Бірінші кезең- дене қызуының көтерілуі: жылу өндіру жылу бөлуден басым болады. Жылу бөлу тері тамырларының тарылуы салдарынан бірден төмендейді. Дене температурасының жоғарлауына қарамастан тері суық «Қаз терісіне ұқсас» болады.Мұндай кезде науқасты жылыту, төсекке жатқызу, қымтап жабу,жылытқыштар қою, жылы шай беру.
Екінші кезең- салыстырмалы тұрақты кезеңі: жылу өндіру мен жылу бөлу үрдісінің теңесуімен сипатталады. Қалтырау азаяды, Тері тамырларының жиырылуы төмендейді. Бұл кезде ОЖЖ жағынан айқын бұзылыстар болуы мүмкің: бас ауыру, үйқысыздық, галлюцинациялар, сандырақтау.т.бБұл кезде қарсы көрсеткіш болмаса жиі, бөліп-бөліп көп сұйықтық ішкізу ұсынылады.Қатаң төсек тәртібі.
Үшінші кезеңі-қызудың төмендеу кезеңі: шеткі қан тамырдың кеңеюі салдарынан жылу берудің жылу бөлуден неғұрлым басымдылығымен сипатталады.Ол әр түрлі өтеді. Дене қызуының біртіндеп, бірнеше күн ішінде түсуі литикалық немесе лизис деп аталады.Тез, 5-8сағ ішінде, жоғары мөлшерден 39-40с қалыпты деңгейге түсуі кризис деп аталады. Дене қызуының критикалық түсуі мед қызыметкерлердің батыл шаралар қолдануды қажет етеді.
Клиникалық көрінісі. Қызбаның клиникасы әр ауыруда әр түрлі болуы мүмкін, ол айналмалы темперетура деп аталатын түрлі формада бейнеленеді және оның диагностикалық маңызы өте зор. Мысалы: безгекпен ауырған кезде температура күрт көтеріледі де, белгілі бір уақыт аралығында күрт түседі; Сепсис кезінде температура 39-41С қа дейін көтеріліп, тәулік бойына түспейді, ал өкпеге суық тиіп, қабынғанда температура да 39-40С қа дейін көтеріледі де белгілі бір уақытқа дейін осы деңгейде тұрады.
Дененің көтерілген температурасын жасанды жолмен түсіру кейде өте қауіпті . Сондықтан дәрігердің кеңесінсіз ыстықты басатын дәрілерді науқас өз бетінше қабылдамау керек.
Пиротерапия –қызуды жасанды көтеру.
Қызба кезінде тек қана температура көтеріліп қоймайды сонымен қатар: