болмайды; айналмалы денелердің қосылып тұруы қажет, сондықтан қосымша қысу жабдықтарын керек етеді.
Тісті берілістер. Тісті беріліс деп, екі қозғалмалы тісті буындары қозғалмайтын буынымен айналмалы немесе ілгерлемелі жұп құратын, үш буынды механизмді айтамыз (тісті беріліс деп қозғалысты, қозғалыс моментін біліктер арасында беру үшін қозғалыстың бір түрін екінші түрге өзгертетін тісті ілінісуді айтады). Берілістің тісті буыны дөңгелек, сектор немесе рейка болуы мүмкін. Тісті берілістер айналмалы қозғалыстарды немесе айналмалы қозғалысты ілгерлемелі қозғалысқа түрлендіру үшін қолданылады.
Тісті берілістердің артықшылықтары: тісті берілістер көмегімен өте үлкен қуат беруге болады (ондаған мың кВт) және басқа берілістерге қарағанда ықшамды, габариті шағын келеді, басқа берілістерге қарағанда біліктерге және тіректерге аз күш түседі, тісті берілістер өте шыдамды келеді, пайдалы әсер коэффициенті жоғары (бір сатылы редукторлар үшін 0,97…0,98), жылдамдығы үлкен (150 м/с-ке дейін) және беріліс санының диапозоны кеңірек (бірнеше жүздеген).
Тісті берілістердің кемшіліктеріне мыналар жатады: жоғары дәлдікті берілісті дайындаудың күрделігі; дойындау мен жинаудың дәлдіктерінің жеткіліксіздігінен жұмыс барысында шудың көбейуі, жетектегі біліктің айналу жиілігін сатысыз реттеудің мүмкін еместігі және қатаңдығы өте жоғары болғандықтан динамикалық күштерді қабылдау қабілеттілігінің нашарлығы.
Червякті берілістер. Өзара айқасатын біліктер арасында (әсірісе перпендикулярмен айқасатын біліктер) қозғалысты беруге червякті берілістер қолданылады (1 сурет). Червякті берілістің қозғалысы винт жұптарының қозғалысына ұқсас. Винт қызметін червяк атқарады да, червяк дөңгелегі ұзын гайканы шеңбер бойымен игенде шыққан секторға ұқсайды. Сондықтан червякті берілісте тісті берілістің, сондай-ақ винтті берілістің қасиеттері бар. Доға формалы етіп жасалған червяк дөңгелегінің тісі жанасу кернеуін азайтуға мүмкіндік береді.
Белдікті беріліс деп, қозғалысты және қуатты бір біліктен екінші білікке белдік пен шкив арасындағы үйкеліс күші арқылы берілетін берілісті айтамыз.
Шынжырлы берілістер соңғы кезде машина жасау өнеркәсібінде кеңінен қолданылып келеді, қазірдің өзінде біздің елде жылына 230 миллион метрге жуық шынжыр мен 50 миллинға жуық жұлдызшалар жасалынса, оның орта есеппен 80%-ті ауыл шаруашылық машиналарында пайдаланылады. Тек қана бір комбайнда, мысалы, «Нива»-да 14 шынжырлы беріліс кездеседі, ал оларды қазір Ростсельмаш заводы жылына 100 мыңнан аса шығаруда.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет