1. Мейірбике ісі, мейірбикенің жұмысын барлық кезеңдерде ұйымдастыру


Тыныс алу жиілігі, сипаттамасы, т-парақтағы жазу



бет13/41
Дата14.02.2023
өлшемі1,77 Mb.
#67925
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41
11.Тыныс алу жиілігі, сипаттамасы, т-парақтағы жазу.
Тыныс алу жиілігін анықтау үшін қолды зерттеушінің асқазанасты тұсына қойып, әрбір демді ішінен алған сәтте сол аймақтың көтерілуіне көңіл аудару керек немесе пульсті анықтататындай зерттеушінің қолынан ұстап, сол сәтте көзбен кеуде торшасының тыныстық қозғалыстарын қадағалап отыру керек. Осылайша тыныс алу қозғалыстарын минутына санайды. Міндетті түрде науқастың, оның тынысын санап отырғанын байқау керек, себебі ол жиілікті еріксіз өзгертуі мумкін. Қалыпты жағдайда ересек адам тыныштықта 1 минутта 16-20 тыныс қозғалысын жасайды.Тыныс жиілеген ( тохипноэ) немесе сирек (брадипноэ) болуы мүмкін. Тыныстың жиілеуі дені сау адамда жүйке қозуы кезінде , сонымен қатар физикалық қозғалыс кезінде және одан кейін байқалады. Әдетте ол қысқа мерзімді және оның себебін тоқтаттқаннан кейін бірден басылады.
Тыныстың патологиялық жиілеуі келесі жағдайларда байқалады:
1. Дене қызуы көтерілгенде. Бұл жағдайда тыныстың жиілеуі қызған қанмен тыныс орталығының тітіркенуімен байланысты.
2. Өкпенің әртүрлі ауруларында. Тахипноэның бұл кездегі себебі қанда көмірқышқылдың ( гиперкопния ) жиналуына әкелетін, сонымен қатар тыныс алу орталығының тітіркендіргіші болып табылатын өкпедегі газалмасу бұзылыстары болып табылады. Ол шектен тыс тітіркеніп тахипноэға әкеліп соқтырады.
3. Плевралық қуыста сұйықтықтың немесе ауаның жиналуымен жүретін жағдайлар, ол өкпенің сығылуына әкеледі, тыныс беткейінің азаюына, гиперкопнияға және тыныс алу орталығының шектен тыс тітіркенуіне әкеледі.
4. Кеуде торшасында қалыпты тыныс алу тереңдігі кезінде де, демді алуыдың қалыпты тереңдігін қиындатумен жүретін қатты ауырсынуға әкелетін аурулар ( миозит, құрғақ плеврит, невралгия және т.б.). Мұндай жағдайларда гиперкопния және тыныс орталығының шектен тыс тітіркенуін тудыратын демді ішке алатын және сыртқа шығаратын ауа көлемі азаяды.
5. Жүрек –қантамыр жүйесінің кейбір аурулары.
6. Ауыр анемиялар. Эритроциттер саны –оттегіні тасымалдаушылар –бұл кезде азаяды. Бұл гипоксемияға және гиперкопнияға әкеледі, тыныс орталығына әсер етеді және тахипноэ.

Температуралық парақ - пациенттердің дене температурасының күнделікті ауытқуының графикалық түрінде тіркеуге арналған медициналық құжат. Температуралық парақ - бұл науқастың денсаулық жағдайын сипаттайтын негізгі деректерді графикалық түрде көрсетуге арналған жедел құжат. Онда пациенттің ауруы туралы басқа бақылаулардың нәтижелері толтырылады: тыныс алу және тамыр соғу жиілігі, қан қысымы, тәулігіне шығарылатын сұйықтық пен зәрдің мөлшері және т.б. процедуралар).


Дене температурасының көрсеткіштерін температура парағына бекіту тәртібі:
Стационарда болған бірінші күннен бастап 004/у нысанындағы температура парағына пациенттің дене температурасының графикалық мәндері енгізіледі, ол таңертең және кешке өлшенеді. Күн сайын температура парағының төменгі жағында тыныс алу жиілігі, науқастың салмағы, ішетін сұйықтықтың көлемі, күнделікті зәр мөлшері, нәжістің болуы және ваннаны қабылдау фактісі жазылады.
Жабдықтау: ф-004/е температура парағы, көк түсті қаламсап (қара түсті). Төменде алгоритм, температураны тіркеуге арналған әрекеттер тізбегі сипатталған:
1.Температуралық парақтың басында мыналар жазылады: медициналық картаның нөмірі; бөлме нөмірі; науқастың тегі, аты, әкесінің аты.
2.Парақтың тіркелген күнін көрсетіңіз.
3. Дене температурасын әр өлшегеннен кейін, өлшеу күні, уақыты (таңертең немесе кешке) және дене температурасының мәніне сәйкес келетін көк түсті қарындашпен тік нүкте қойыңыз. Т шкаласындағы бір бөлім 0,2 ° c көрсеткішке сәйкес келеді.
4.Түсірілген нүктелерді Т шкаласынан бастап сызықтармен жалғап, сол арқылы дене температурасын және аурудың фазасын анықтауға болатын температуралық қисығын анықтаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет