1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Қазақстан Республикасның сайлау құқығының түсінігі, қағидалары және ерекшеліктері



бет11/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
6. Қазақстан Республикасның сайлау құқығының түсінігі, қағидалары және ерекшеліктері. Сайлау жүйесі дегенде мемлекеттің және жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің құрылу тәртібін түсінеміз. Сайлау жүйесі – заңмен белгіленген ережелер, принциптер жиынтығы, олардың көмегі арқылы дауыс беру нәтижелері анықталады.
Сайлаулар азаматтардың мемлекеттік билік органдары және жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құруға тікелей қатысуын қамтамасыз ете отырып, тікелей және өз өкілдері арқылы мемлекет ісін басқаруға қатысу құқығын жүзеге асыруға ықпал етеді.
Сайлау құқығы екіге бөлінеді: белсенді және бәсең.
Белсенді сайлау құқығы деп – Республиканың 18 жасқа толған азаматтарының тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарамастан, сайлауда дауыс беруге қатысу құқығын айтамыз.
Бәсең сайлау құқығы деп – Қазақстан Республикасы азаматтарының Қазақстан Республикасы Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихатының депутаттары немесе өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығын айтамыз. Бәсеңдіктің мәні мынада, ол сайламайды, оны сайлайды.
Қазақстан Республикасындағы сайлауға әзірлік пен оны өткізуді мемлекеттік сайлау органдары ұйымдастырады. Бұл органдар бірыңғай жүйе құрады. Мемлекеттік органдардың бірыңғай жүйесіне:
1) Республикалық Орталық сайлау комиссиясы;
2) аумақтық сайлау комиссиясы;
3) округтік сайлау комиссиялары;
4) учаскелік сайлау комиссиялары кіреді.
Дүние жүзінде сайлау жүйесінің тепе-теңдік және мажоритарлық деген екі түрі қалыптасқан. Тепе-теңдік сайлау жүйесі алған дауыстар мен жеңіп алынған мандаттар арасындағы тепе-теңдік қағидасына құрылған. Тепе-теңдік сайлау жүйесінің жұмыс жасауы үшін үлкен аумақтық сайлау округтерін құру қажет, сонымен қатар, кемінде қалыптасқан ірі екі партияның болуы қажет. Мажоритарлық сайлау жүйесінде сайлауға түскен жақтардың дауыс санының басымдығына артықшылық беріледі. Мажоритарлық сайлау жүйесінің абсолюттік көпшілік және біршама көпшілік деген екі жүйесі бар. Мажоритарлық сайлау жүйесі бойынша сайлауға белсенді сайлаушылардың елу пайызынан астамы қатысуы шарт, егер кандидаттың біріне сайлауға қатысқан сайлаушылардың елу пайызынан астамы дауыс берсе, ол сайланған болып есептеледі. Қазақстанда абсолютті көпшілік мажоритарлық сайлау жүйесі қалыптасқан. Сонымен қатар, Қазақстан азаматтары Президентті, мәжіліс депутаттарын, мәслихат депутаттарын тікелей сайлауға қатысу арқылы сайласа, сенат депутаттарын жанама сайлау негізінде сайлай алады.
3. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары және сот


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет