Бүйрек пен зәр шығару жолдарының аурулары кезінде ағзада сұйықтың көзге көрінбей бөлінуі мүмкін. Ағзадағы жасырын ісіктер дене салмағының күрт үлкеюі мен зәр мөлшерінің төмендеуімен білінеді. Жасырын ісіктер науқастарды жүйелі түрде өлшеп отыруы керек. (3 күнде 1 рет ) . Бір уақытта , әрқашан бір киімде , таңертең аш қарынға ішекті және қуықты босатқан соң өлшеген жөн . Дене салмағының 100-200 грамға артуы жасырын ісік барын көрсетеді .
Ісіктің анықтаудағы маңызды шара — су баланысын анықтау. Су баланысын анықтау үшін мейірбике күн сайын тәулік бойы бөлінген зәрдің мөлшері мен ішкен, басқа жолдарымен ағзаға енгізілген сұйықтық мөлшерін салыстырады. Бөлінген зәрдің тәуліктік мөлшері тәуліктік диурез деп аталады.
Егер бөлінген зәрдің мөлшері құйылған сұйықтық 70-80% құраса, ол қалыпты жағдай болып есептелінеді. Су баланысын тепе – теңдік қалыпта . Мысалы: 1 литр сұйық ішкендегі тәуліктік диурез 800 мл.
1000мл . -100%
800мл. – х %
х = 80 %
Егер зәр аз мөлшерде бөлінсе, сұйықтық ағзада жинақталады дегенді білдіреді. Егер керісінше зәр көп бөлінсе, онда бүйрек арқылы сұйықтықтың шығуы қатты деген сөз ( зәр айдайтын дәрілерді емдейді) .
СУ БАЛАНСЫН АНЫҚТАУ
ІС -ӘРЕКЕТ алгоритмі :
Этикеткасы бар, таза, құрғақ 3 литрлік шыны ыдыс дайындаңыз.
Бөлімше палата, Тәуліктік диурез, Емделушінің аты – жөні, Күні қолы
2.Таңғы сағат 6,00 науқасты оятып, зәр шығаруын сұраңыз. Алынған зәрді төгеміз (ол саналмайды).
Тәулік бойы бөлінген зәрді (келесі күннің таңғы сағат 6,00 дейін) банкаға жинайсыз немесе науқасқа түсіндіресіз. Зәрді бар банканы салқын жерде ұстаймыз.
Тәулік бойы ішілген сұйықтықтың, тағамдардың, жеміс – жидектердің, әрі порентералды енгізілген ерітінділердің мөлшерін жазып отырып қосыңыз. Жеміс – жидек түрінде ішілген сұйықтық мөлшері олардың салмағына сәйкес .
Тәуліктік диурез және тәулік бойы ішілген сұйықтық мөлшерінің науқастардың емделу қағазына жазыңыз.