4. Мемлекеттік басқару механизмінің түсінігі, мазмұны, құрылымы. Мемлекеттік басқару тетігі - мемлекеттік басқару аумағында болатын қатынастарға құқықтық әсер етудің құқықтық құралдар жүйесі.
Мемлекеттік басқару тетігі мынадай элементтерден тұрады:
1) Қазақстан Республикасының және басқа да заңдарда белгіленген құқық нормалары және қағидалары;
2) құқықтық қатынастар;
3) өкілетті органдардың шығарған құқық нормаларын түсіндіру актілері;
4) құқық нормаларын қолдану актілері.
Құқықтық нормалар дегеніміз - мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың лауазымды тұлғалар мен барлық азаматтардың орындауы міндетті мемлекет белгілеген мінез - құлық ережелері, яғни заңды ресмилендірілген, жалпыға міндетті қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің атынан баянды етілген нормативтік нұсқаулар.
Құқықтық қатынастар - құқықтық нормалармен реттелген, құқыққа байланысты, құқық негізіндегі қатынастар.
Құқық нормаларын түсіндіру – бұл мемлекеттің, лауазымды тұлғалардың, қоғамдық ұйымдардың, жекелеген азаматтардың құқық нормаларының мазмұнын түсіндіруге, оларда көрініс тапқан билік басында тұрған әлеуметтік күштердің еркін ашуға бағытталған қызметі.
Құқық нормасын қолдану – калпындағы барлық операциялардың нақтылы белгіленген құқықтық және субъективтік кездердің жиынтығы, құқықты қолданудың қатаң жағдайындағы процесте өтеді – мазмұнды және логикалық уақытта және кеңістіктегі өкілетті мемлекеттік және мемлекеттік емес органдардың және олардың лауазымды адамдарының заңды істі шешуі, ол құқықты қолдану актісін шығарумен шектеледі.
Заңды маңызы бар айғақтар - нақтылы өмірлік мән-жайлар. Заңды маңызы бар айғақтар мен құқық нормалары құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқтатылуын байланыстырады. Кейде бұл айғақтың құқықтық нәтижесі болады, ал кейде бірнеше айғақтардың жиынтығы құқықтық қатынастар тудырады, оны өзгертеді немесе жояды. Мысалы, зейнеттік қатынастар пайда болуы үшін үш айғақ қажет: жас, еңбек өтілі және зейнетақы тағайындау туралы акт. Айғақтардың бұндай жиынтығын айғақтық құрам деп атайды.
Заңды маңызы бар айғақтарды бірнеше негіздер бойынша жіктеуге болады. Нәтижесінің сипатына қарай олар мынадай топтарға бөлінеді:
- құқық құратын (еңбек шартын жасауға байланысты жалдаушы мен жалданушының құқықтары мен міндеттері пайда болады)
- құқық өзгертетін (үй айырбастау нәтижесінде құқықтық қатынастың объектісі өзгереді, соған сәйкес құқықтар мен міндеттері де өзгереді) .