1. Мейірбике ісі, мейірбикенің жұмысын барлық кезеңдерде ұйымдастыру



бет22/41
Дата14.02.2023
өлшемі1,77 Mb.
#67925
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41
Гипертониялық клизма. Майлы клизмадай босату клизмалары жатады.Бұл клизма тек ішек жиырылуын күшейтіп қоймайды, сонымен бірге ішек қуысына судың жиналуын көбейтіп,ішті өткізеді.


Сифон клизмасы. Оның көмегімен ішек толық тазартылады,себебі ол сумен бірнеше рет жуылады.Сондықтанда сифон клизмасын қолдану түрлері көп:
тазалау,босату клизмалары және іш жүргізетін дәрілерді ішуден нәтиже болмағанда;
ішекке ауыз арқылы немесе ішекке оның шырышты қабаты арқылы шыққан улы заттарды шығару.


Тамшы клизмасы. Тамшы немесе қоректік клизма ішекке көп мөлшерде ( 2 литр-ге дейін) қоректік дәрілік заттарды енгізу үшін қолданады (0,95%хлорлы натрий,5%аминокислота ерітіндісі).Тазалау клизмасынан 20-30 минуттан кейін тамшы клизмасын қояды. Бірнеше сағатқа созылатын бұл процедура кезінде науқас ұйықтауы мүмкін, ал мейірбике тамшы жылдамдығының бірқалыпты болуын және ерітінді жылы болуын қадағалауы тиіс. Ерітінді суып қалмас үшін, Эсмарх кружкасын жылытқышпен неесе мақтамен орап қояды.


Дәрілік клизма. Немесе микроклизма. Оны тоқ ішектің төменгі бөлігінің шырышты қабатына жергілікті әсер етуі үшін және тоқ ішектің шырыштысы арқылы дәрілік препараттардың (жүрек гликозидтері, хлоралгидраттар) сіңуі арқылы ағзаға толық әсер етуі үшін қолданады. Дәрілік клизманың алдында 20-30 минут бұрын тазалау клизмасын жасайды. Науқас клизмадан кейін бір сағаттан кем емес жату керек.


Клизма қойғаннан кейін құралдарды өңдеу.
Клизма ұшын, газ шығарушы түтікті, асқазан зондын манипуляциядан кейін міндетті түрде заласыздандыру керек. Залалсыздандырудың алдындағы өңдеудің бірінші үш кезеңінен өтеді:
0,06% деохлор ерітіндісі бар бөлек ыдыста жуады.
0,06% деохлор ерітіндісіне 1 сағатқа салып қояды.

Ағынды су астында шаяды.


Заласыздандыру алдындағы өңдеуден соң, резеңке бұйымдар автоклафқа салынады: қысым 1,1атм, t –120 градус, уақыты 45 минут.

17. Зәр шығару жүйесінің бұзылуының белгілері, осы патологиясы бар науқастарға күтім жасау.
Зәр шығыру жүйесінің бұзылуынын көріністері: зәрдің болмауы, зәрді ұстай алмауы, ісіктер, дизурия, полиурия, анурия, олигурия, гематурия, поллакиурия.
Зәр шығыру жүйесінің бұзылуы кезінде пациентке күтім көрсету ерекшеліктері. Медбикелік тексеру әдістері және тәуелсіз араласу.
Қуықты катетерлеу түсінігі. Емшараны өткізу көрсеткіштері және қарсы көрсеткіштері.
Әйелдерде және ер адамдарда қуықты катетерлеу техникасы.
Зәржинағыш және дәрет ыдысымен қамтамасыз ету.
Жеке гигиенаны және шап аралық терінің тазалығын сақтауды қамтамасыз ету
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗДАР! Зәрді ұстай алмайтын науқастар өздерінен сезінетін жағымсыз иістен қысылып, зәр қабылдағышты үнемі қолдану қажеттілігінен қолайсыздық сезінеді. Сондықтан ол қоғамнан бас тартып, әлеуметтік оқшаулануда болады.
Сіздің іс- әрекетіңіз:
Әрқашан орнықты, мейірімді , шыдамды болу.
Дезинфекция мен күтімнің барлық талаптарын орындаған жағдайда иістің болмайтындығын науқасқа түсіндіру.
Өзінің күйіне бейімделген басқа науқаспен таныстыру .
Кейде зәрдің жіті тоқтап қалуы бар науқастардың мәселесі бөтен адамдардың болуымен , олардың ұялумен түсіндіріледі. Сіз :Ұялшақ науқасқа өзіңіздің шыдамсыздығыңызды, ашуыңызды көрсетпеу.
Палатада науқасты уақытша жалғыз қалдыру .
З. Науқасты психологиялық қолдау.
КАТЕТЕРЛЕУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУЫПСЫЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Ер адамдарды катетерлеуді қатты және жартылай қатты катетермен дәрігер өткізеді.


Егер катетерді салған кезде бөгет сезілсе, оған күш салып өткізуге болмайды, себебі зәр шығару каналын жарақаттау мүмкіндігі бар. Катетерді аз ғана кейін тартып, қайта салып көрген жөн. Нәтижесіз әрекеттерде, катетерді енгізуге болмайды, оны дәрігерге айту керек.
Асептиканың барлық ережелерін сақтау қажет, өйткені зәр шығару жолдарынан шырыштысының шеттері инфекцияға өте бейім.
ЗӘРДІҢ ЕРІКСІЗ БӨЛІНУІ

Зәрдің бөлінуін ұстамау және ұстай алмауын ажыратады. Зәрді ұстамау — зәр қуықтан әрдайым тамшылап немесе анда – санда білінбей тамып кетеді, өз бетімен бөлінеді.

Зәрді ұстай алмау — зәр шығаруға сезімі бар, бірақ науқас зәр шығаруды өз бетімен ұстай алмайды.

ЗӘРДІҢ ЕРІКСІЗ БӨЛІНУДЕГІ МАНИПУЛЯЦИЯСЫ



Зәр қабылдағышпен резеңке дәрет ыдысын беру .Төсектік тәртіптегі ер адамға төсегіне шыны зәр қабылдағыш қояды, ол әрдайым аяқ арасында болады. Әйел адамдарға резеңке дәрет ыдысы беріледі (ер адамдарғада қолдануға болады ). Резеңке дәрет ыдыс ойылудың алдын — алудағы шеңбер ретінде қолданылуы мүмкін. Резеңке дәрет ыдысының шеттерін алдын — ала шүберекпен орау қажет (резеңке беткейі терімен жанаспас үшін ). Егер зәрді ұстай алмайтын науқас төсек тартып жатпаса ол қозғалысқа бөгет болмайтын бөксеге белбеуімен бекітілетін арнайы арнайы зәр қабылдағыш қолданылады. Мейірбике зәр қабылдағыш пен дәрет ыдысының толуын қадағалап, уақытымен босатып отыруы қажет.

  1. Зәр қабылдағышпен дәрет ыдысының дезинфекциясы . Зәр қабылдағышты қолданған соң ішіндегі зәрді төгіп, оны сумен шаяды. Зәрдің иісін жою үшін зәр қабылдағышты 1 рет калий марганец қышқылын немесе тұз қышқылының әлсіз ерітінділерімен шаяды.

  2. Төсекті дайындау. Төсек тартып жатқан және зәрді ұстай алмайтын науқастардың төсегінде ақ жайманың астында клеенка жатады, ол өз алдына матрасты ластанудан сақтайды. Мүмкіндік болса, арнайы матрас қолданылады, оның ортасында ыдысқа арналған арнайы тесік бар.

  3. Терінің күтімі: науқастардың шат арасын жуу. Тері зәрдің үнемі әсерінен тітіркенеді, қабынады. Сондықтан тәулігіне 6 реттен кем емес науқасты жуындырып отыру керек. Шат арасын жуғаннан соң, теріге вазелин немесе вазелин майын, Лассар пастасын жағады. Жуу үшін марганец не фурациллин 30-35 º С –қа дейін жылытылған әлсіз еретіндісін қолданады.

  4. Ойылудың алдын — алу. Зәрді ұстамайтын науқастарға мейірбике ойылудың алдын – алу шараларын толық көлемде жүргізуге тиісті.

  5. Киімін ауыстыру . Төсекпен киімді ластануына қарай



  6. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет