10. Педагогикалық ұжым басқару нысаны ретінде баяндаңыз
Біріншіден, педагогикалық ұжымда мәселені кең көлемде, яғни кім оқытады және тәрбиелейді, сонымен қатар, кімді оқытады және тәрбиелейді, осының нәтижесінде оқытушы және тәрбиелеуші ұжымы қалыптасады. Мектептегі оқыту және тәрбилеуші ұжымы түрлі қоғамдық жұмыстарға, ұйымдарға барлығы дерлік қатысады. Оның негізінде оқушылардың жекелік қасиеттерінің қалыптасуына әсер етеді.
Екіншіден педагогикалық ұжымның негізгі пән мұғалімдері құрайды. Өзара қарым – қатынаста шектелген көлемде сынып оқушыларымен оқу жоспары бойынша тапсырмаларды орындауда, егер де өзара қарым – қатынас ұйымдасқан түрде болмаса, сәттілік пен сәтсіздік осы екеуінің біреуі өзгелердің сәтті немесе сәтсіз жағдайы болмайды.
Үшіншіден, педагогикалық ұжымның іс – әрекет эффектісі оқыту деңгейі бойынша анықталады. Жоғарғы сынып оқушыларымен жұмыс жасағанда нәтижеге жетуде мақсатқа байланысты және кіші сынып оқушыларының жұмысшының нәтижесіне де байланысты болады.
Педагогикалық ұжым білім беру сапасын басқарудың объектісі ретінде. Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде қазіргі педагогикалық ұжым туралы ұғымдар орыс педагогтары Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Н.И.Пирогов еңбектеріндегі оқыту мен тәрбиенің өзара байланысы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға ұмтылуы сияқты идеялардың ықпалымен қалыптасты.
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік және кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты, әрі ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық және кәсіптік сипаттар тән. Кез-келген ұжым сияқты мектептің педагогикалық ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады. Педагогикалық ұжымның басты ерекшелігі кәсіптік қызметіне байланысты, яғни оның жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу. Педагогикалық ұжымның кәсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің педагогикалық мәдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен, ұжымдық және дербес жауапкершілікті сезінуімен, ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейімен анықталады. Өзінің мәні жағынан педагогикалық, тәрбиелік болып табылатын оқу орындарының ұжымы оқушыларға үлкендердің ұжымы, олардың өзара қатынасы, бірлесе әрекет етуі туралы алғашқы түсініктерді қалыптастырады. Бұл жағдай педагогикалық ұжымды өзін-өзі ұйымдастыруға, үнемі өздігінен жетілуге ынталандырады. Мұғалімдер ұжымының педагогикалық қызметі оқушылар ұжымымен өзара тығыз әрекеттестікте дамиды.Сондықтан педагогикалық міндетті шешу оқушылар ұжымының тәрбиелік мүмкіндігі қай деңгейде, қаншалықты іске асырылуына тікелей тәуелді болып келеді. Басқару ілімінің категориясы ретінде педагогикалық ұжым – басқарушы, ал оқушылар ұжымы – басқарылушы болады.
Достарыңызбен бөлісу: |