1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»


Білім сапасы менеджментіне қатысты ұғымдарды атаңыз, сипаттаңыз



бет10/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54
13. Білім сапасы менеджментіне қатысты ұғымдарды атаңыз, сипаттаңыз
Білім беру сапасы – қоғамдағы білім беру үрдісінің жағдайын, нәтижесін, сондай – ақ жеке тұлғаның кәсіптілігінің қалыптасуын және даму болашағының қажеттілігін анықтайтын әлеуметтік категория. Білім беру сапасы білім беру ұйымдарындағы жастарды оқыту мен тәрбиелеу қызметтерінің әр түрлі көрсеткіштерінің жиынтығын, яғни білім беру мазмұнын, оқыту формасы мен әдістерін, материалдық -техникалық базалары, т.б. бойынша анықталады .
Басқарудағы сапа менеджмент жүйесі арқылы білім мен тәрбие беру үрдісінің сапасын тиімді қалыптастыруға, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін инновациялық орта жасауға, әлеуметтік – серіктестікті дамытуға, педагогикалық ұжымды шығармашылық ұжым етіп біріктіруге оқу орнының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.
Білім беру сапасының құрылымы:
1. Мақсаттар мен нормаларының сапасы, қоғам жəне білім беру қызметтері тұтынушыларының (білім алушылардың, олардың ата-аналарының жəне басқалардың) сұраныстарына сəйкес келу
2. Жағдайлардың, материалдықтехникалық базаның, білім беру бағдарламаларының, əдістемелік жəне ақпараттық қамтамасыз етудің жəне басқалардың сапасы
3. Оқу-тəрбие үдерісінің сапасы
4. Педагогтің кəсіби жетілу үдерісінің сапасы
5. Соңғы нəтиженің сапасы (білім беру үдерісінің барлық субъектілерінің: оқушылардың да, педагогтардың да)

14. Білім сапасы менеджменті жүйесі мәселесі зерттеуге қажет әдіснамалық тұғырларға сипаттама беріңіз
Әдіснамалық тұғырлар дегеніміз – қайсыбір педагогикалық мәселені зерттеудегі қолданылатын ұстанымдар, әдістер, тәсілдер жиынтығы.
Педагогикалық менеджмент жүйесі бас-қару мен бақылаудың, дамытудың инновациялық үрдісі.Оның негізгі бағыттары өндірісті әлеуметтік,саяси және рухани процестерді басқарудың жалпы ұстанымдарын, әдістерін белгілейді.
Басқарудағы сапа менеджмент жүйесі арқылы білім мен тәрбие беру үрдісінің сапасын тиімді қалыптастыруға,бәсекеге қабілетті мамандар даярлау үшін инновациялық орта жасауға, әлеуметтік – серіктестікті дамытуға, педагогикалық ұжымды шығармашылық ұжым етіп біріктіруге оқу орнының тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Білім беру қызметінде сапаның қалыптасуы мейілінше күрделі бір тақырып. Бұл күрделілік білім берудің жəне қызмет көрсету саласының ерекшеліктеріне (нақтылы өнімдерге ұқсамауы, абстрактілі, қолға ұстала алмайтын, өзгермелі, сақтала алмайтын жəне т.б. болуы) байланысты болып отыр. Қазіргі таңда əрбір деңгейдегі білім беру ұйымдары қызмет көрсету сапасын жоғарылату үшін жиынтық сапа менеджметін бір жүйе ретінде қолдануы жəне бұл қағидаларды негізге ала отырып, тиімді жəне табысты жүйелер құруы керек [16]. Сол себепті білім беру басшылары сапалы білім беру басшылығы үшін білім беру қызметінің барлық жақтарының бірге қолға алынуына орай Жиынтық сапа менеджметі (Total Quality Management) ұғымының керектігін пайымдауы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет