29. «Болашаққа бағдар: рухани жаңарту» Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы ұлттық рухани өсіп-өркендеуіміз бен кемелденуіміздің бағдарламасы ретінде қабылданып, халқымыздың қолдауына ие болып отыр. Аталған мақаласында Мемлекет басшысы ұлттық бірегейлігі мығым біртұтас ел болу үшін болашаққа қадам басудың таяу жылдардағы міндеттері мен сындарлы басымдықтарын белгілеп берді.Бұл еңбектің негізгі идеясы – халқымыздың төл мәдениетінен, рухани қазынасынан нәр алған Қазақ елінің рухани тұғырын негіздеу. Бүгінгі таңда қоғамдық ой-сананың негізгі өзегіне айналып отырған мақаладағы бәсекеге қабілеттілік, прагматизм, ұлттық бірегейлікті сақтау, білімнің салтанат құруы, Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы сияқты тақырыпшаларымен берілген Елбасы жазбалары терең толғамдарымен ерекшеленеді. Бұл мақалада сананы жаңғырту, ұлттық болмыстан, ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен үйлестіріп, Қазақстанның игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Онда ел Президенті Қазақстан үшін қайта түлеудің айырықша маңызды екі үдерісі – саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға ала отырып, Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынын және бұқаралық сананы қалай өзгертетіні жөнінде «Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодыңды сақтай білу…. Жаңғыру атаулы бұрынғыдай тарихи тәжірибемен ұлттық дәстүрлерге шекеден қарамауы тиіс. Керісінше, заман сынынан сүрінбей өткен озық дәстүрлерді табысты жаңғырудың маңызды алғышарттарына айналдыра білу қажет. Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды. Сонымен бірге, рухани жаңғыру ұлттық сананың түрлі плюстерін қиыннан қиыстырып, жарастыра алатын құдіретімен маңызды», - деп жаңғырудың негізгі қызметі мен ерекшеліктеріне ой жүгіртіп, маңыздылығына тоқталды. Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Болашақ ұрпақты эстетикалық тұрғыдан тәрбиелеу» бағдарын түзді. «Балаға берілетін бірінші тәрбие ата-анасын, туған-туысын, жолдасын сыйлаудан басталады. Себебі, ата-анасын сыйламаған бала жолдасына да, қоғамға да пайда келтіре алмайды». Бұл – ұлт ұстазы Ыбырай Алтынсариннен қалған тағылым. Шындығына келгенде, бүгінгі мектеп партасында отырған оқушы – егемен еліміздің ертеңгі болашағы. Жас ұрпақтың тәрбиесі – қоғам алдындағРы ортақ іс. Әрбір ата-ана өз перзетінің әдепті, саналы, иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды. Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы – тұған ұясы, өз отының басындағы тәрбиесі, тілі. Қазақтың: «Баланың бас ұстазы – ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» – дегендей, есі кіріп, тілі шыға бастасымен-ақ баланы байсалды, ұғымпаз, тілалғыш етіп баулыған жөн. Ата-ана тәрбие беруде ата-бабамыздың салт-санасы, әдет-ғұрпында жүргізілген үлгі-өнегесінің мәнісі зор. Отбасы тәрбиесінде әкенің де, ананың да орны бөлек. Әке мен ана баланы бірге тәрбиелейді. Ана – бала тәрбиесіндегі ерекше тұлға. Дана Абай бабамыз қазақ әйелінің, ананың отбасындағы орнын ерекше жырлайды. Жалпы, «адам бойындағы барлық қасиеттер ананың ақ сүтімен жаралған» – деген ғұламалық ойды тарата келе, осы қасиеттің міндетті түрде тәрбиеленуі туралы айтады. Әрине, бала тәрбиесіндегі әкенің орны бөлек, әсірессе, ер бала тәрбиесінде. Әкенің қатаң талабын, тәрбиесін көрген бала ертең қоғамда да өз отбасында да шешуші тұлға бола алады. Әке қашанда баланы сөзбен емес, өзінің ісімен тәрбиелейді. Елбасы Жолдауында «Әкелер мен аналардың, аталар мен әжелердің өз балалары мен немерелеріне сонау алыс болашақта, олар біздің жасымызға жеткен кезде қандай күйде көргіміз келеді…» деп, ұрпақ тағдыры айтылады. Қазақстанның киелі жерлер қатарына Батыс Қазақстан Облысынан 7 киелі нысан енгізілді: Жайық қалашығы, Бөкей Ордасы тарихи – музей кешені, Тақсай обалар кешені, Жұмағазы Хазірет қорымы, Күйші Дәулеткерей кесенесі, Күнбатыс Алашорда астанасы Жымпиты, Ғұмар Қараш жерленген жер. Мақсатымыз елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша жас ұрпақ бойына Отанына деген сүйіспеншілігін арттыра отырып, азаматтыққа және патриоттыққа тәрбиелеу, рухани-мәдени мұраларды сақтауда және танып білуде оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында тарихи жорыққа шығып танысып қайттық. 1967 жылы облыстық тарихи- өлкетану мұражайына Теректі ауданы «Долинский» совхозының тракторисі жер жырту кезінде табылған бірқатар заттарды тапсырды. Бұлар, кей жерлері алтынмен қапталған тұстары сақталған күміс түтік, алтын жүзік, алтынмен қапталған күміс гривна тағы басқары. Осы табылған артефакттарды зерттеу барысында ахеминедтік Иран шеберлерінің жасаған бұйымдары екендігі анықталды. Арада 37 жыл өткеннен кейін ғана қазба жұмыстары жүргізіледі. Батыс Қазақстан облыстық тарих және археология орталығы 2012 жылы қазба жұмыстарын жүргізген кезде бұл жерден бес бірдей қорған (оба) табылған болатын. Тақсай оба кешенінен табылған жәдігерлер басты ғылыми және тарихи – мәдени маңызға ие болды. № 6 обада жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесінде алынған материалдар ежелгі көшпенділердің тарихы мен мәдениеті жөнінде мағлұматтар алуға мүмкіндік берері сөзсіз. Скифтер мен сақтар жөнінде ежелгі және ахеменид көне жазбаларынан белгілі. Ал Батыс Қазақстанды мекендеген ежелгі көшпенділер туралы материалдар, тіпті жоқтың қасы. Сондықтан бұл жаңалықтың құндылығы өте жоғары. Осыған байланысты алынған барлық материалдар ұлттық тарихымыздың өткенін зерделеп, қайта қалпына келтіруде үлкен маңызға ие болмақ. Ауданымыздан табылған теңдесі жоқ тарихи жәдігерге арнап, Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жергілікті меценаттардың қолдауымен «Тақсай ханшайы» кесенесі ашылды.Ұлттық рух бар жерде рухани жаңару күш алады. Бұл жөнінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Рухы биік болмай, мықты тәуелсіз ел болмайды. Рухы биік елді ешкім жеңе алмайды. Рух деген – елдің тарихы, елдің тілі, елдің дәстүрі» дей келе, «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің аса маңызды шарты – бұл әлемдік бәсекелестік үдерісінде табысқа жетуге мүмкіндік беретін күшті рух пен білім, яғни қазақстандық патриотизмді қалыптастыру», - деп атап көрсеткен болатын. Болашаққа мирас болып қалатын дүние, ол – мемлекеттің тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар. Яғни, тәуелсіздігімізді нығайту үшін қоғамда болашаққа деген сенім, рухтың күштілігі аса қажет. Рухани тұғыры берік, санасы ояу, білімі терең, мәдениеті озық елдің болашағы да баянды болмақ дегіміз келеді.