1 Мәдениет тарихындағы философия және оның адам мен қоғам өміріндегі алатын орны



бет45/50
Дата12.04.2023
өлшемі302,06 Kb.
#81791
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50
Байланысты:
1 М дениет тарихында ы философия ж не оны адам мен о ам мірін

Асан Қайғы бабамыз XV ғасырларда өмір сүрген, Еділ бойында туған поэтикалық, нақтырақ айтқанда, жыраулық философияның алғы шебінде тұрған ойшыл рационализатор. Оны Ш.Уәлихановтың «көшпенділер философы» деп атауы да тегін емес. Көпқырлы және көпжақты Асан ата философиясы – концептуалдық үлгіде, тарихи шындық аясында; мифтік және реалдық бейнеге жіктеледі. Екінші бір эмоционалдық жазықтықта бұның дүниетанымы: пессимитік, бейтарап, оптимистік деңгейлерге ажырайды. Ал үшінші бір философиялық сала деңгейінде нақтыласақ; саяси-әлеуметтік онтологиясы, әлеуметтік философиясы, футурологиясы, қазақы этикасы, сезімдік-парасатты логикасы болып ұштасады. Мифтік бейне ол туралы аңыздар төңірегіне топтастырылатындығы сөзсіз. Мәселен, бабамыздың «Жерұйықты іздеу» хақындағы әфсанасының өзі саяси-әлеуметтік онтология ғана емес, жалпы этикалық-эстетикалық-онтологиялық-космологиялық-«даналық» танымның түбірлестігін (синкереттілігін) айғақтап береді. Нақтырақ айтқанда, «Асан қайғы ел кезіп не істеп жүр?» деген сауалдың мағынасы мынада:
1) Асан қайғының қазақ даласын шарлауы, оның аңыздарындағы қазіргі еліміздегі жер-су аттарының кездесуімен қатар, байырғы ұлттық сахараны кезуіне қарап, оны «мемлекетіміздің сол кездегі территориясын» белгілеуші екендігін айғақтайды. Әрине, ол өзге халықтың мекендеріне барып, баға беріп жүруі мүмкін емес екендігі түсінікті жайт. Сондықтан, ол өзінің даласын еркін шарлай отырып, «болашақ ұрпақтарына қазақ даласының шекарасын белгілеп кеткен».
2) «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заманды» (протокоммунизм деп айтса да болады) ол өзінің философиялық діңгегі ғана емес, идеалы ретінде таңдап алды. Коммунистер ол заманды уақыт бойынша іздеді, яғни, болашақта болуы тиіс, тіпті нақты уақыттың да белгілі екендігіне (XX ғасырдың аяғы) сенді. Ал Асан қайғы оны кеңістік бойынша іздеді. Осы тұста кеңістік пен уақыт парадигмаларының заманды іздеу тұрғысынан байланыстылығы туындайды және салыстырылып отырылған идеалдар екіге айрылады. Екеуінің басты айырмашылығы мынада; коммунистер Асан Қайғы одан бес ғасыр бұрын ондай қоғамның болуы мүмкін емес екендігін дәлелдеп кеткендігіне қарамастан оған сенгендігінде болса, Асан Қайғының оны кеңістік бойынша да, уақыт бойынша да табу және орнату мүмкін емес екендігін дәйектеп, оған сенбегендігінде.
3) Бабамыздың бұл тұжырымдамасының жалпыадамзаттық рухани-ақпараттық кеңістіктегі сабақтастық тұрғысынан үлкен тарихи-әлеуметтік маңызы болды; Т. Мор мен Т. Кампанелладан бастап, коммунистерге дейін жалғасқан идея және осы типтес тұжырымдардың тағы тууы мүмкін екендігі. Сонымен қатар идея жалпы алғанда, оптимистік сипатта, өміршеңдік пен шабыт, үміт пен болашаққа сенімнің бейсаналы түрде өзін-өзі алдауға құрылған толықтырушылығы (компенсациясы). Яғни, бұл идея іске аса ма, әлде аспай ма, мәселе бұнда емес. Негізгі мәселе – адамзат қандай-да бір идеалдар мен әлеуметтік мифтер аясында қалуы тиіс, әрине, оның бұл тұста оптимистік сипатта болғандығы маңызды. Жалпыадамзаттық оптимистік философия мен ұлттық рухты бітістірген Асан Қайғы идеалына өзінің жеке басының оған сенгендігінде немесе сенбегендігінде емес, осы идеалдың жалпы алгоритмін (логикалық құрылымын) жасап бергендігінде болып отыр.
Осындай жыраулық дәстүр XIX ғасырдағы ақын-жыраулық стильмен және ағартушылық идеялармен жалғасын тапты. Олар ұстанған бағыт-бағдарына, дүниетаным ерекшеліктеріне, ойларын пайымдап жеткізу үрдістеріне қарай былайша топталады: Ыбырай, Шоқан, Абай сынды «қазақ ағартушылары» деп аталған ойшылдарымыз Ресей мен Еуропаның мәдениетінің озық жақтарына ғана назар аударды, ділі мен психологиясын да сол бағытқа бұрып, ұлттық құндылықтарды да қатар алып жүруге тырысты. Екінші бір бағыт, Ресейлік отаршылдық саясатпен күрескерлік бағдар ұстанды, тіпті өздеріде идеялық жағынан ғана емес, қару ұстап оған белсене араласты. Ұлтты рухтандырып, өзінің идеяларын осы бағытқа ғана арнаған. Мәселен, М. Өтемісұлы. Бұны күрескерлік рух толғаулары деп атауға болады. Үшінші бір бағыт – бұрын сарай ақындары деп аталып жүрген, болыстар мен хандардың төңірегіне топтасып, солардың саяси-әлеуметтік ұстанымдарын таратушы, іске асырушы, қазіргіше айтқанда идеологтары, келісімпаздық пен елдегі бейбітшілікті жақтаушылар болды. Төртінші бір бағыт «зар заман» ақындары деп аталған ойшылдар. Олар тек Ресей отаршылдығы ғана емес, Еуропалық дәстүрлерге де іштей психологиялық, идеологиялық қарсылық көрсетумен өз идеяларын еркін тартады, әрі ұлттық құндылықтарды сақтауды өздерінің орталық түсініктеріне айналдырады. Бұлар өз идеяларын іске асыратын практиктер емес, көп жағдайда сары уайымшылдыққа бет бұрады, барлық өзгерістерді заманның объективті ағымы деп түсіндіреді. «Зар заман ақындары» деп аталуы да осы себептен туындаған. Бірақ бұлардың тағы бір ерекшелігі футуролоиялық болжам жасауда батыл ұстанымдарын еркін жеткізуі, болашақ қоғам туралы толғану. Осы болжамдардың бүгінгі күнге сәйкес келгендігін уақыт ағымы дәйектеді. Дулат, Шортанбай, Әбубәкір, Мұрат сынды ойшылдар осы көзқарастың көрнекті өкілдері ретінде танымал тұлғалар.
Зар заман ақындарының толғауларының пессимитік бағытта өрбуінің негізгі себебі – отаршылдықтың зардаптарын мәлімдеу: ұлттық құндылықтар жүйесіне, халқымыздың дәстүрлері мен сенімдеріне мүлде жат жағымсыз элементтердің енуі, көшпелі өркениеттің тәмамдалуы, дәстүр мен салттың канондық, заңдылық үлгісінен ажырай бастауы, тарихилықтың сақталмай бара жатырғандығын баса көрсету т.б. сайып келгенде, ұлт тағдыры мен болашағы мәселесіне ойысты. Жыраулық дәстүрдегі ақыр заман әлемнің сөзсіз құритындығы мен түгелдей жойылатындығы хақындағы діни апокалипсиске еш қатысы жоқ, ол – қазақ қоғамындағы мәдени-рухани өмірдің түбегейлі дәстүршілдіктен ауытқып, мыңдаған жылдар бойы сақталып келе жатырған өмір стилінің келмеске кетуі мен соған лайықты адамдардың пайда болып, дәстүршілдікке, тарихилыққа, өткенге құлақ аспай, тек батыстық және Ресейлік дәстүрлерді сараптан өткізбей-ақ мойындауы мен бас ию заманы туралы түсінік. Демек, ұлттық болмыстың құлдырауы туралы толғау сарындары.
Зар заман ақындарында көп жағдайда, заманды бейнелеп қою ғана басымдау болса, күрескерлік бағытта осы отаршылдық пен заманды қайтадан бұрынғы дәстүршілдік қоғамға жетелеу немесе азғындау беталысын тоқтату үшін нақты істермен шұғылдану және оны күрескерлік арқылы шешуді тиімді деп табады. Бұл күрескерлік асқақтық ұлттық рухпен, жеңілмес шабытпен, қайтпас қайсарлықпен ұштаса келе, рух философиясын жырлайды.

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІГІ

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ КӨЗКАРАСЫНЫҢ БЕРІЛУІ ЖӘНЕ САҚТАЛУ ЕРЕКШЕЛІГІ









































 
ЖЫРАУЛАР ФИЛОСОФИЯСЫ
(АКСИОЛОГИЯЛЫҚ ТАЛДАУ)

 
АБАЙ ФИЛОСОФИЯСЫ
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет