1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»


Кәсіби білім беру мекемелерін басқару жүйесінің сызбасын көрсетіңіз



бет26/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54
Байланысты:
Менедж. сессия 1-90 (копия)

37. Кәсіби білім беру мекемелерін басқару жүйесінің сызбасын көрсетіңіз.
Кәсіби педагогикалық іс-әрекет педагогикалық жүйелерді басқару мәнін, принциптерін, мазмұнын толық білуді қажет етеді. Кәсіптік оқыту үшін педагогикалық кадрларды даярлау. Мұғалім өз қызметіне, кәсібіне сәйкес жоғары деңгейдегі маман болып қана қоймай, сонымен қатар төмендегілерді қамтамасыз ету керек:
- білім беру үрдісінде тұлғалық бағдарын;
- білім беру процесіне интерактивті және қызметтік компоненттерді енгізудің практикалық бағытын;
- жоғары сынып оқушыларының кәсіби өзін-өзі анықтауын аяқтауды және кәсіптік білім беру саласына қатысты білімдерін жалғастыру үшін қажетті құзыреттер мен қабілеттерді қалыптастыруды.
Кәсіптік білім беру жағдайына көшуде мұғалімге деген жаңа талап педагогикалық кадрлардың біліктілігін және педагогикалық білім берудің модернизациясын жоғарылату мүмкіндігін көздейді.
Бұл міндетті жүзеге асыру үшін педагогикалық білімді ұйымдастыру үшін қазіргі ыңғайлар негізінде кәсіптік оқытуға арналған мамандарды даярлаудың мазмұны мен құрылымы модельдерін өңдеу қажет.
38. Конфликтілерді реттеу жолдарын мысалдармен ашып көрсетіңіз.
Конфликттің пайда болу ағымы және шешілу жолдары.
Конфликт ағымы туралы айтқанда, конфликт қатысушылыадан басқа мінездемелерден жеке сыртқы жағдайлармен анықталады. Ол сол ортада пайда болып, дамиды.
Конфликт процесінің шарттары:
• уақытша кеңістігі (кикілжіңнің шешілу мекені, уақыты, жағдайы)
• әлеуметтік – психологиялық (кикілжің топтың климаты және олардың өзара қатынасы, конфронтация деңгейі сонымен қатар крнфликт мүшелерінің қал - жағдайы).
• Әлеуметтік (түрлі әлеуметтік топтардың: жыныстық, отбасылық, кәсібилік, этникалық) және т.б. мүшелердің қатысы.
Конфликті жағдайдың көрінісі- бұл конфликт мүшелерінің қарама- қарсы жақ пен конфликт ортасына деген жеке өзіндік көзқарасы.
Конфликт мүшелерінің мүмкін іс- әрекеттері:
• мінез- құлықтың «с- әрекеті (шабуыл, қорғану, бейтараптық)
• іске асуының деңгейі (активті – пассивті, ынталылығы т. б.).
Конфликттің шығу мүмкіндігі:
• біреудің толық немесе жартылай бағынуы
• ымыраға келуі (компрамисс)
• конфликтті іс- әрекеттің үзілуі
• интеграция және т.б.
Конфликтті шешу мынандай жағдайда мүмкін:
• Конфликтінің объективті жағдайының өзгерісі
• Конфликтті жағдайдың үзіліп барып, жалғасын тап кезде
Конфликтінің «Томас торы» бойынша шектеу жолдары.
К. Томастың айтуы бойынша конфликтіні бақылау мен басқарудың 5 негізгі әдісі:
1. Жарысу (бәсекелестік);
2. Бейімделу;
3. Компромисс (ымыраға келу);
4. Қашу;
5. Одақтасу.
Аталғандардың әрқайсысын жеке қарастырайық.
Жарысу – жылдам шешім қабылдауды және өзндік жол таңдауды қажет етеді. Ол мынадай жағдайда пайдалы:
• конфликтіден кету өте қажет еткенде;
• өзіңіздің беделіңіз жоғары және билігіңіз болғанда
• өте қиын тұғырыққа тап болғанда;
• ешқандай амал- тәсіл болмағанда.
Бейімделу мынандай жағдайларда тиімді:
• біреуге жол бере тұра, өзіңіздің ештеңе жоғалтпайтыныңызды білгенде;
• қалыптасқан жағдайды жұмсарту керек кезде;
• шығатын қорытындының өзіңізден гөрі басқа тұлғаға қажеттігін түсінде;
• шындық сіздің жағыңызда болмағанда.
Компромисс – бұл өзіңіз бен екінші тұлғаның қажеттіліктері ескерілгенде болады.
• екі жақтыңда билігі тең және олардың белгілі бір мақсатқа жетудегі өзара ортақ шешім қабылдауы;
• уақытша немесе тез арада шешім шығаруда;
• басқа амалдар тиімсіз болғанда;
• өзара қатынасты сақтап қалу үшін ымыраға келу.
Қашу мынандай жағдайларда тиімді:
- қозғалған мәселенің сіз үшін маңызды емес кезінде;
• өзіңіздің кінәлі немесе кінәсіз екеніңізді түсінгенде;
• әлсіз әріптесіңізбен сөйлескенде;
• белгілі бір шешім тапқыңыз келіп тұрады, дегенмен таба алмаған жағдайда;
• қозғалған мәселе бойынша мәлімет жеткіліксіз болғанда.
Одақтасу немесе бірігу мынандай сәттерде тиімді:
• мәселенің шешілуінің екі жаққа да өте қажет болғанда;
• өзара өте тығыз қарым – қатынста болсаңыз;
• мәселені шешуге уақытыңыз болғанда;
• екі жақтың билігі болғанда.
Конфликт ол қарама –қарсы бағытталған қақтығыс, бір –бірімен сәйкес келмейтін тенденциялар, ой –пікірлер, жеке алған индивидтің саласындағы қатынастардың қақтығыстары болып табылады.
Этникалық конфликтілерді реттеу.
Әлемнің көптеген елдерінде этникалық конфликтілерді шешуге бағытталған қызмет көрсетулер бар. Мысалы, 50-жылдардан бастап АҚШ-та этникалық конфликтілерге талдау жасау қоғамдық қатынастар қызметі көлемінде ұйымдастырылған.
Әлеуметтік психологтардың жұмысына түрлі интенсивтілік және масштабтық деңгейіндегі конфликтілерді реттеудегі қолданылатын белгілі бір стратегиялардың тиімділігін анықтау мақсатымен тәртіпаралық конфликтологиялық қызметтер жатқызылуы керек. Әдетте макродеңгейдегі этникалық конфликтілерді шешудің үш негізгі стратегиясы бар:
1. Құқықтық механизмдерді келтіру;
2. Сөйлесулер;
3. Ақпараттық жол.
Бірінші стратегияға келсек, максимум-бағдарлама болып-реалдылықта жетуге қиынға соғатын-полиэтникалық мемлекеттердегі бүкіл заңды өзгерту болуы керек. Психологиялық көзқарас тұрғысынан топ арасындағы әлеуметтік баръерлерді бұзу өте маңызды болып табылады, бұл әдетте заңдардың, қоғамдық иниституттардың т.б. өзгерісіне әкеп соғады.
Конфликтологиялық қызметтегі психологтар қатысуының негізгі формасы – конфликт субъектілері мен сөйлесу кезіндегі делдалдықты ұйымдастыру.
Конфликтілерді шешудің ақпараттық жолы туралы айтқанда, жағдайды өзгертетін шарттарды мойындау арқылы топтар арасындағы өзара ақпарат алмасу ойға келеді. Психологтар қатты конфликтілер кезінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы берілетін ақпаратты беру тәсілдерін таңдауда қатысуы керек.
Психологиялық моментерді есепке алғанда, біріншіден, бұқаралық ақпарат құралында этноаралық конфликтілерді талқыламау керек деген тәсілдерден бас тарту қажет. Екіншіден, журналистер арасындағы конфликтілер әбден сенцациялы репортаж деңгейіне жеткенде ғана-ақ назарларын аударатының қате қөзқарас екендігін мойындау қажет. Конфликтіні хабарлау кезіндегі тәсіл сенсациялылыққа емес, ақпараттық мазмұнға бағдарлануы керек.
Бірақ журналистерді ақпаратты беру формаларына байланысты кеңес берулерден басқа психологтар конфликтіге түскен топтардың мүшелерінің психологиялық компетенттілігін көтеруге байланысты проектілерде қатысады. Әлеуметтік-психологиялық ақпарат этноаралық қатынастарға әсер ететін процестер, конфликтінің психологиялық тұрғыдан пайымдауы туралы түсінік қалыптастырады.
Мәдениеттер арасындағы және олардың өкілдерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы информация олардың арасындағы қатынастардың жақсаруына жол береді.
Этникалық конфликтілерді псхологиялық әдістермен толықтай шешу деген – утопия.
Тэшфэл мектебінің психологтары конфликтілерді шешудің негізгі стратегиясын топтар арасындағы айырмашылықтарды жоюда дейді. Бірақта өзімізге бұл мақсаттың, бріншіден мүмкіндіктері, екіншіден талаптануы жайлы сұрақ қойсақ. Екі жағдайда да да теріс жауапқа кезігетініміз мәлім. Этноаралық және мәдениетаралық гомогендік мүмкін емес.
Конфликтілерді реттеудің бірде-бір жолы идеалды болып табылмайды, себебі бірде-бір психологиялық механизм әлеуметтік мәселелерді шеше алмайды, алайда әлеуметтік жағдайды өзгертпей –ақ психологиялық тәсілдер адамзат агрессиясының қайта бағдарлануына мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет