1. Мейірбике ісі, мейірбикенің жұмысын барлық кезеңдерде ұйымдастыру


Клизма ұғымы, олардың түрлері, көрсеткіштері және қарсы көрсетілімдері



бет21/41
Дата14.02.2023
өлшемі1,77 Mb.
#67925
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41
Байланысты:
1. Ìåé³ðáèêå ³ñ³, ìåé³ðáèêåí³? æ?ìûñûí áàðëû? êåçå?äåðäå ?éûìäàñ

16.Клизма ұғымы, олардың түрлері, көрсеткіштері және қарсы көрсетілімдері.
Клизма дегеніміз -тоқ ішектің төменгі бөлігіне емдеу және диагноз қою мақсатымен әр түрлі сұйықтықтар жіберетін процесс.Жалпы емдік клизмалар мына мақсатпен қолданылады: ішекті тазалауға – тазалау, сифон, босату. дәрілік заттарды тоқ ішекке еңгізу.
Клизманың түрлері:
1) Босату клизмасы:
-Тазалау
-Босаңсыту: Майлы, Гипертониялық
-Сифондық
2) Дәрілік
-Микроклизма
-Тамшылы


Тазалау клизмасын диагностикалау және емдеу мақсатымен: іш қату, операция алдында, босанар алдында, уланғанда, дәрілік микроклизма және тамызғыш клизма жасар алдында қояды. Тазалау клизмасын қойған кезде тоқ ішектің төменгі бөлігі босатылады. Бұл нәжіс массасының сұйықталуымен және тоқ ішек перистальтикасының күшеюімен іске асады.


Тазалау клизмасын жасау: Егер науқастың жағдайы келсе бұл процедура арнайы бөлмеде орындалады, онда кушетка, Эсмарх кружкасын ілетін штатив, қол жуғыш, таза және лас клизмалық түтікшелерге арналған маркіленген ыдыстар, дезинфекциялық ерітінді, вазелин. Жақын жерде әжетхана болуға тиіс. Тазалау клизмасын қоюға бөлме температурасындағы су алынады. Атониялық іш қатуда, ішектің қозғалыс қызметі төмендегенде қойылады, судың температурасы 12ºС- тан төмен болу керек, бұл қозғалу жылдамдығын күшейтеді. Спастикалық іш қатуда ішек бұлшықеттерінің спазмын жою қажет, ол үшін судың температурасы 42ºС-тан жоғары болу керек, жылуда спазмолитикалық әсері бар. Нәжісті сұйылтуда және жеңіл шығуы үшін суға май (кастор, вазелин, күнбағыс) немесе ас қасық сабын үгіндісін қосуға болады.


Майлы клизма. Іш қуысы мүшелерінің операциясы мен босанғаннан кейін іш қабаты және арасы бұлшықеттерінің қатері болмауы үшін тазалау клизмасының нәтижесіздігінде майлы немесе босату клизмасын қолданады. Майлы клизмадан соң 10-12 сағаттан кейін нәжіс жүреді.
Майлы клизма жасалған науқас бірнеше сағатқа жатуға тиісті, әйтпесе ішекке енгізілген май ағып шығады. Осындай процедураны түнде істеген ыңғайлы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет