12.Термометрия, термометр түрлері. Гипертермия, қызба кезеңдері, белгілері, күтімі. Қызба (Febris) дегеніміз бұл дене қызуының көтерілуі, әртүрлі патогенді тітіркендіргіштерге жауап ретінде пайда болған организімнің белсенді-қорғану реакциясы .Ондай тітіркендіргештер пирогенді заттар деп аталады. Оларға микробтар, олардың улары, сары сулар, вакциналар, жарақаттануда, ішкі қансырауларда, некрозда, күйіктерде пайда болатын ағза тіндерінің ыдырау өнімдері жатады.
Қызба педиатриялық тәжірибеде жедел жәрдем көмегіне сүйенетін ең жиі жағдайлардың бірі. Қызба баланың жағдайын нашарлатып, ата-ана мазасыздығын шақырады және әр түрлі дәрілік препараттарды бақылаусыз қолданудың негізгі себебі болып табылады. ЖРВИ-мен ауратындардың 95% ыстық түсіретін препараттарды 38°С қабылдайды, алайда балаларда аздаған қызба ( 38,5 °С дейін) ыңғайсыздық шақырмайды.
Қызба пайда болу себептеріне байланысты
Инфекциялық қызба – бактериялардың вирустардың, қарапайым жануарлардың, саңырауқұлақтардың әсерлерінен дамиды.
Бейинфекциялық қызба – тіндердің бүлінуіне әкелетін сыртқы және ішкі ықпалдардың әсерлерінен пайда болады. Бұларға: күйік, жарақат, қан қүю, аллергия, цирроз, ісік өсу және т.б жатады.
Қызба патогенезі. Қызба гипоталамустық терморегуляторлык орталықтарға эндогенді пирогендердің – төмен молекулалы нәруыз болып табылатын цитокиндердің әсер етуі нәтижесінде дамиды. Цитокиндердің түзілуі бактериялар, саңырауқұлақтар, вирустар бөліп шығаратын және тіндердің ыдырауы кезінде бөлініп шығатын өнімдердің әсерінен күшейеді. Цитокиндер орталық термостаттың шүріппесін жоғарырақ деңгейге ауыстырып койғандай болады. Соның салдарынан жылудың өндірілуі артады жэне жылудың шығарылуы тері перфузиясының азаюы есебінен төмендейді.
Дірілдеу, қалтырау, буындарды ауырсыну симптомдары простагландин Е2 әсеріне байланысты, ал әлсіздік, ұйқышылдық ИЛ-1 деңгейінің жоғарылауымен тікелей байланысты.
Негізгі эндогенді пирогендерге жатады интерферон-α, ИЛ-1, ИЛ-6 және ісік некроз факторы (ісік некрозы факторлары) олар:
жедел фазада ақуыз синтезін жоғарлатады;
лейкоцитоз белсендіреді;
интерферона-α өндірілуін асқындырады;
Th 1 типті иммунды жауапты, антиденелер (IgG) адекватты өндірілуі мен «зерде жасушалар» қалыптасуын қамтамасыз етеді.
Эндогенді пирогендер өндірілуі организмнің инфекцияға имунды жауабы қалыптасуында маңызды физиологиялық орын алады. Сондықтан балалардағы инфекционды аурулары кезінде дене температурасын қалыптыға дейін түсіру жөнсіз екендігін көрсетеді: 38°С төмен температураны түсіру эндогенді пирогендер өндірілуін төмендетіп, иммунды жауап сапасына кері әсерін тигізеді. Сонымен бірге температураның өте жоғары сандарға көтерілуі (40°с және жоғары) организмге қауіп төндіреді, себебі ол кезде метаболизм және оттегі пайдалану жоғарылайды, сұйықтық жоғалту күшееді, жүрек – қантамыр жүйесіне және тыныс алу жүйесіне қосымша функционалды күштеме жоғарылайды.