1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


Қазақстандық патриотизм мен интернационализмді тәрбиелеу



бет28/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76
3.Қазақстандық патриотизм мен интернационализмді тәрбиелеу.

Бала әрбір халықтың, әрбір мемлекеттің болашағы. Мемлекеттің өзінің өскелең ұрпағына қандай қамқорлық жасап отырғанына қарап, оның келешек қоғамының бет бейнесін көруге болады . «Бала келешек жеке тұлға емес, ол - осы күннің өзінде- ақ жеке тұлға. Балалар бізді толғандыратын барлық сезімдер мен ойлардың бастауына негіз болатын тіршілік иелері, бұл бастауларға жетекшілік етуде нәзіктік пен мейірімділік таныту керек».

Мектепке дейінгі жас бала дамуында жаңа әлеуметтік жағдайлардың пайда болуымен сипатталады. Мектеп жасына дейінгі баланың өзін қоршаған адамдар арасынан алатын орнының ерте сәбилік шақтағы балаға қарағанда елеулі айырмашылығы болады .Баланың қарапайым міндеттер өрісі пайда болады. Баланың ересектермен байланысы жаңа формаға ие болады, бірлескен іс- әрекет ересек адамның нұсқаларын дербес орындаумен алмасады .

Баланың Отанға деген сүйіспеншілігі қоршаған өмір ықпалымен қалыптасады. Бірақ мұнда Бала тәрбиесіндегі балабақшаның орны ерекше Тәрбиешінің алға қойған мақсаты, баланың бойына ұлттық саналық қалыптасқан, халқының әдет-ғұрпын салт-дәстүрлерін көңіліне тоқыған дені сау, шымыр да шыныққан, сымбатты, халықтың тілін білетін, рухани байлығы мол, жан-жақты азамат тәрбиелеп өсіру Тәрбиенің негізгі мақсаты- дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да игі қасиеттер қалыптасқан ұрпақ тәрбиелеу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет