1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны



бет39/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50
Байланысты:
1 М дениет тарихында ы философия ж не оны адам мен о ам мірін

Руссо Жан-Жак (1712-1778 жж.) – француз философ-ағартушысы, саяси ойшыл, жазушы, ақын, драматург, педагог, өнер теоретигі. Негізгі шығармалары: «Өнер мен ғылым туралы ойтолғамдар», «Жаратылу және адамдар арасындағы теңсіздіктің негіздері туралы», «Қоғамдық келісім туралы немесе саяси құқықтың қағидалары», «Эмиль немесе тәрбие туралы», «Юлия немесе Жаңа Элоиза», «Уағыз» т.б. Ол ағартушылықтың баламалық өкілі ретінде ғана емес, этика мен эстетитканың дәстүрлі бірлігін ажыратушы болды, ғылым мен өнердің дамуынан адамдардың ақылы азғындалды деп білді. Осындай өткір көзқарастары арқылы қуғындауға ұшырап, оқшаулана түсті. Ағарту дәуіріндегі натурализм, сенсуализм, табиғи құқық сияқты мәселелер талғампаздық талдауларға ұшырады, ол қоғамдық прогресті сынады: егер адамның бастапқы табиғи қалпы немесе алғашқы қауымдық дәуірдегі оның жайлы және тыныш өмірі бақытты балалық қалпы болса, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің өндірістік дамуы («темір» мен «нан») адамдарды өркениеттендірді және адамзаттық түрді құртты. Ол адам ақыл-ойының дамуының артынан ілесіп өсіп келе жатқан адамдардың теңсіздігін туғызды, бұл білімсіздіктен емес, мүліктік теңсіздіктен пайда болады: жер тіліміне басқаша егу туралы ойына алғаш келген бірінші адам: «Бұл менікі» деп айтады және бұған сенетіндей көңілі ашық адамдарды тауып, азаматтық қоғамды шынайы негіздеушілердің біріне айналады деп пайымдайды. Руссо бұдан өркениетті қоғамның түпкі мәніне үңіледі: шынайы адамдық мән мен оның өркениеттегі көрінісінің ажырауын көрсетеді. Теңдікті орнату үшін өркениет табиғатқа үстемдігін жүргізуді күшейтті, өркениет түптің түбінде табиғаттың және өзінің тиранына айналады, сөйтіп адамзат кейін де орала алмай өзінің сорлы жаңалықтарынан да бас тарта алмайды деген ойларын ұсынады.
Прогрестің шеңгелінен шығуда Руссо табиғатқа «орманға барып, аюлармен бірге өмір сүру туралы» амаролистік оралуды емес, адамның өзіндік табиғатына қайта оралуды көздейді, бұнда адам тұтастықты бұзбайтын қоғамның ажырамас бөлігі ретінде өзін іске асыру туралы айтылады: әрбір адам бәріне мойынсұнып бірігіп, бірақ тек бұрынғыдай өзіне еркіндігі болуы тиіс деген холистік түсінікті ұсынды. Оның әрбір мүшесі өзінің құқықтары бойынша қауымдастық пайдасы үшін оқшаулануы тиіс. Бұдан Руссо өзінің сенсуалистік педагогикасын негіздеді: баланың тұлғалығын құрметтеу, ақылдың жетілу үрдісінде жасанды күштеулерді болдырмау, оқуға өзіндік ойлауымен келу, табиғи мүмкіндіктерін максималды түрде дамыту т.б. идеялары 18-19 ғасырлардағы педагогиканың дамуына айтарлықтай әсер етті. Үйдегі тәрбие және табиғат аясындағы тәрбиені баланың оқшаулануы ретіндегі дұрыс тәрбиеленуі деп жақтайды.
Гельвеций Клод Адриан (1715-1771 жж.) – француз философы, ағартушылық пен материализмнің көрнекті ірі өкілдерінің бірі, француз буржуазиялық револоюциясының идеологы. Негізгі шығармалары: «Ақыл туралы», «Адам туралы, оның ақыл қабілеті және тәрбиесі туралы» т.б. Ол әлемнің динамикалық бейнесін былайша ұсынды: адам дүниенің бөлшегі болып табыла отырып, мәңгі өмір сүреді: онда даму мен қозғалыс жүріп отырады, бәрі туады, өседі, өледі, бәрі бір қалыптан екінші қалыпқа өтеді, материя кеңістік пен уақытсыз өмір сүрмейді, материя өзінің дамуының белгілі бір кезеңінде ғана түйсіну қабілетіне ие болады деген көзқарастарын дәйектей келе, теизм мен деизмді жоққа шығарады, діннің шығу тегін адамдардың өлімнен қорқуынан, бір адамның өзге адамдарды алдауынан деп түсіндіріп, таным теориясында материалистік сенсуализм ұстанымын қуаттады, агностицизмнің қарсыласы болды, адам – санасы, ұмтылыстары, сезімдері бар тіршілік иесі және қоғамның негізі, адамдардың өзін сақтау мен өмірлік игіліктерге ұмтылуынан әлеуметтік үдерістердің кілтін табуға болады деп түсіндірді. Адамдардың табиғи ақылдылық қабілеті барлық ұлттар мен нәсілдерге ортақ, ал ақылдың тең емес болып шығуы әртүрлі жағдайдағы тәрбиеге байланысты екендігін тұжырымдады. Адам сезімдік түйсіктердің қозғалысына негізделген машина, оның әрекеттерінің барлық түрткісі өзін сүюге негізделген, сондықтан моральдік уағыздар ешқандай нәтиже бермейді. Ең жақсы заң шығарушы жеке мүдделер мен қоғамдық мүдделердің бөлінуін ұсынған адам деп тұжырымдайды.
Гольбах Поль Анри (1723-1789 жж.) – француз философы, француз материализмі мен атеизмнің негізін салушылардың бірі, XVIIІ ғасырдағы француз буржуазиялық төңкерісінің идеологы. Негізгі шығармалары: «Табиғат жүйесі немесе физикалық және рухани әлемнің заңдылықтары туралы», «Әшкереленген христиандық», «Қалталы құдай туралы ілім», «Парасатты ой» т.б. Ол әлемнің философиялық бейнесін біртұтастық ретінде ұсынды, бәрі де бір-бірімен өзара байланыста, материя алғашқы, жаратылмаған және жойылмайды, табиғат адам санасынан тыс өмір сүреді және кеңістік пен уақыт бойынша шексіз, материя қандай-да болмасын бір тәсілдермен біздің сезімдерімізге әсер етеді, қозғалыс материяның өмір сүру тәсілі дей келе, адамды эволюциялық тұрғыдан қарастырды; ол табиғаттың өзіндік әрекетінің өнімі және оның заңдылықтарына толықтай бағынады, оның мәні өзін сақтауға ұмтылу, барлық өмірлік қажеттіліктер мен игіліктерді игеруге талпыныс болып табылады. Қоғамдағы адам еркіндігінің өлшемі тұтастай қоғамның игілігі деп пайымдай отыра, таным ұстанымында агностицизимді, туа біткен идеяларды жоққа шығарады, пікір тумастан бұрын, салыстыру жүреді, сол туа біткен идеялар сияқты болып көрінеді дейді. Ақиқатты танылған зат пен суреттелген сапалардың сәйкестігі деп, практика ұғымының орнына тәжірибені алды. Адамдар тани алмайтын нәрселер әлемде болмайды, кездейсоқтық деп түсінілген құбылыстар олардың шығу себептерін білмегендіктен. Адам қажеттіліктердің құлы, ол өмірінде еркін емес.
Гольбахтың пікірінше, қоғамдағы қайшылықтардың шешілуі адам ақылының прогресі мен қоғамдық пікірі болып табылады: «Әлемді пікір билейді», ал тарихты жеке адам жасайды. Қоғамдағы жеке адамдардың бақытты, не бақытсыз болуы, не әскери, не сенгіш, не сараң, не жете түсінбейтін болып шығуы тарихты жасаушыға байланысты. Мәселен, бір ашушаң әйелден, миллиондарды соғыстыру, қайыршылық т.б. туады. Адамдар құдайды жасады, құдай адамдарда елес түрінде сақталады деген пікірлерін ұсынды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет