27. Саясаттану заңдары, категориялары (ұғымдары) және әдістері, қызметтері Саясаттану ғылым ретiнде өзiнiн ұғымдык ақпаратын жасақтайды. Онын өзiндiк пән екендігін, өзіндік зерттеу нысанасы ғана емес, соны мен бiрге зерттеу аясының өзіндік ерекшелiгiн бейнелейтiн ұғымдардың, категориялардың, зандар мен тану әдiстерiнiң жүйесi де құрайды. Әрбiр саясаттанымдық ұғымның сапасы мұны растайтын, не болмаса терiске шығара алатын тәжiрибемен тексерiлетiндiгiн айта кету керек. .Қазiргi кезде әртүрлі саясаттанушылар мен саясаттану мектептері қолдана алатын ұғымдардың тужырымдалған жүйесiн ұсыну күрделі күйінде қалып отыр. Әйтсе де қазiрдің өзiнде-ақ саяси өмірді бiршама тиянақты және объективтi түрде талдап, бағалауға мүмкіндік беретiн кейбір ортақ ұғымдар орнықты.Саясаттанудағы мұндай ортақ ұғымдардың қатарына ең алдымен саясат» және саяси» деген ен басты категориялар жатады. Магынасы неғұрлым кен де жалпылама саясат категориясын талдауға көшпей тұрып, әуелі -саяси» деген атауды қалай түсінуге болатынын қарастырып көрелік. -Саяси» дегенiмiз – бул индивидтердiн немесе бiрлестiктердiн (тап тардын, партиялардын, ұлттардың, мемлекеттiн, әлеуметтік топтардың) өздерінің бiрге жүргiзген саяси кызметi процесiндегi қоғамдық қатынастарының белгiлi қасиеттері мен ерекшеліктерінін тұтасқан жиынтығы. Саясилықтың мазмұндылық нышандары – саяси бостандық, саяси құқық. Демократия, жариялылық ұғымдары болып саналады. Бұл арадағы «саяси» ұғымы белгілі бір құбылыстар мен процестердің саясат саласына жататындығын айғақтайды.«Саясат» категориясы саяси қатынастар, саяси өмiр, саяси сана деген ұғымдар аясында нактылана түседі. Саяси қатынастар мен қызметтердің тоғысатын жерi саяси жүйенi құрайтын мемлекет және басқа да саяси институттар болып табылады. «Саяси жүйе» ұғымы «азаматтық қоғам ұғыммен өзара қатысты әрi байланыста болады да, саяси институт, саяси партия, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар, бюрократия, саяси тәртіп, басқарушы элита, диктатура және т.б. сияқты өзiне бағынышты ұғым дармен анықталады.. Осыған орай айта кетелік, саяси жүйелердiң олардың қимыл әрекетi мен диалектикалық даму барысында карау саяси процесс ұғымында және оны бiлдiретiн саяси жүйенiн кызмет жасауында, саяси реформа, саяси революция, саяси қақтығыс және дағдарыс т.б. оның құрамды бөлiктерi мен аспектiлерiнде көрiнiс табады.Ұғымдардың бұл шоғыры – саяси қызметті де, саяси қарым-қатынасты да, ягни, саясаттын субъектiсi мен объектiсiн де, саяси қажеттiлiктер мен мүдделерді де, саяси басшылық тың түрлерi мен тәсiлдерiн де, саяси стратегия мен тактика, саяси мiнез-құлық, саяси көсемдiк және т.б. саяси қызмет пен қарым қатынастарды да сипаттайды.Саясаттанудығ ұғымдық категориялық ақпаратын баяндау да «саяси мәдениет» категориясын, ягни саяси өмірдің сапалық жағын сипаттайтын ұғымдар жүйесiн атап өтпесек, онда ол тiптi де толық болмас едi. Бұлар – саяси сана, саяси құндылықтар, принциптер, дәстүрлер мен нормалар, көзкарастар, саяси әлеуметтендiрiлу, саяси белсенділік, саяси шеттетілу, конформизм және сондай-ак, белгiлi бiр саяси мәдениеттер мен олардын әрқилы түрлерінің елеулi жақтарын көрсететiн басқа да ұғымдардың шоғырлары.Ғылым ретіндегі саясаттанудың өзіне тән объективтiк заңдары бар. Саясаттанудың заңдары тиiстi категориялармен белгiленедi де, қатынастар субьектілері арасындағы, сондай-ак билiктiк қатынастар мен қызметтiн әр түрлі саласы мен түрлерi арасындағы саяси қатынастар жүйесi үшiн объективті қажеттi әрi ортақ байланыстар түрлерін білдіреді.Кiрiспе сөз такырыбының шеңберiнде саясаттануда оқытылатын обьективтiк заңдардың екi тобын көрсетумен шектелейiк. Олардын бiрiн шiсi – саяси жүйелердiң кез келген түрлерi үшiн ортақ зандар да, ал екін шiсi – жүйелердiн белгiлi түрлеріне ғана тән арнайы заңдар. Ортақ, заң дардың iшiнде саяси билік түрiнiн әлеуметтік-таптық қатынастар сипатына тәуелдiлерi де, саяси және экономикалық өзара тығыз байланыстылары да бар. Арнайы заңдардан саяси жүйелердегі биліктер Бiрлiгi мен бөлiнiсi, саяси ббиліктің заңдылығын тану сияқты елеулі түрдегі қажетті байланыстардын қалыптары көрініс табады. Саясаттану заңдары жөнiнде нақты және терен түсінуге саяси билiктiн дамуы мен пайдаланылуынын неғұрлым мәндi және тұрақты тенденция ларын сипаттайтын саясаттану заңдылықтарының жүйесін талдау көп көмектеседі. Оларды салаларына қарай негiзiнен үш топка бөлуге болады.Бiрiншi топ қоғамның экономикалык базисі мен саяси билiгi арасындағы арақатынасты көрсететін саяси-экономикалык заңдылықтарды қамтиды. Екiншi топ билiктiн тұрақтылығын нығайтатын өзiнiн iшкi қисын, құрылымы бар ерекше әлеуметтік жүйе ретіндегі билiктің дамуын сипаттайтын саяси-әлеуметтiк заңдылықтарды қамтиды.Үшiншi топқа саяси-психологиялық заңдылықтары жатады. Бұлар жеке тұлға лар мен билiк арасындағы өзара қарым-қатынастарды көрсетеді. Бұл қатынастар арасындағы маныздысы саяси жетекшiнiн билiкке қол жеткзуі мен оны ұстап тұруы болып табылады. Саясаттанудың заңдарымен, категорияларымен бірге, барлық зандылыктарынын жиынтығы саяси ғылымының iргетасы мен негiзгi қаңқасын құрайды, ал бұлар саяси ғылымның бүкiл кұрылысын ұстап тұр және сонымен қатар, саяси құбы лыстар мен процестердi ттанудың, олардың мәні мен ерекшелiгiн білудің Түйінді тораптардың жүйесi ретiнде көрiнедi. Осыған байланысты, саяси құбылыстар мен процестерді зерттеуде саясаттану танымнын әр түрлі әдістерін пайдаланатындығын да байқаймыз.Саясаттануда танымдық тұрғыда өте бағалы болып саналатын жүйелік тәсілдің орны айырыкша. Жүйелік әдіс қоғамның саяси саласын өзара бiр-бiрiмен және сыртқы ортамен қатыастарындағы әрі байланыс тарында ғы элементтер жиынтығынан тұратын белгiлi бiр тұтастық ретiнде қарайды. Жүйелік әәдiстің шынайы даралығы зерттеу нысанын тұтастай қабылдаумен және тұтастық шеңберіндегі жекелеген нышандар арасын дағы байланыстарды жан-жақты тандаулармен танылады.Саясаттануда салыстырмалы немесе бiрiктiрмелі (компоративті) әдіс кең таралған. Кезiнде оны Платон мен Аристотель де пайдаланган. Бұл әдіс ұқсастық белгiлерi бар саяси нысандардың екi және одан да көбiрегiн өзара салыстырудан турады. , бiрдей тектес турдегi, ягни уксастык белгiлерi бар саяси кубы лыстарды булай салыстыру саяси уйымнын негурлым тиімді түрлерін, я болмаса мiндеттерді шешудiн ен дурыс үйлесімді жолдарын багыттауга мумкіндік береді. Сондыктан да салыстырмалы әдісті колдану, әсіресе, батыл саяси реформалар мен демократиялык багыттагы баска елдер мен халыктардын тәжірибесiн пайдалану негiзiнде еркениеттi мемлекет куруга бет бурган казiргi Казакстан жағдайындағы саясаттану ушiн ерекше көкейтесті мәселе.Шамасы, кез келген тарихи баян қалай болғанда да казiргi заманнын мудделерiне бағытталған деп есептейтiн ғалымдардын пiкiрлерi дурыс сиякты. Демек, тарихи тәжiрибе казiргi кезен мен болашакка арналган саяси бағдарлауға деген талап-тілектiн өзектiлiгiн танытады.Сонымен, М. Вебер әдiл атап көрсеткеніндей, өткеннiн тәжiрибесiн болашаққа қалай болса солай көшіру – тарихи көзсiздiк, ал өткеннiн тәжiрибесiнсiз келешекке мөлшермен қарау да шындық қа толық сәйкес келмейдi.Саясаттану мен басқа да қоғамдық ғылымдарда көптен бері тарихи әдiс қолданылып келедi. Мұның өзі саяси өмірді, саяси құбылыстар өзгерiстерiн, уақыт дамуына орай өткен мен бүгiннiн, бүгiнгi мен келешектiн араларындағы байланыстарды ашып көрсету желiсiнде зерттеуді көздейді.