1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны



бет41/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50
8.2 Иммануил Кант философиясы
Неміс классикалық философиясының негізін қалаушы Иммануил Кант (1724-1804 жж.) – Кенисберг университетінің профессоры, неміс философы болды. И. Кант творчествосын 2 кезеңге бөліп қарастыруға болады:
1) сынға дейінгі (XVIII ғасырдың 70 жылдарына дейін);
2) сыни («критический») – (XVIII ғасырдың 70 жылдарынан – 1804 жылға дейін).
1) «Сынға дейінгі» кезеңде И. Канттың философиялық қызығушылығы – жаратылыс пен табиғат мәселесіне бағытталды.
2) «Сыни» кезең өз атауын Канттың осы кезең ішінде жарық көрген философиялық еңбектерінде (барлығы 3) қайталанатын «сын» сөзіне байланысты алады. Олар: «Таза ақылға сын», «Практикалық ақылға сын», «Пайымдау қабілетіне сын»
Кант өзінің «Таза ақылға сын» кітабында агностицизмді (қоршаған дүниені тану мүмкін еместігін) жақтайды.
Кантқа дейінгі философтар таным қиыншылықтарының басты себебі таным объектісінде – қоршаған дүниедегі, болмыстағы мыңдаған жылдар бойы ашылмаған сансыз құпияларда деп түсінсе, Кант – танымдағы қиыншылықтардың себебі – (айналадағы шын дүние) – объектіде емес, керісінше, таным субъектісінде – адамға, дәлірегі, оның ақылында деп түсінді.
«Адам ақылының танымдық мүмкіндіктері (қабілеттері) шектеулі». Адам ақылы өзінің танымдық мүмкіндіктері шеңберінен шыққан бойда шешілмес қайшылықтарға тап болады. Кант антиномиялар деп атаған ондай қайшылықтар саны 4:
I-антиномия – кеңістіктің шектеулілігі. Дүние уақыт ішінде (бастамасы, басталу уақыты бар және (ол) кеңістікте шектеулі). Дүниенің басталу уақыты жоқ және (ол) шексіз.
II-антиномия – қарапайым және күрделі. Тек қарапайым элементтер және қарапайым элементтерден құралғандар ғана тіршілік етеді. Дүниеде қарапайым нәрсе жоқ.
III-антиномия – бостандық пен себептілік. Табиғат заңдары бойынша себептілік қана емес, бостандық та бар. Бостандық деген жоқ, дүниенің бәрі қатаң себептілік күшімен іске асады.
IV-антиномия – Құдайдың болуы. Құдай бар. Ол бүкіл тіршіліктің себебі және сөзсіз қажет нәрсе. Құдай жоқ. Тіршілік себебі, абсолютті-қажетті нәрсе жоқ.
Кант өзінің трансцендентальді идеализмін ұсына отыра, универсумдық-континуумдық ой толғамдарында «антиномиялар» деп аталған қайшылықтарын дәйектей түсіп, ондағы өмір сүрмейтіндік парадигманың көріністерін жалпы концептуалдық мәнде шолып өтеді. Мәселен, бірінші антиномияның тезисінде: «Әлем уақыт бойынша басталмаған және кеңістікте шектелмеген» деп айта отырып: «Егер әлем уақыттың бастауын иеленсе, оған дейін бос уақыт (уақытсыздық) болған болар еді. Бос уақытта қандай да болмасын заттардың пайда болуы мүмкін емес, ал егер әлем аяқталатын және кеңістікте шектелген болса, онда әлемнің бос кеңістікте қатынасы болуы тиіс. Бұл кеңістік Ештеңе болып табылады. Немесе ол тек форманың көрінісі ғана және өздігінен әлдебір шынайлық емес», - деп тұжырымдайды.
Сондай-ақ Канттың астрономиялық теориясындағы космогенездік туынды жаратылыстанулық бастау болып табылатын хаос мәселесін де қамтып өтеді. Яғни, И. Канттың сыншылдыққа дейінгі кезеңі оның теорияларын ғылыми танымда белгілі бір жетістіктерге жеткізді. Осы орайда, ол әлімнің пайда болуы туралы болжамдарын және хаос туралы пікірлерін дәйектеді. Ойшылдың хаос қатынасы, космогенезін кейіннен небулалдық болжам ретінде ғылым эволюциясында маңызды рөл атқарғаны белгілі. Бұның концептуалдық мәні таза метафизикалық ойлау машығынан гөрі ғылыми-жаратылыстанулық картинаға жуықтайды. Бұнда да хаос өзінің бастапқы мәнінен айнымайды, демек, ол бастапқыда хаос болған деген тұжырымды дәйектеп, әлемнің пайда болуы турлы орнықты пікір ұсынады. Бұл мифтік хаостың алғаш рет ғылыми негіздерін сараптауға бетбұрыстар ретінде танымал болған еді.
Кант әлемнің жаратылысы туралы теологиялық тұжырымдамаларды да қолдай отырып, құдайдың алғашқы материяны жаратқандығын және оған жалпы қасиеттерді таңғандығын, ондағы тарту мен кері итерушілік басты екі сипат екендігін көрсетіп, жаратылатын қордан уақыт бойынша жүйелілік туындайтындығын және жаратушының «құдіреттілігін» де атап өтіп, әлем бастапқы хаос қалпынан ұзақ немесе қысқа уақытта дамып шығуға ұмтылатындығын көрсете келе, жаратудың бір кезде басталғанмен, оның ешқашан тоқтамайтындығын түйіндейді.
Осы тұстан Канттың идеясында көрсетілгендей, болмыс туындыларының (мәселен, нақты болмыс элементтері) әлдебір потенциалды қордан (запас) шексіз бөліне алатындығы туралы теологиялық-космологиялық ой ниетін бағамдауымызға болады. Кант өзінің онтологиясында көне Үнді дәстүрлері бойынша категорияларды жіктеп, оларды талдап көрсетеді. Категориялар пайымның таза ұғымдары деп оларды классқа бөліп, категорияны түзеді: сан, сапа, қатынастар, модальдылық. Мәселен, модальдылық кластың өзін былайша жіктейді: «IV Модальділік: Проблемалылық/Мүмкіндік – мүмкін еместік; Ассерторикалық/Өмір сүру – өмір сүрмеу; Аподиктикалық/Қажеттілік - Кездейсоқтық»
Ол білімнің тәжірибеден басталып, сезім мүшелеріне берілетінін айта отырып, таным логикалық-априорлық сәтпен немесе формальды фактормен толықтырылуы керек дейді. Ол априорлық форма негізінде барлығына ортақ танымды зерттеп, сезімділік (трансцендентальді эстетика), пайым (трансцендентальді аналитика), ақыл (трансцендентальді диалектика), сезімділік пен оның формаларын трансценденттік талдауда кеңістік пен уақыт идеалды математикалық конструкцияда объективті мағыналы деп түсінді.
Таза ойдағы конструкциялар өзіндік затқа қарағанда ешқандай білім бермейтін ноумендер болып табылады. Мәселен, схоластикадағы жанның өлмейтіндігі, әлемнің пайда болуы, құдайдың өмір сүретіндігі т.б. Ал өзіндік зат кез келген объектінің адам танымы шегінің арғы жағындағы танылмайтын қыры болып есептеледі. Тәжірибеге басымдылық берген Кант оған дейінгі білімдерді «априорлы» деп атап көрсетіп, оны тануға ақыл белгілі бір деңгейде қабілетсіз деп көрсетеді. Осыған орай, адам санасының таным қабілетінің арғы жағындағы, мүмкін болатын тәжірибенің шегінен шыққан, бұл тәжірибеден тыс нәрселерді «трансцендентті» деп атаған. Ол ұғымдар трансценденталийлер: құдай, ерік т.б. Бұған қарама-қарсы түсінік- имманентті, бұны Кант мүмкін болатын тәжірибенің шегінде, сол нәрсенің өзін зерттеуді айқындайтын тәсіл деп түсіндіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет