1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»


Білім беру мекемелерін басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдістеріне талдау жасаңыз, мысалдар келтіріңіз



бет6/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54
Байланысты:
Менедж. сессия 1-90 (копия)

7. Білім беру мекемелерін басқарудың әлеуметтік – психологиялық әдістеріне талдау жасаңыз, мысалдар келтіріңіз
Басқарудың әлеуметтік-психологиялық әдістері ұжымды қалыптастыру әрі дамыту процесіне, олардың өз араларындағы әлеуметтік процестерге ықпал етудің нақты амалдары мен тәсілдерінбілдіреді.
Бұл әдістердің мақсаты – адамдардың өсе түскен, яғни өскелең әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыру, олардың жан-жақты үйлесімді дамуын қамтамасыз ету және осылардың негізінде жеке тұлғаның еңбекке деген құлшынысын, ұжымдардың тиімді еңбек етуін арттыру.
Басқару әдістері ең алдымен ықпал етудің бағытын анықтайтын өзінің уәждемелік (мотивационной – себеп тудыратын) сипаттамасымен ерекшеленеді. Бұл сипаттама адамдардың мінез-құлқын анықтайтын және тиісті әдіс топтарына бағдарланған уәждемелерді (мотивы – себепкерлер) көрсетіп береді.Әлеуметтік-психологиялық әдістері рухани мүддеге (қажеттілікке) ықпал етудің мүмкіндіктерін пайдаланады. Әлеуметтік уәждеме (мотивация) саяси, моральдық, ұлттық, отбасылық және басқа да әлеуметтік мүдделердің бағдарын қарастырады.
Ұжымның әлеуметтік сипаттамасы мен өндірістің экономикалық және ұйымдастырушылық көрсеткіштері арасында тығыз байланыс болады. Әлеуметтік мәселелерді шешіп алмайынша еібекке деген дұрыс қатынасқа (көзқарасқа) өндірісті тиімді дамытуға қол жеткізу мүмкін емес.
Әлеуметтік басқарудың негізгі категориялары : ұйым, басқару субъекттісі мен объектісі
Басқару психологиясының мақсаты тиімділікті арттыру және өмір сүру сапасының ұйымдастырушылық жүйелерінің жолдарын әзірлеу.
Басқару психологиясының мазмұны адамзат қызметінің, топтар мен ұйымдардың психологиялық аспектілерін әзірлеу.
8. Педагогикалық маркетингтің функциялары
Білім беру қызметтерін қалыптастыру мен жоғары оқу орындарының жұмыс істеуінің нарықтық жағдайлары жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа ұйымдастырушылық-экономикалық механизмдерін жасауды талап етеді. Нарықтық экономика жағдайларында жоғары оқу орындарын басқаруда маркетингтік тұрғыдан қараушылық басым болу керек. Неғұрлым тиімдісі ретінде жоғарғы оқу орындарын басқаруда басым орын алуы тиіс басқарудың маркетингтік тұжырымдамасы бой көрсетеді. Əр түрлі факторларға байланысты əрбір жоғары оқу орны маркетингтік басқарудың өз тұжырымдамасын таңдауға құқылы. Білім беру саласында маркетингтің əлеуетін іске асырудың қажеттілігі мен болашағы дəйектелді. Дəл осы өтпелі кезеңде, білім беруді, мемлекет қолдауының жеткіліксіздігі жағдайында, маркетинг барлық меншік формаларындағы білім беру мекемелерінің өмір сүруі мен дамуының шынайы құралы ретінде маркетинг қажет. Тек ол ғана стихиялы қалыптасу үстіндегі білім беру қызметі (БҚ) нарығын өркениетті, оларды ұсыну сұранысқа сайма-сай етуге жəне оның келешегіне көмектеседі, ал білім беру мекемелеріне даму тұрақтылығына кепілдік береді. Оқу орындарында маркетингті басқару келесі рəсімдерді қамтуы керек:
1.Оқу мекемелерінің нарықтық мүмкіндіктерін сараптау (білім беру қызметі нарығын маркетингтік зерттеу; оқу мекемесі қызмет ететін маркетингтік орта; білім беру қызметінің жеке тұтынушылар нарығы; білім беру қызметінің кооперативті тұтынушылардың нарығы).
2.Аталған оқу мекемесінің мақсатты нарығын таңдау (білім беру қызметіне сұраныс көлемін анықтау; білім беру қызмет нарығын бөлшектеу; білім беру қызметі нарығында жайғастыру).
3.Оқу мекемелерінде маркетинг кешенін əзірлеу (маркетингті басқарудың ұйымдасқан құрылымын құру; білім беру қызметін əзірлеу; білім беру қызметінің бағасын анықтау; білім беру қызметін жылжыту үшін технологияны əзірлеу).
4.Маркетинг іс-шараларының тиімді орындалуын қамтамасыз ету (маркетингтік іс-шараларды жоспарлау; маркетингтік іс-шаралардың орындалуын қадағалау; маркетингтік қызметті жедел реттеу



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет